Филология институты



Дата13.05.2023
өлшемі1,84 Mb.
#92819
Байланысты:
Хонарбай Альбина СӨЖ 3


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ


СӨЖ


Орындаған: Хонарбай Альбина
Тексерген: Молдабаева А.К

Алматы, 2023ж


Көру,есту,сөйлеу қабілеті бұзылған балалар.Зияты зақымдалған педагогикалық психологиялық зақымдалған балалардың этимологиясы мен потогенезі.

Жоспар
Кіріспе


Негізгі бөлім


Есту, көру, сөйлеу, зияты, тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалардың білім алудағы қиындықтары


Қорытынды


Мемлекетіміз қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетуде. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, коррекциялық - білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер басымды міндеттер қатарына қойылған.



Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі оларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең құқылы тіршілік ете алуларына жағдай жасау.
Қазіргі кезде қимыл-қозғалыс аппараты зақымдалған балаларға медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік реабилитация жасау, ауыр кемістіктің алдын алу мәселесі алға қойылған. Оларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеті әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға интеграциялау, яғни қоғамға пайдалы еңбекке араластыру.

Балалардың тірек-қимыл аппаратының бұзылуы дегеніміз – жас кезінен бастап прогрессивсіз топтарды біріктіретін, бірақ моторлық бұзылыстар синдромының ауысып тұруы және бас ми қыртысының дұрыс қалыптаспауы мен қайталанып бұзылуы болып табылады.
«Ресей ХІХ ғасырдың басында, қимыл қозғалысының бұзылысы бар балалар мен жасөспірімдерге көмек беру мәселесімен Г.И.Турнер айналысты. Ол зақымданған аяқ-қолдарға ортопедиялық коррекция жасауға талпынды. Оның басшылығымен шеберханасы ашылды, онда қимыл-қозғалысында бұзылуы бар балаларды кәсіп түрлеріне үйретті.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында Венгрияда тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың қимыл-қозғалыстарын түзетуге бағытталған реабилитациялық жұмыстар, яғни қимыл-қозғалыс бұзылуын жеңуге үйретуде, жетекші рөл атқаратын кондуктивті педагогика пайда болды».

Кеңес Одағында мұндай балаларды емдеу әдістерін жасауға айрықша үлес қосқан ғалым К.А.Семенова, оларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу жүйесін жасаған М.В.Ипполитова. Қазіргі кезде тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың клиникалық-психологиялық ерекшеліктері туралы, оқыту мен тәрбиелеу мәселесі туралы деректерден, үлкен көлемді материал жинақталған, сөйтіп, арнайы психологияның бұл саласы шетелдерде, біздің елімізде де жедел даму үстінде.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қиындықтары, олар:
Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс, өйткені дені сау бала, мүмкіндігі шектеулі балаларға қарағанда қоршаған ортаны 83% көру жүйесі арқылы, 11% есту арқылы, 3,5% мұрын арқылы, 1,5 сипап сезу арқылы, 1% дәм сезу ақылы танып біледі. Ал көру қабілеті бұзылған бала не істейді? Қоршаған ортаны қалай танып біледі? Осы орайда балаларға сол таным мен түйсікті сезінуге және үйретуге ықпал ететін фактор – оқытушылар. Мүмкіндігі шектеулі бала мектепке алғаш келген кезде қарапайым және түрлі ауыртпалық тудыратын қиыншылықтарға тап болады. Бұл қиындықтар қатарына өз-өзіне қызмет етуінің төмен, не мүлдем болмауы, гигиеналық тазалықты ұстана алмауы, ортаға тез бейімделмеуі сияқты мәселелерді жатқызуға болады. Сондықтан мектепке дейінгі кезеңде көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға арналған оқыту-кешендерінің болуы шарт. Сондай оқыту кешендері ұйымдастырылған жағдайда, мұндай топтағы балалар мектеп табалдырығын аттаған кезде білім алу оларға жеңіл, әрі тиімді болар еді. Қазіргі кезде қимыл-қозғалыс аппараты зақымдалған балаларға медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік реабилитация жасау, ауыр кемістіктің алдын алу мәселесі алға қойылған. Оларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеті әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға интеграциялау, яғни қоғамға пайдалы еңбекке араластыру.Балалардың тірек-қимыл аппаратының бұзылуы дегеніміз – жас кезінен бастап прогрессивсіз топтарды біріктіретін, бірақ моторлық бұзылыстар синдромының ауысып тұруы және бас ми қыртысының дұрыс қалыптаспауы мен қайталанып бұзылуы болып табылады.«Ресей ХІХ ғасырдың басында, қимыл қозғалысының бұзылысы бар балалар мен жасөспірімдерге көмек беру мәселесімен Г.И.Турнер айналысты. Ол зақымданған аяқ-қолдарға ортопедиялық коррекция жасауға талпынды. Оның басшылығымен шеберханасы ашылды, онда қимыл-қозғалысында бұзылуы бар балаларды кәсіп түрлеріне үйретті.

Зияты зақымдалған балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы жүйелік сипатта болады.Оларда сөйлеу әрекетінің операцияларының қалыптаспауы байқалады: талаптануының әлсіздігі байқалады, сөйлемдік қарым- қатынас қажеттілігінің төмендігі, сөздік әрекет бағдарламасының, өзінің сөйлемді бақылауының, сөздік бағдарламаны орындауының бұзылуы.Қоршаған орта жайындағы көріністің шектеулігі, шынайы қарым-қатынас әлсіздігі, қызығушылықтың жетілмеуі айтарлықтай қызмет көрсетеді, зияты зақымдалған балалардағы баяулатылған және ауытқу дамуымен байланысты.Зияты зақымдалған балалардағы сөйлеу тілінің бұзылуы өз көрністерінде, механизмінде әр- түрлі болады, тұрақтылығымен сипатталады, үлкен еңбекпен жойылады және оны талдау кезінде де қажет етеді.С.Я.Рубинштейннің пікірінше зияты зақымдалған балалардағы сөйлеудің бұзылыуының негізгі себебі: бас ми қабығының қызметінің әлсіздігі, барлықанализаторларында жаңа саралау байланысының баяу өңделуі болып табылады делінген.Сөз есту анализаторының аймағындағы ауызша саралауының баяудамуына байланысты зияты зақымдалған балалар сөз дыбыстарын ұзақуақытқа дейін айыра алмайды, қоршаған адамдармен айтылатын сөздішектемейді және естіген сөйлемді жеткіліксіз қабылдайды.Дыбыс айту кемшіліктері зияты зақымдалған балаларда жеткіліктітараған. Сөйлемнің фонетикалық жағының бұзылу негізінде бірқатарсебептер бар: танымдық қызметтің дамымауы, сөз есту саралауыныңқалыптаспауы, сөйлеу және жалпы моторикасының әлсіздігі. Дыбыстықжағының жетілмеуіне әсер ететін шарттардың бірі, сөйлеудің жайырақ пайдаболуы. Сөйлеуді вокалдандыру кезеңінде кенеттен байқалады. Егер мөлшербойынша 5-7 айлық қалыпты балада былдырлау пайда болса, зиятызақымдалған балаларда ол процесс 12 айда немесе одан да кеш пайда болады.Н.А.Шарапановскаяның (1986) айтуы бойынша зияты зақымдалған төменгісынып оқушыларының дыбыс айтуының бұзылуы көптеген жағдайдаболады. Зияты зақымдалған балалардың артикуляциялық моторикасыныңбұзылуының салдарынан болады. Зияты зақымдалған балаларда тілдыбыстарының бұзылуы көбінесе фонологиялық сипатта
болады. Зияты зақымдалған балалардың дыбыс айтуының ерекшелігі болып табылатын дыбыстардың тұрақсыздығы. Зияты зақымдалған балаларда сөйлеу тілінің фонетикалық жағын түзететін коррекциялық жұмыс қалыпты дамыған балаларға қарағанда ұзаққа созылады және күрделі болады. Ең қиын дыбысты машықтандыру кезеңі
Пайдаланылған әдибеттер тізімі
1. Тебенова Қ.С. Дамуында ауытқуы бар балалар.- Қарағанды, 2005.
2. Тебенова Қ. С., Рымханова А. Р. Арнайы психология: Оқулық. – Алматы: 2011ж. – 264 б.
3. Айтбаева А.Б. Коррекциялық педагогика негіздері: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011ж. – 160

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет