Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет18/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

Біріншіден
, Л.С. Выготский дамуында кемістігі бар балаларды 
әлеуметтік ортаға қосудағы белсенді түрде әрекет ету формаларын 
ұсынды. Л.С. Выготский, қандай да бір сезім органдарының қызметі 
бұзылған 
кезде 
басқа 
сезім 
органдарының 
әлсіздігінен 
іске 
қосылатындығын (естудің бұзылуы кезінде көру органдарының іске 
қосылуы) ашып көрсетті. 
Екіншіден,
Л.С. Выготский кемшіліктің құрылымын анықтады. 
Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша, әр кемістік бірнеше сатылы болады. 
Органикалық, яғни биологиялық ауытқу кемістіктің бірінші сатысы болып 
есептелсе, сол кемістіктің салдары - оның екінші сатысы болып табылады. 
Яғни, баланы кем ететін ақаудың өзі емес, оның салдары. Мысалы: 
баланың көру қабілеті нашар немесе мүлдем жоқ болғанда, ол бірнеше 
сатылық кемістікке әкелу мүмкін: кеңістікте еркін бағдарлана 
алмайтындығы, қимыл-қозғалысының бұзылуы, дүние-танымының 
тарлығы, өз-өзіне сенінбеушілігі және т.б. Баланы өзгелерден кем етіп 
сезінетіндігі көру қабілетінің зақымдалуы емес, оның салдары болып 
есептеледі. Дамудағы бастапқы кемшілік екінші, үшінші кемшіліктерді 
туғызуға себеп болады. Дамудағы екінші кемшілік бала психикасының 
дамуындағы құрылымдық компоненттерді кемшілікке ұшыратады 
(балалардың барлығында бірдей сөйлеу тілі бұзылады). 
Үшіншіден,
Л.С. Выготский түрлі кемшілік кезіндегі адамдардың 
компенсациялану қасиеттері белсенді еңбекке араласу кезінде жүзеге 
асатындығын 
көрсетеді. 
Адам 
мүшелерінің 
компенсаторлық 
мүмкіндіктері, кемістіктің күрделі құрылымы, оның ішіндегі биологиялық 


52 
және әлеуметтік ортаның өзара серпінді қатынасы, белсенді және жақын 
арадағы даму аймақтары туралы және тағы басқа да ілімдері психология 
мен дефектологияның даму жолдарын сол кезде-ақ анықтаған. 
Төртіншіден
, Л.С. Выготский мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың 
(сенсорлық 
қабілеттері 
бұзылған 
тұлғалар) 
дене 
дамуындағы 
мүмкіндіктерді есепке ала отырып компенсациялаудың мүмкіндігін 
анықтады. 
Яғни, 
мүмкіндігі 
шектеулі 
баламен 
коррекциялық-
педагогикалық жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру барысында 
педагог міндетті түрде баланың компенсаторлық мүмкіндіктеріне 
сүйенеді. Мысалы, саңырау балалардың қарым-қатынасын дамыту үшін 
оның көру және қимыл-қозғалыс анализаторларын қолданады (ымдық-
дактильдік сөйлеу). 
Бесіншіден,
Л.С. Выготскийдің пікірінше, компенсация процесі 
адамның 
әлеуметтену 
жағдайын 
жүзеге 
асырады. 
Индивидтің 
компенсаторлық мүмкіндіктері саналы түрде қалыптасады. Оның дәлелі 
ретінде, бала кезінен есту қабілеті бұзылған К.Э. Циолковскийдің мына 
сөздерін ұстануымызға болады: «саңыраулық мені өмір бойы қоршаған 
ортадағы адамдардан алшақтауыма себеп болып, мені өмір бойы 
қуғындаумен болды. Менің қандай да бір зерттеушілікпен айналысуымен 
себеп болды, себебі басқалар игерген қабілеттердің менде болмауынан 
көп нәрсені іздеуіме, көп нәрсемен айналысуыма тура келді», осы ойға 
жүгінсек, психикалық функциялардың компенсациялануы биологиялық 
және әлеуметтік факторларға да байланысты. Одан кейін психологтар 
(А.Р. Лурия, Б.В. Зейгарник, Р.Е. Левина, И.М. Соловьева, 
В.В.Лебединский, Ж.И. Намазбаева және т.б.) зерттеулерінде психикалық 
функциялардың компенсациялану проблемалары қарастырылды. 
Л.С. Выготский зерттеулерінде қамтылған маңызды мәселенің бірі – 
бала психикасын дамытуда оқыту үрдісінің алатын орны мен ақыл-ойын 
жетілдіруде жетекші фактор екендігін айрықша атап көрсетеді. Ол өзінің 
бұл пікірлерін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, оқыту ісін үнемі баланың 
табиғи дамуынан ілгері жүргізу керек деді. Өйткені, бала табиғаты 
сезімтал, әрбір нәрсені шапшаң қабылдап, олардың мән-жайын тез түсіне 
алады, осындай ерекшелігіне байланысты, оқу үрдісі баланың өздігінен 
ойланып толғануын, әрбір нәрсені байыптап ұғынуға жетелеп отырады 
деп санады. Баланың сезімталдық ерекшеліктері сензитивтік кезең деп 
аталады. Бұл бала ұғымталдығының өрбуі. Мұндай кезеңдер баланың 
әртүрлі жастағы даму кезеңдерінде қайталанып отырытандықтан оқу 
мазмұны мен игеруге тиісті материалдар да күрделене түсіп, баланың 
ойланып-толғану әрекеттерін өрістетеді. 
Л.С. Выготский анықтаған тағы бір маңызды мәселе – жекелеген 
психикалық қызметтердің дамуы мен қалыптсауы бала дамуының түрлі 
кезеңдерінде бірі ерте, бірі кеш дамып, адам санасында түрліше деңгейде 


53 
болатындығын өзі жүргізген тәжірибелер арқылы баяндайды. Адам 
психикасының дамуындағы мұндай заңдылық тек дамуында кемістігі бар 
балаларда ғана емес, қалыпты дамыған балаларды да оқытып, тәрбиелеу 
істерінде маңызды екендігіне көз жеткізді. Бала психикасының бастапқы 
даму кезеңінде қабылдау үрдісінің алатын орны ерекше. Ал, мектеп 
жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы мен оның санасында 
жетекші роль атқаратын ес процесі. Бұл кезеңде бала есінің қарқынды 
дамуы қабылдауы мен сөйлеу тіліне, ойлау әрекетіне негізделіп, олардың 
дамуы неғұрлым күрделене бермек. Мектеп жасындағы балалар 
санасының дамып жетілуінде жетекші процесс – ойлау әрекеті. Ойлау 
әрекетінің бұл кезеңінде қарқынды дамуы бала санасының өзге де 
психикалық үрдістерінің шапшаң дамып, оның танымдық әрекеттерінің 
тереңдеуіне қолайлы жағдай тудырады. 
Л.С. Выготскийдің зерттеулері К.С. Лебединскаяның ұсынған 
психикалық дамудың кешеуілдеу типтерін анықтаушы параметрлерді 
құруға негіз болды. 
Бірінші параметр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет