Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет1/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап



Ғ.Ә. Абаева 
 
 
 
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА 
Оқу құралы 
 
Алматы



УДК 
ББК
Пікір жазғандар: 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.А.Сулейменова 
психология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Н.Аутаева 
педагогика ғылымдарының кандидаты Б.С. Халыкова 
 
Құрастырушы: 
п.ғ.к., доцент Абаева Ғ.Ә. 
А 80 
Арнайы педагогика:
Оқу құралы/құрастырушы: п.ғ.к., доцент 
Ғ.Ә.Абаева, 2021 – 291 бет. 
ISBN
Оқулықта арнайы педагогика ғылымының теориялық-әдіснамалық 
негіздері, арнаулы білім беру жүйесінің мазмұны баяндалған. 
Оқулық «Білім беру» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге, 
магистранттарға, оқытушыларға, әдіскерлерге және көпшілік оқырманға 
арналған. 
Екінші басылым. Толықтырылған 
УДК
ББК
Баспаға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
жанындағы 
ҚР 
БҒМ 
Республикалық 
оқу-әдістемелік 
Кеңесінің 
«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік 
бірлестігінде ұсынылған. Хаттама №1, 19.112019.
© 
Г.А. Абаева. 2021 
© 
 



КІРІСПЕ 
Қазіргі таңда білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту 
мен тәрбиелеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы 
категориядағы тұлғалардың білім алудың теориясы мен тәжірибесі 
ғылыми тұрғыдан қарастырылады. 
Заманауи талаптарға сай қазіргі кезде 
«білім алуда ерекше 
қажеттіліктері бар балалар»
 
- деген термин кеңінен қолданыла 
бастады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында - 
денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық 
көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беру оқу бағдарламалары мен 
қосымша білім беру бағдарламасын қажет ететін адамдар (балалар) деп 
көрсетілген. 
Алайда бұл терминнің мәні өте ауқымды. Экономикалық 
ынтымақтастық және даму ұйымының (ОЭСР) елдері ұсынылған 
анықтамаларға сәйкес қарастыратын болсақ, 
білім алуда ерекше 
қажеттіліктері бар балаларды
ары қарай келесі топтарға бөлеміз: 
- мүмкіндіктері шектеулі балалар: көру, есту, сөйлеу бұзылыстары
тірек-қымыл аппараты зақымдарған, зиятының жетіспеушілігі бар – яғни 
білім алудағы қиындықтары органикалық бұзылыстарымен байланысты;
 
- балалардың білім алудағы қиындықтары мінез құлықтық, 
эмоционалды жетіспеушілігіне және әр түрлі қолайсыз жағдайлардан
пайда болады – әлеуметтік, тәрбиелік, психологиялық, экономикалық
лингвистикалық, мәдени себептер. 
Ұсынылған оқулықта біз «білім алуда ерекше қажеттіліктері бар 
балалар» және «мүмкіндігі шектеулі балалар» деген терминдерді қатар 
қолданамыз. Өйткені дәстүрлі арнайы педагогикада мүмкіндігі шектеулі 
топтағы балалармен жұмыс жүргізудің негіздері қарастырылса, 
инклюзивті білім беруде барлық аталған топтарды да қамтылады. 
Арнайы педагогика – ғылымның теориялық әдіснамалық негіздерін; 
мүмкіндігі шектеулі балалардың жас ерекшелігіне сәйкес жетекші іс-
әрекет типтерін; баланың қалыпты психикалық дамуының шарттарын; 
қалыптан ауытқыған жағдайдағы дамуын; дамудағы «бастапқы» және 
«екінші сатылық» ауытқуын; оларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу, 
әлеуметтендіру мәселелерін қарастырады. 
«Арнайы педагогика» атты оқулық арнайы педагогтарды (дәстүрлі 
«Дефектология» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге) 
даярлауға арналған. Оның мазмұны арнайы білім беру жүйесі дамуының 
негізгі мәселелерін қамтиды. 
«Арнайы педагогика» курсын игеруде арнайы білім беру жүйесінің 
ғылыми-теориялық, 
тәжірибелік 
негіздері 
туралы 
түсініктерін 



қалыптатырады, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің 
жолдарымен 
таныстырып, 
педагогикалық 
технологияларды, 
коррекциялық-педагогикалық үдерісінің мазмұны туралы мәліметтерді 
меңгертеді. 
Ұсынылған материалдардың мазмұны ғылыми әдебиеттер мен 
басылымдарда жарияланған еңбектер деректерін қамтиды. 
«Арнайы педагогика» курсын игеру барысында студенттер 
коррекциялық-педагогикалық процесті ұйымдастырудың жолдарымен 
танысады. 
Әрбір тақырыптың толық мазмұны, игерілген білімді тексеру 
сұрақтары, тапсырмаларды орындауға қойылатын әдістемелік нұсқаулар, 
білімді тексеруге арналған тест тапсырмалары беріледі. Практикум 
сабақтарында арнайы білім беру жүйесінің өзекті мәселелері мен оларды 
шешу жолдарының тапсырмалары талқыланады. 
Ұсынылған оқулық болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін 
кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық сапасын 
жоғарлатуға, дамуында түрлі ауытқушылығы бар балалардың жас 
ерекшелік дамуының заңдылықтарын, мүмкіндігі шектеулі балаларды 
әлеуметтік оңалту мен интеграциялаудың негізгі жолдары туралы 
теориялық және тәжірибелік білімдерін қалыптастыруға бағытталған. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет