Арнайы тарихи пәндер және оқыту технологиясы кафедрасының магистратура бойынша емтихан сұрақтарының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата31.10.2022
өлшемі444,13 Kb.
#46425
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
 
 
«ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 
 
І бөлім 
Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі қалыптасу және даму кезеңдері. Оқыту 
әдістемесінің теориялык-методологиялық кезеңдері. Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі 
қалыптасу және даму кезеңдері. XIX ғ. Қазақстандағы тарихи білім. XX ғ. басындағы тарихты 
оқыту әдістемесі. XX ғ. Қазақстандағы мектептегі тарихи білім. Қазіргі кезеңдегі тарихи білім. 
Тарих білімінің құрылымы. Мектеп бағдарламалары. Тарих білімінің мемлекеттік стандарты. 
Методика-әдістеме сөзінің шығу тарихы мен түсініктемесі. Әдістеме пәнін оқытудың мақсатына, 
мазмұнына, формасына, әдістеріне, тәсілдеріне және процесті жабдықтауға қойылатын талаптар. 
Оқыту әдістемесі-пәнді оқытудың ғылыми дәлелденген әдістер, ережелер, тәсілдер жүйесі және 
оқыту теориясын қолдануы. Әдістеме-оқыту мен үйрету әдістерінің, іс жүзінде орындау 
әдістерінің жиынтығы. Әдістеменің мақсаты. Тарихты оқыту әдістемесі тарих пәнін оқытудың 


мақсатын, мазмұнын, формасын, әдістерін, тәсілдерін, талаптарын, оқыту құралдарын анықтайтын 
ғылыми педагогикалық пән ретінде. Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері.
Әдістеменің негізгі практикалық мәселелері. Тарихты оқытуды ұйымдастыру. Тарихты 
оқыту үрдісіне басшылық жасау. Тарихты оқытуды жетілдіру.  
 
ІІ бөлім 
Тарихты оқытудағы әдістер мен тәсілдер. Тарихты окытудың әдістері мен тәсілдері. 
Тәсіл қызмет түрі ретіңде. Тарихи материалдың құрылымы және оны оқып үйренудің тәсілдері. 
Тарихты оқытудағы деректердің маңызы. Тарихи түсінік, ұғым, терминдерді окытудың әдістемесі. 
Басты тарихи деректерді мазмұндау тәсілдері. Әңгімелеу тәсілдері. Бейнелеу тәсілдері. Теориялык 
оқу материалын оқып-үйрену. Түсіндіру, пікір, сипаттама беру, дәлелдеу. Тарихты оқытудағы 
өзекті мәселе қою. Ақыл-ой тәсілдері мен дағдылары. Теориялық материалды оқып-үйренудегі 
оқушылардың әрекеті. Кестелер, қисынды сұлба, жаднама. Тарихты оқытудағы көрнекілік. 
Оқытудың көрнекі кұралдарының түрлері. Шартты-графикалық (кескіндемелік) көрнекілік. 
Сабақта оқу картасы, карта сұлба, кескін картаны колдану. Тарихи құжаттар мен тарихи 
деректерді окып үйрену. Хронология оның мақсаттары мен міндеттері. Оқыту және еске сақтау 
әдістері. Хронологиялық дағдылар қалыптастырудағы ойындар мен тапсырмалар. Тарихи 
құжаттар. Мұғалім мен оқушылардың тарихи құжаттармен жұмысы. Тарихи деректерінің 
конспектісі мен тезистерін дайындау. Тарихты оқытудағы көркем әдебиет. Оқулық-маңызды білім 
көзі және оқу құралы. Тарих бойынша оқулық кешені. Тақырыптық және әр сабақты жоспарлау. 
Мектеп оқулыгы және оның бөлімдері. Мектеп оқулығының сипаттамасы. Тарих сабақтарында 
оқулыкпен жұмыс істеу жүйесі. Оқулықпен жұмыс істеудің бастапқы дағдылары. Оқулық 
бойынша тапсырма. Оқулық иллюстрациясымен жұмыс істеу. Қорытынды дағдылар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет