Мағжан Жұмабаевтың
120 жылдық мерей тойына
арналған
«Мағжан – жыр
жұлдызы»
атты кітап көрмесі
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам! -
М.Жұмабаев
Мағжанның қай өлеңі болса да қазақ
əдебиетінің тарихынан қалайда
сыбағалы орын алуы талассыз хақиқат
Ж.Аймауытов
М.Жұмабаевтың шығармалары:
Жұмабаев М.
Ж 81 Көп томдық шығармалар жинағы.
1- том.Өлеңдер,дастандар,əңгіме. – Алматы:
Жазушы, 2008. – 208 бет
Ақын шығармалары көп томдығының бірінші кітабына өлеңдері мен дастандары, əңгімесі
еніп отыр.Олар Мағжанның көзі тірісінде жарық көрген жинақтары мен кейінгі жылдары шыққан
басылымдары негізінде салыстырылып, мəтіндік «өндеу-жөндеуге» ұшырағандары, қысқарып
кеткен тұстары қалпына келтірілді
.
Жұмабаев Мағжан
Ж 81 Көп томдық шығармалар жинағы.
2 – том. Өлеңдер, дастандар,
аудармалар. – Алматы: Жазушы, 2008. – 208 бет.
Ақын шығармалары жинағының екінші томына өлеңдері мен дастандары жəне
бірқатар поэзиялық аударма туындылары енді
Жұмабаев Мағжан
Ж 81 Шығармалар жинағы.
3 – том. Аудармалар, ғылыми еңбек, мақалалар. – Алматы: Жазушы,
2005. –232 бет
Қазақтың арыс ұлдарының бірі Мағжан Жұмабаевтың шығармалар жинағының бұл томына оның
аудармалары. « Педагогика» атты ғылыми еңбегі, мақалалары енгізілді.
Жұмабаев Мағжан
Ж 87 Сүй, жан сəулем. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Атамұра, 2002. – 256 бет.
Жалғыз қазақ емес, күллі Т ұран жерінен шыққан түркі текті халықтардың мақтанышына
айналған көзі тірісінде-ақ мəңгілік сөнбес Шолпан жұлдызындай жарқырап шыққан Мағжан
ақын жырлары уақвт өткен сайын соны қырынан танылып,жаңа да жас оқырманын тауып
отырары сөзсіз. Қалың жұрт ұзақ жылдар көз жазып қалған қазақтың ұлы ақынның бұл
кітабына əр жылдары жазылған өлеңдері мен поэмалары топтастырылды.
Жұмабаев М.
Ж 80 Жан сөзі: Өлеңдер мен дастандар. – Алматы: Раритет. 2005. 256 бет.-
«Алтын қор» кітапханасы.
Қазақ лирикасында «Абайдан соңғы əдебиетке жаңа түр кіргізіп,соңына шəкірт
ерткен,мектеп (школ) ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ... Орыстың бейнешілдігін
қазаққа аударды,өлеңд күйге айналдырды,дыбыстан сурет туғызды,сөзге жан бітірді...»
М.Жұмабаевтың ақындығы жөнінде бұдан сексен екі жылдай уақыт бұрын Жүсіпбек
Аймауытов айтқан осы пікір-байлам қазір де өз ақиқатын жоғалтпағанына мына кітапты
оқыған адамның көзі анық жетеді.
Жұмабаев Мағжан. Тандамалы: (Өлеңдер,поэмалар,зерттеулер,аудармалар).-
Алматы:Ғылым, 1992.- 272 бет
Бұл кітапқа Мағжанның таңдамалы шығармалары енгізіліп отыр.Осылардың ішінен
оның 1922 жылы жеке кітап болып басылып шыққан « Педагогика» атты зерттеуін атап
өтуге болады.Жинаққа,сондай-ақ,ақынның əр жылдарда жасаған көркем аудармалары
да енгізілді.Сөйтіп,мұнда М.Жұмабаев творчествосының барлық саласы түгел
қамтылады дей аламыз.Кітап сөз өнерін қадірлейтін көпшілік қауымға арналған.
Ол туралы ой – пікірлер:
Ж.Аймауытов. Мағжанның ақындығы туралы. \\ Дала даналары. – Алматы:
Қазақстан даму институты, 2001. – Б.555-581
Т.Садықов., С.Қасымжанова. Мағжан. \\ Қазақ. Жоғары оқу орындары
студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы: Білім. – 1994.- Б. 159-168
Мағжан Жұмабаев. \\ Қазақ поэзиясының антологиясы. (ХХ ғасырдың бас
кезі) – Алматы: Ғылым, 1992. – Б.367 -374
Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына жүз жыл. \\ Ақ Орда.
– 1993.
-
№1. – Б.41-49
Рымғали Нұрғали. Сүй, жан сəулем,тағы да сүй, тағы да. \\ Қазақ əдебиетінің
алтын ғасыры.Зерттеу. Астана, Күлтегін баспасы. -2002. –Б.94 - 106
Рымғали Нұрғалидың бұл кітабында ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің
Ахмет,Алихан,Мағжан,Міржақып,Мұхтар,Сəкен,Ілияс,Сəбит,Ғабит
сынды
алып
тұлғаларының шығармашылық тағдыры ұлттық рухтың бейнелену деңгейі
тұрғысынан жаңаша зерттелген
Мағжан Жұмабаев. \\ Г.С.Умарова.,С.Ғ.Шарабасов. Қазақ əдебиетінің тарихы:
Оқулық.-Астана: Фолиант, 2007. –Б.162-167
Р.Нұрғали.Сүй,жан сəулем,тағыда сүй,тағы да. \\Толғауы тоқсан қызыл тіл.
Зерттеулер. – Алматы: Үш Қиян. – 2009. Б.58-64
Мағжан Жұмабаев туралы мерзілімді басылымдарда
1. З.Жұмағалиев.Отты жырларды оқығанда... // Сарыарқа. – 1993. - № 1. – Б.8-18
2. Қ.Мұқанов. Ұлы ағартушы. // Жаңа Сарыарқа. – 2008. - № 4. – Б.15-22
3. Р.Жұмабаева. Новое о Магжане. //Простор. – 2002. - №12. – С.94-96
4. Ш.Сариев. Ақын монологы. Ұлы Мағжанға. //Жұлдыз. – 2011. - № 6. Б.109-110
5. С.Оспанұлы. Жүргізіп ібіліс Əмірін. // Жұлдыз. – 2010. - №6. Б.191-193
6. Мағжан Жұмабаев.( 1893-1938). //Аңыз адам. – 2012. - №1. – Б.3-50
7. Д.Қамзабекұлы. « Алқа» - ұлт қаламына серт. //Қазақ əдебиеті. – 2010. - №25. – Б.7
8. М.Қойгелдиев., Ш.Тлеубаев. Алқа.Табалдырық. //Қазақ əдебиеті.- 2010. - № 21. – Б.5-6
Достарыңызбен бөлісу: |