Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


Бірыңғай  мүшелердің  байланысы



Pdf көрінісі
бет80/133
Дата07.01.2022
өлшемі1,02 Mb.
#19719
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   133
Бірыңғай  мүшелердің  байланысы.  Бірыңғай  мүшелер  көбінесе  тұлғалас 
болатындықтан  қазақ  тілінде  оларды  кейде  шұбалыңқы  етпей,  ықшамды  етіп  айту 
үшін,  грамматикалық  тұлғалар  мен  көмекші  сөздер  бəріне  ортақ  етіліп  бір–ақ  рет 
жұмсалады. Олар мынандай орындарда болады:  
1.  Бірыңғай  мүшелердің,  мысалы,  толықтауыштардың  ең  соңғысы  жинақтаушы 
болады да, тиісті септік жалғау тек соған жалғанады.  
2. Бірыңғай күрделі мүшелерге бір көмекші етісті не бір көмекші есіv ортақ болып, 
олар ең соңы бірыңғай мүшеден кейін бір-ақ рет айтылады.  
Жай сөйлемнің құрамын ұлғайтып, көлемін кеңітуге бірыңғай мүшелер 6лкен сеп 
болады. Өйткені сөйлем ішіндегі əрбір бірыңғай мүшенің жетегінде басқа сөздерболып, 
олар бірінің үстіне бірі жамала беруі мүмкін. Бірыңғай мүшелер бірімен–бірі салаласа, 
басқа  мүшелер  мен  сабақтаса  байланысады.  Бірыңғай  мүшелерді  салыстыра 
байланыстыратын  амалдар–интонация  мен  жалғаулықтар.  Бір  сөйлемде  төрт,  бес 
бірыңғай  мүше  болса,  олардың  алдыңғылары  жалғаулық  немесе  интонация,  соңғы  не 
ортадағы  екеуі  жалғаулық  арқылы  байланысуы  мүмкін.  Бірыңғай  мүшелер  интонация 
аркылы,  кейде  əрі  жалғаулық,  əрі  интонация  арқылы  байланысып,  айырым  əуенмен 
айтылса, жазуда олардың арасына үтір койылады. Жалғаулықсыз бірыңғай мүшелерді 
əрі  қарай  жалғастыра  беруге  болады,-  тұйықталмайды;  ал  жалғаулықты  бірыңғайлар 
көбінесе  тұйықталып,  əсіресе  жəне  жалғаулығымен  байланысқан  соңғы  бірыңғайлар 
сол қосағымен аяқталып тұрады. Кейде бірыңғай мүшелер жалғаулықтар арқылы екеу- 
екеуден қосақталып айтылады. Қорыта айтқанда, бірыңғай мүшелер ойды, бір жағынан 
шұбалаңқы  етпей  тұжырымдау  үшін,  екінші  жағынан    тарамдап  талдау  үшін 
жұмсалады.  Алманы  кездестіреді,  өрікті  кездестіреді…  десек  шұбалаңқы  да,  алманы, 
өрікті….  кездестіреді  десек,  сиысқан,  ықшамды  болады.  Бұл – олардың 
айырмашылықтары.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет