Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


жусар. Бұл жолы ол əрі ұзақ ұйықтады



Pdf көрінісі
бет83/133
Дата07.01.2022
өлшемі1,02 Mb.
#19719
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   133
жусар. Бұл жолы ол əрі ұзақ ұйықтады, əрі тыныш ұйықтады.  
 2.  Есімді  бірыңғай  баяндауыштар  субъектінің  бір  беткей  əр  түрлі  сындық,  не 
заттық  сапасын  білдіреді;  бірыңғай  баяндауыш  болатындар-көбінесе  сын,  зат 
есімдерден жасалған баяндауыштар…  
Бірыңғай  тұрлаусыз  мүшелер.  Екі  не  бірнеше  тұрлаусыз  мүшелер  басқа 
тұрлаулы,  тұрлаусыз  мүшелердің  біріне  бағынып,  бір  сұраққа  жауап  болып 
тізбектеледі.  
Тұрлаусыз    мүшелердің  барлығының  бірыңғай  болу  амалдары  бірдей  емес.  
Толықтауыштар  бірыңғай  болғанда,  олар  жалғаулықты,  жалғаулықсыз  байланыста 
тұрып,  екі  түрлі  тұлғаланады:  бірде  əрбір  ыңғай  толықтауыш  тиісті  септік  жалғауда 
айтылса, кейде онда жалғау ең соңғы толықтауышқа ғана жалғанып, алдыңғылары сол 
жалғауға  сырттай  телініп,  жалғаусыз  айтылады.  Бірыңғай  толықтауыштар  мен  (пен, 
бен)  жалғаулығы  арқылы  байланысқанда,  олардың  əр  уақытта  тек  соңғысы  жалғаулы 
болады,  ал жалғаулықсыз  байланысса,  кейде олай, кейде бұлай болып тұлғана береді. 
Анықтауыштар  анықтайтын  сөздердің  алдында  екі  түрлі  ыңғайда  топтанады:  кейде 
бірнеше  анықтауыш  бірін  –бірі  анықтап  барып,  ең  соңғы  зат  есімге  бағынып  тұрады. 
Мысылы:  Əлеуметтік  құрылыстың  жаңа  міндеттері  дегенде  «əлеуметтік»  деген 
анықтауыш  құрылыстың  дегенді  анықтайды,  құрылыстың  жаңа  дегендер – міндеттері 
дегенді  анықтайды.  Мұндай  бір  сөзді  түрлі  жағынан  сипаттайтын  анықтауыштар 
əркелкі анықтауыштар болады.  
Кейде анықтайтын сөзіне қатысы бірдей бірнеше анықтауыш бір сөзді əр жағынан 
анықтайды.  Олар  мағыналық,  грамматикалық  белгілері  жағынан  ыңғайлас  болады.  
Мысалы: Дала қызыл, сары, көкшіл түстермен құлпырып тұр.    
Мұндай  мағыналас,  көбінесе  тұлғалас  сөздерден  жасалған  барлығы  бірдей 
дəрежеде  бір  сөзге  қатысты  болып  тұратын  анықтауыштар  бірыңғай  анықтауыштар – 
ойды, көрікті, көркем етудің де тəсіл бояулары.   
Кейде  тұлғасы,  магынасы  жағынан  түрлі  сөз  табына  жататын  сөздер  де  бірыңғай 
анықтауыштар  болуы  мүмкін.  Ондайда  олар  да  айырым  интонациямен  айтылады. 
Мысалы: Орысша киінген, ақ құба, қара сақалды, орта бойлы адам үйге кірді.  
Пысықтауыштар  да  анықтауыш  сияқты  бірыңғай  болып  көп  жұмсалады.  Əсіресе 
туынды  6стеулерден,  көсемшелерден  болған  пысықтауыштардың  бірыңғай    болу 
қабілеті  күшті.  Олар  көбінесе  интонация  аркылы,  кейде  жалғаулықтар  арқылы  да 


 
 
байланысады.  Бірыңғай  мүшелердің  əрқайсысы  дара  сөзді  жəне  сөз  тіркесінен  болуы 
мүмкін.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет