Бензол және оның туындыларының касиеттерін үш топқа бөлуге болады: қосылу, тотығу және орынбасу реакциялары.
Қосылу реакциялары. Ароматты көмірсутектер кәдімгі жағдайда қосылу реакцияларына түспейді, яғни олар бром суын, калий перманганатының ерітіндісін түссіздендірмейді. Бірақ ерекше жағдайларда қосылу реакцияларын жүзеге асыруға болады.
Катализаторлардың катысуында және жоғары температурада ароматты көмірсутектер сутекті қосып алып, циклогексан және оның гомологтерін түзеді:
Ең алғаш М.Фарадей (1826) хлордың бензолдағы ерітіндісі жарық сөулесінде тұрғанда қосылу реакциясының жүргенін байқаған.
2. Ультракүлгін сәуленің әсерінен арендер хлор және бромды қосып алып, гексагалогенидтер түзеді:
Бензол және оның гомологтері канықпаған көмірсутектер секілді озонды қосып алып, өте қопарылғыш зат - үш озонидтер түзеді. Бұл озонидтер сумен гидролизденіп, дикарбонилді қосылыстар (глиоксаль) түзеді:

Тотығу реакциялары. Бензол сақинасы тотықтырғыштардың өрекетіне өте тұрақты. Кәдімгі жағдайда хром (VI) оксиді, азот қышқылы, калий перманганаты секілді күшті тотықтырғыштар бензолға әсер етпейді. Бензол гомологтері бензол сақинасынан жөне бүйір тізбектен түрады. Мысалы, метилбензол — С6Н5-СН3 бензол сақинасынан және алифатты көмірсутектердің қалдығы СН3-топтан түрады. Соған сөйкес, бензол гомологтеріңдегі бензол сақинасының қасиеттері бензолдың өз қасиеттеріне жақын болады да, ал бүйір тізбектің қасиеттері алифатты көмірсутектің қасиеттеріне жақын болады. Әдеттегі тотықтырғыштармен бензол гомологгеріне әрекет еткенде, бензол сақинасы тотықпайды, ал бүйір тізбек тотығып, карбоксил тотнасына айналады да, ароматты қышқылдар түзеді: