Маңызды өкілдері Бензол — кең түрде қолданылатын арен. Бензолды, негізінен, тас көмірді күрғақ айдау арқылы алады. Бензол еріткіш ретінде көп қолданылады. Ол майларды, каучукті, полимерлерді, лактарды, мұнай өнімдерін жақсы ерітеді. Бензол суда нашар ериді, сумен азеотропты қоспа түзеді. Химиялық өнеркәсіпте нитробензол, хлорбензол, анилин, фенол, стирол және т.б. өнімдерді алу үшін шикізат ретінде қолданылады.
Толуолды тас көмірдің құрғақ айдау өнімдерінен гептанды дегидроциклдеу арқылы алады. Ол бояу, дәрі және қопарылғыш заттар өндірісінде қолданылады. Синтетикалық жуғыш заттар, капролактам алу үшін толуол бастапқы зат ретінде қолданылады. Толуол-жақсы еріткіш.
Кумол фенол жөне ацетон алу үшін қолданылады.
Стирол, негізінен, полистирол және бутадиенстиролды каучук алу үшін қолданылады
Стирол (винилбензол) аздаған мөлшерде тас көмір смоласының құрамында болады. Казіргі кезде стиролды өнеркөсіпте этилбензолды дегидрогендеу арқылы алады:
Ксилолдарды тас көмірді күрғақ айдау өнімдерінен алады. Бұдан алынған ксилол орто-, мета- жөне пара- изомерлердің қоспасы. Бұл қоспа бояу өндірісінде еріткіш ретінде және жоғары октанды бензиндердің компоненттері ретінде қолданылады. Химия өнеркәсібінде ароматты дикарбон қышқылдарын
алу үшін о- және п- ксилолдар қолданылады. Ксилолдардың нитротуьшдыларын бояу өндрісінде шикізат ретінде пайдаланады.
Кумолды (изопропилбензол) бензолды пропиленмен алкилдеу арқылы алады: