өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін өзгелердің құрметтеуіне;
тұлғалық дамуына бағытталған толықтай білім алуға;
білім беру мекемесінің өзге білім алушыларымен, сондай ақ қызметкерлерімен ұйымдастырылған қорлау әрекеттерінен қорғалуға;
білім беру мекемесінің қызметкеріне және (немесе) директорына мектептегі қорлау әрекеттерінен қорғалу мақсатында жүгінуге;
білім беру мекемесінің қызметкерлерінен мектептегі қорлау әрекеттері кімге қарсы бағытталғанына қарамастан оларды тоқтату үшін шұғыл түрде шара қолдануын талап етуге;
өзі білім беру мекемесінің қызметкеріне мектептегі қорлау фактісі туралы берген хабарын құпия сақтау туралы өтініш берген жағдайда ол жайлы құпиялылықтың сақталуына;
өзі білім беру мекемесінің қызметкеріне мектептегі қорлау фактісі туралы берген хабарын құпия сақтау туралы өтініш берген жағдайда ол жайлы құпиялылықтың сақталуына;
өзінің білім беру мекемесінің қызметкеріне мектептегі қорлау фактісі туралы берген хабарының жағымсыз салдарынан қорғалуына.
4.2. Оқу процесінің басқа да қатысушыларымен өзара қарым қатынасы барысында білім алушы жол бермеуі тиіс:
оқу процесінің басқа қатысушыларына (білім алушылар, білім беру мекемесінің қызметкерлері, білім алушылардың заңды өкілдері (ата аналары) қатысты намысына тиетін сөз айтуға;
білім беру процесінің басқа қатысушыларына қарсы қорлау әрекеттерін жасау, соның ішінде түкіру, итеру, күш көрсетудің шынайы немесе жалған ниетін көрсету (мысалы, ұру ниетінсіз қол сілтеу), заттарды лақтыру және т.б.
білім беру мекемесінің басқа қатысушысына қатысты қорлау әрекеттерін ұйымдастыру мақсатын көздеген топ құру;
Білім беру мекемесінің бір немесе бірнеше білім алушысына, қызметкеріне қатысты осы Кодексте баяндалған мектептегі қорлау түсінігіне жататын әрекеттерді жасауға басқа білім алушыларды шақыру;
Білім беру мекемесінің бір немесе бірнеше білім алушысына, қызметкеріне қатысты осы Кодексте баяндалған мектептегі қорлау түсінігіне жататын өзге де әрекеттерді жасау.
Білім алушы, қорлау әрекеттерінің құрбаны, куәгері немесе қатысушысы болуына қарамастан мектептегі қорлау әрекеттері туралы білім беру мекемесінің кез келген қызметкеріне хабарлауға құқығы бар. Білім беру мекемесінің қызметкері білім алушыдан алған хабарының негізінде осы Кодекстің 3 бабына сәйкес шара қолдануға міндетті.