Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2


ПСИХОДРАМАНЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет20/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94
ПСИХОДРАМАНЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 
 
Психодраманың келесі формаларын бөліп қарастырамыз: 
1. 
Проттагонистте орталықтандырылған психодрама; 
2. 
Тақырыпта орталықтандырылған психодрама; 
3. 
Топқа бағытталған психодрама
4. 
Топта орталықтандырылған психодрама. 
Протагонистте  орталықтандырылған  психодрамада  басты 
орындаушыға  зейін  қойылады.  Ол  жүргізуші  мен  серіктерінің 
көмегімен  өз  өмірінің  реалды  немесе  ойлап  табылған 
жағдайларды 
бейнелейді. 
Психодрамалық 
жағдайларды 
ойнаудың  нәтижесінде  санада  жасырылған  көптеген  жағдайлар 
уайымдау және түйсіну деңгейіне жетеді. 
Тақырыпта орталықтандырылған психодрама. 
Егер  топ  жұмысында  белсенді  топтық  конфликт  немесе 
мотивтелген протагонист жоқ болса (жаңа топтарда болатындай), 
онда  барлық  топ  мүшелерін  ойландыратын  тақырып  табылады. 
Мысалы,  топ  мүшелерінің  біреуі  таныс  емес  адамдардың 
ортасында  қапаланатыны  туралы  әңгіме  бастайды.  Басқа  біреуі 
оны  түсінетіндігін  білдіреді  де,  өзіндегі  кез-келген  себептен 
туындайтын  бұндай  сезім  жайлы  айтады.  Үшінші  біреуі  бұндай 
жағдайда қорқыныш сезімі туатынын айтады. 


35 
 
Осылайша,  топ  әңгімесінің  ортақ  тақырыбы  қорқыныш 
болып  табылады.  Топ  мүшелері  жағдайды  қысқаша  бейнелейді. 
Қысқаша эпизодтар импровизациялық негізде ойналады.  
Топқа бағытталған психодрма.  
Топқа 
бағытталған 
психодрма 
көбінесе 
протагонистке 
орталықтандырылған психодрама түрінде жүзеге асырылады. Топқа 
бағытталған 
психодраманың 
ерекшелігі, 
барлық 
топты 
толғандыратын  проблемамен  жұмыс  болып  табылады.  Бұндай 
проблемалар 
жұбайылық 
топтарда-сенімсіздік, 
алкоголиктер 
тобында-үйге  бар  немесе  рестораннан  кеш  келуі,  жеткіншектер 
тобында  –  түзету  колонияларындағы  уақытын  өтеуі,  ата-аналар 
тобында өсіп келе жатқан балаларымен проблемалары болуы мүмкін. 
Топ мүшелерінің барлығы дерлік идентификацияға мүмкіндік 
алады.  Протагонистке  орталықтандырылған  психодрамадағыдай, 
топқа  бағытталған  психодрама  да  қандай  да  бір  күй-жағдайдың 
этиологиясын  ашуға  мақсатталуы  мүмкін.  Бірақ  ең  алдымен  ол 
топ  мүшелерінің  барлығының  проблематиканы  жаңаша, 
тереңірек түсінуіне бағытталған. 
Топта орталықтандырылған психодрама. 
Топта орталықтандырылған психодрама-топ қатысушыларының 
бір-бірімен эмоционалды қатынастарымен және «осында және қазір» 
туындайтын  проблемаларымен  айналысады.  Психодраманың  бұл 
формасы  рөлдік  дефицит  синдромында,  делинквентті  қылық-
әрекетте, 
түрлі 
фобияларда, 
рөлдік 
конфликтер 
кезінде, 
креативтілікті жоғарылатуда қолданылады. 
Психодрамадағы топ көлемі 6-9 адамнан тұрады. Егер топ 6 
адамнан аз болса, онда көрермендер өте аз болады. Егер топ өте 
ауқымды болса-тіпті тәжірибелі режиссер болса да протагонистің 
сұраныстарымен  басқара  алмайды,  жеке  топ  мүшелерінің 
реакцияларын  ескере  алмайды,  топтың  динамикасын  қадағалай 
алмайды.  Мақсатқа  бағытталған  психодрамада  топтың  құрамы 
маңызды рөл атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет