VII. Битерапиясы - Балалар, алаңқайымыз әдемі гүлдерге толды, гүлдер қуана
биледі. Біздер де бірге билейік.
VIIІ. Алаңқайда демаламыз - Балалар, біздің алаңқайымызда құрғақ бассейн бар. Құрғақ
бассейнге кіріп орналасайық. Көзімізді жұмайық, біз сиқырлы
әлемде ұйықтап қалайық. Ол сиқырлы әлем болған соң, біз бірдей
түс көреміз. Түсімізде бізді сиқырлы әлемде ергежейлер қарсы алды,
оларға жануарларын тауып беруге көмектестік, алаңқайда гүл болып
биледік. Енді мен үшке дейін санағанда ұйқыдан оянамыз.
- Балалар! Қиял ғажайып елінде біздер бірталай болдық. Енді
өзіміздің елімізге қайтайық. Ол үшін бізге мына шеңбер
көмектеседі. Кәні, шеңбердің ішінен өтсек өзіміздің елімізге
ораламыз.
IX. Сурет салу - Балалар, орынымызға отырып, қиял-ғажайып елінде алған
әсерімізді параққа сурет арқылы бейнелейік. Біздер бүгін көп
жұмыс жасадық.