Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2



Pdf көрінісі
бет93/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Жаттығу – 2. 
Тақырыбы: “Біз қандаймыз?”. 
Мақсаты:  Топ  мүшелерінің  бір-бірінің  мінез-құлықтарымен 
жете танысу. 


107 
 
Жаттығудың  барысы:  Жүргізушіден  үлкенірек  ақ  парақ 
алып,  бәрі  шеңбер  бойымен  отырады.  Әркім  парақтың  үстіңгі 
жағына  өзінің  есімін  жазады  және  парақты  вертикаль  сызықпен 
бөледі.  Сол  бөлігінің  жоғарғы  жағына  “Плюс”,  оң  жағына  
“Минус”белгісін 
қоямыз. 
“Плюс” 
жазылған 
бөлікке, 
қатысушылар  кез-келген  түстің,  кез-келген  жыл  мезгілінің,  кез-
келген  жемістің,  аңның,  кітаптардың  аттарын,  өзі  қанағаттану 
үшін  оған  не  істеуге  болатынын  жазады,  мысалы  киноға  бару, 
суда  жүзу,  кітап  оқу  т.с.с.  “Минус”  белгісі  бар  оң  жаққа,  әркім 
ұнамайтын  түстерін,  жануарын,  жыл  мезгілін  және  т.б.  атап 
шығады.  Жүргізуші  әр  бөлікті  10-12  минуттың  ішінде  кезекпен 
оқып шығады. Жүргізуші де өз жауаптарын жазады және бәрімен 
бірге жаттығуды орындауға қатысады. 
Соңында,  қатысушылар  парақты  кеуделеріне  тағып  алады. 
Барлығы  үндемей,  бөлме  ішінде  баяу  жүреді  және  бір-бірінің 
парақтарына жазылғандарын оқиды. 
Талқылау:  Жаттығу  ұнады  ма?  Не  ұнамады?  Не  қиындық 
келтірді? Алған әсерің қандай? Қазір көңіл-күйің қандай?  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет