28
ПСИХОДРАМАНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
Психодрама – («психо» және грек. «drama» – іс әрекет)
топтық психотерапияның бір түрі. Мұнда қатысушылар актерлер
мен көрермендер сапасында кезектесіп шығады, осының өзінде
олардың рөлдері қатысушылардың барлығы үшін тұлғалық мән-
мағынасы бар өмірлік жағдаяттарды үлгілеуге бағытталған
психотерапия әдісі. Бұл орайда, барабар емес эмоциялық
реакцияларды болдырмау, әлеуметтік перцепцияны пысықтау,
өзін-өзі неғұрлым тереңірек танып-білу мақсаты көзделеді.
Психодрама бұл терапевттік процесс, бұнда драматикалық
импровизпция клиенттің ішкі дүниесін зерттеу үшін қажет. Бұл
қатысушылардың шынайы мәселелерін бейнелейтін қойылым, ол
ешқашан алдын-ала ойлап шығарылған сценариий бойынша
ойналмайды. Психодрамада ойлап шығарылған кейіпкерлер
әрекеттері психикоррекцияның топтық мүшелерінің кездейсоқ
мінез-құлығымен алмастырылады. Бірінші кезекте, психодрама
қатысушылардың тұлғалық мәселелерін, фантазия-қиялдарын,
қорқыныштарын ашып, кейінгі зерттеудің тәсілі болып
табылады.
Психодрама ұғымы және процедурасы
Якоб Леви
Достарыңызбен бөлісу: