Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2


АРТ-ТЕРАПИЯНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ, НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет10/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94
Байланысты:
Арт-терапия м мкіндіктері о у- дістемелік рал Орал, 2016 2

 
АРТ-ТЕРАПИЯНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ, НЕГІЗДЕРІ 
 
Қазіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі 
ол  арт-терапия  болып  саналады.  Арт-терапия  даму  үстіндегі 
психотерапияның    әдістердің  жаңа  түрі  болып  есептеледі.  Қазір 
Қазақстанда  арт-терапия  өзінің  қалыптасу  кезеңінде.  Бұл  сала 
Қазақстанда  әлі  де  болса  толығымен  зерттелмеген  деп  айтуға 
толық  негіз  бар,  себебі  осы  салада  елімізде  ғылыми  жұмысты 
айтпағанның  өзінде  бітіру  жұмысыда  жоқ  екендігі  дәлел. 
Сонымен қатар арт-терапия түсінігі біздің елімізде әлі толығымен  
қалыптаспаған. 
Арт-терапиямен 
айналысу 
үлкен 
профессионалды 
дайындықты, психотерапия аймағында іргелі білімді талап ететін  
қиын іс-әрекет болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар 
жоқтың қасы. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға деген 
қызығушылық өте жоғары. 
Арт-терапия жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек 
қана  психологтарға  ғана  емес,  сонымен  қатар  педагогтарға, 
әлеуметтік  жұмыскерлерге,  қарт  адамдар,  жасөспірімдер 
психикалық  ауру  адамдарға  тағы  басқа  көптеген  жерлерде 
қолдану маңызды және қажет екендігі дәлелденуде. 
Арттерапия  –  бұл  бейнелеу  өнерімен  емдеу  дегенді 
білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art  –  өнер,  artterapy  –  өнер 
арқылы  терапия  жүргiзу)  көбiне  ағылшын  тiлдi  халықтар 
қоныстанған  елдерде  кеңiнен  тараған.  Арттерапия  –  ауру 


18 
 
адамның психоэмоциональды халiне шығармашылық арқылы  ем 
жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi. Алғаш  бұл термин 1938 жылы 
Адриан 
Хиллдiң 
санаторияда 
туберкулез 
ауруына 
шалдыққандардың 
көңiл-күйлерiн 
сипаттау 
жұмысында 
қолданылады.  Кейiннен  бұл  термин  өнерге  қатысты  барлық 
терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия, 
бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды. 
Арт-терапияны  жүргізу  барысында  мүшелер  саны  15-20 
адамнан аспау керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға 
да, 
сонымен 
қатар, 
сол 
жұмысты 
жүргізушіге 
яғни 
психотерапевке  де  оңайға  соқпайды.  Топтың  мүшелерінің  көп 
болуы,  жұмыс  аяқталғасын  жасалған  жұмыстарға  талдау, 
қорытынды шығару да қиынға соғады. 
Арт-терапияны  жеке-дара  шығармашылық  жұмыс  жасау 
үшін бөлме кең және ешқандай кедергілері жоқ, әрі жарық болуы 
қажет.  Топ  мүшелері  өтіп  жатқан  арт-терапия  жайлы  білуіне 
құқы бар. Жұмыс жасау үшін әр түрлі құралдар қолданады: атап 
айтсақ,  мысалы,  соус,  түрлі  түсті  қарандаштар,  әр  түрлі 
мөлшердегі  щеткалар,  губка,  суы  бар  құты,  политра,  түрлі-түсті 
қағаздар, қоржын, желім, скотч, қайшы, жіп болмаса арқан және 
т.б.  Кейбір  сабақтарда  маталар,  батпақ,  ермексаз,  қамыр,  ағаш, 
үлкен  композиция  жасау  үшін  табиғи  жане  басқада  химиялық 
заттарды да пайдалануға болады.  
Ал  театрленген  көрініс  үшін  грим,  свеча,  костюмдер, 
музыкалық  аспаптар  қажет  болуы  мүмкін.  Ереже  бойынша 
сабақтың 
тақырыбын 
психолог 
(арт-терапия 
жүргізуші) 
таңдайды.  Дегенмен  де  оны  топпен  ақылдаса,  кеңесе  отырып, 
талдап, талқылап, таңдап алуға болады.  
Арт-терапияның  тақырыбын  таңдауға  және  топтастыруға 
болады. Осы жағдайды ескере отырып, осы салада педагогикалық 
практикада  еңбек  сіңірген  М.Либманның  классификациясы 
баршаға және бізге танымал: 
- көркем сурет материалдарын игеруге болады; 
- топ мүшелерін толқытып, күйзелтіп жүрген мәселе бойынша 
зерттеу жүргізу; 
- «мен» 
бейнесі, 
қарым-қатынас 
жүйесін 
зерттеуге 
байланысты; 


19 
 
- жанұя мүшелерімен топ мүшелері жұптасып жұмыс жасай алуы; 
- топ мүшелеріне арналған көркемсуреттік іс-әрекет. 
Сонымен  қатар  кейбір  арт-терапиялық  жаттығулар  (күн  мен 
түн)  топ  арасындағы  үйлесімді  қарым-қатынасқа,  әлеуметтік 
алшақтауды  реттейді  және  жеке  адамның  топпен  қарым-
қатынасын  реттейді.  Басқа  да  көптеген  көмек  береді.  Топ 
мүшелерінің  бірігіп  жақсы  тақырып  таңдауы  маңызды  сәттердің 
бірі  болып  табылады.  Таңдап  алынған  тақырып  егер  топ 
мүшелерінің  біреуіне  ұнамаған  жағдайда  қайта  талдауды  қажет 
етеді.  Талданып  қайта  түсініп  алынған  оған  қоса  топ  мүшелері 
келіссе,  ол  тақырып  сол  күйінше,ұнамаса  қайта  басқа  тақырып 
алу керек.  
Алғашқы  кезде  арт-терапияны  ауруханалармен  жүйке 
жүйесіндегі  бұзылулары  бар  ауру  емдеушілерді  емдейтін 
эмоциялық бұзылулардың көрінісі бар адамдарға ғана қолданған. 
Қазіргі кезде арт-терапияның қолданыс аясы едәуір кеңейді және 
ол  өзінің  алғашқы  психоаналитикалық  негізінен  алыстауда. 
Негізінен  арт-терапияны  қолданғанда  ең  бастысы  жұмыс 
барысында  талантын  көрсету  емес,  спонтанды  пайда  болған 
қобалжуларын,  қиындықтарын,  бұрынғыдан  қалғанелестерін 
суреттеу арқылы жеткізу. 
Сонымен  қоса,  психотерапевтің  шығармашылық  жұмыс 
кезінде  топ  мүшелеріне  көмек  беруді  және  қажет  жағдайда 
қолдау  да  көрсетуі  керек.  Мұндай  топтармен  жұмыс  жасаушы 
психолог  немесе  психотерапевт  көптеген  сапаларға  ие  болуы 
керек.  Атап  айтатын  болсақ,  олар,  адамгершілік,  басқаларға 
қандай  жағдай  болмасын  көмек  қолын  соза  білу,  тұрақтылық, 
барлық 
жағдайда 
түсінушілікпен 
қарау, 
сабырлық, 
кішіпейілділік,  төзімдік,  адалдық  және  тағы  осы  тұлғалық 
қасиеттер сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болуы тиіс.  
 
 
 
 
 
 
 


20 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет