65
музыкалық орталық, шаңсорғыш, компьютер басқа да құрал-
саймандар (бозалатаңнан дырылдайтын шаш кептіргіш) үнемі іске
қосылатындықтан, олар әсіресе, сенбі, жексенбі күндері миыңды су
етіп жіберердей кері әсер етеді. Әрбір үйдегі радионүктелер бұрын
60-85 децибалға дейін дыбыс шығаратын. Қазіргі бес колонкадан
тұратын акустикалық жүйелі дауыс зорайтқыш кемінде 100-120
децибалға дейін қатты дыбыс шығара алады. Ол реактивті
двигательдің дауысына пара-пар. Мұндай шу үйіңді азан-қазан
қылып тұрғанда басыңның ауырмауы мүмкін бе?
10. Дәрігерлер африко-американдықтардың поп-музыкасын ұзақ
уақыт тыңдаудың да зиянды екендігін ескертеді. Бұл әуен оларға
жаққанымен басқа нәсілді адамдарға жаға қоймайды. Американдық
нейрохирургтер мұны «Әуендік токсикоз» деп атайды.
11. Үйде жас бала, жүкті әйел, сырқат адам бар болса,
музыкалық аспаптарды, теледидарды қатты қоюға, айқай-шу
шығаруға мүлдем болмайды. Мұндай үйде бапты да байыпты,
жағымды дыбыстағы әуенді тыңдау қажет.
12. Шу естілетін қабырғаны оны басатын материалмен
қаптаған немесе оған кілем ілген оңды. Санитарлық стансада
дыбыс өлшейтін арнайы аспап бар. Көршіңіз меломан болса,
сондай
аспаппен оны өлшеп, шағындауыңызға болады.
13. Үйдегі шуды ретке келтіру-жақсы тынығу, жүйкені азып-
тозудан сақтау. Жаңа баспана алғанда, үйіңізді жөнедегенде
осыны еске алыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: