Байланысты: Арт-терапия м мкіндіктері о у- дістемелік рал Орал, 2016 2
«Әзіл-қалжың» терапиясы Айқай-шудан азып-тозған жүйкені емдеп жазуда әзіл-қалжың
терапиясының шипасы мол. Ұлыбританияның бір ауруханасында
емдеу-сауықтыру жұмысын жақсару мақсатында әзіл-қалжың
терапиясын (юморотерапия) қолданады. Осындай емдеу тәсілі
кезінде кинокомедиялардан үзінділер, клоундардың ойындары
көрсетіледі, әзілкештер концертінен жазылып алынған таспалар,
жанға жағымды ән әуендері тыңдалады, басқа да көңіл көтеретін
шараларды ұйымдастырады. Емдеп-сауықтырудың бұл тәсілін
жүзеге асырып жүрген әзілкеш терапевт-дәрігердердің айтуынша,
айығу нәтижесі әсіресе, жүйкесі жұқарған, түрлі психологиялық
дерттерге шалдыққан адамдарда айрықша жақсы.