Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2



Pdf көрінісі
бет61/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94
Байланысты:
Арт-терапия м мкіндіктері о у- дістемелік рал Орал, 2016 2

Фототерапия  әдісі  несімен  тиімді  дегенге  тоқталсақ,  ол  ең 
алдымен,  ультракүлгін  сәуленің  көмегімен  дақтың  түсін  қоңыр-


87 
 
латып,  оның  ұлғаюын  тежейді.  Мұнымен  қатар,  Өлі  теңіз  тұзы 
араласқан «WALDMANNUV 7002 К» қондырғысының да ықпалы 
көп  болыптұр.  Қазір  бұлтерапияны  кеңінен  қолданудың  нәти-
жесінде  науқастар  ақдақтың  көзге  қораш  көрінуінен,  төңірегіне 
тигізетін кері әсерінен арылуда.  
 
БИБЛИОТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 
 
"Библиотерапия"  термині  ХХ  ғасырдың  басында  Америка 
Құрама  штаттарында,  ғалымдар  кітаппен  емдеу  әдісін  ойлап 
шығарғанда  пайда  болды.  Ежелгі  Египетте  фараон  ІІ-Рамзестің 
кітап  қоймасына  кіре  берісте  "Жан  дәріханасы"  деп  жазылған. 
Ежелгі  Грецияда  әдебиет  жан  саулығымен  байланыстырылып 
айтылған.  Кітап  оқуды  емдік  мақсатта  қолдану  ХІХ  ғасырда 
Ресейде 
бастау 
алған. 
1927 
жылы 
И.З.Вельвовский 
библиотерапияны  психотерапевттік  диспансерде,  содан  соң 
Харьковтың  психоневрологиялық  госпиталінде  психикалық 
ауруларды  емдеу  үшін  қолданған.  Профессор  М.П.Кутанин  осы 
жаңа әдісті насихаттай отырып, әлемдік ғылымға библиотерапия 
терминін енгізді.  
Қазіргі 
таңда 
кітаппен 
емдеуді 
психологтар 
мен 
психотерапевттер  қарқынды  қолданып  жүр.  Шығарманың 
сюжеті,  кейіпкерлердің  айтқан  сөздері,  белгілі  бір  жағдайда 
жасаған  әрекеттері  пациентке  дұрыс  бағыт  беріп,  шешім 
қабылдауына  көмегін  тигізеді.  Әдеби  шығармаларды  оқығанда 
адам  өмірге  деген  көзқарасын  жақсартып,  стресстен  арылады, 
адамның  көңілі  бөлініп,  алдынан  жарқын  мүмкіндіктер 
ашылатындай  сезінеді.  Сонымен  қатар  емделу  мақсатында  тек 
оқып  қана  қоймай,  шығармалар  жазуға  да  болады.  Пациент 
кітапты қашан оқығысы кесе, сонда оқиды.  
Библиотерапия  -  арнайы  таңдап  алынған  әдеби  шығарма 
арқылы  адам  өмірі  мен  ойларын  жақсы  жағына  қарай 
қалыптастыруға 
көмектесетін 
психотерапевттік 
әдіс. 
Библиотерапия - арнайы таңдап алынған әдеби шығарма арқылы 
клиенттің  психикасын  қалыпқа  келтіруге  және  жақсартуға 
көмектесетін  терапия.  Бұл  терапияда  әртүрлі  психикалық 


88 
 
жағдайға,  процесстерге  және  адамның  жеке  бас  қасиеттеріне 
байланысты бағытталған коррекциялық оқыту қолданылады. 
В.М.Мясищев:  "Библиотерапия  әдісі  -  бұл  кітаптану, 
психология, 
психотерапия, 
психокоррекцияның 
үйлескен 
жиынтығы",-  деп  жазған.  Библиопсихологиялық  теорияның 
негізінде  автор  -  мтін  -  оқырман  арасындағы  қарым-қатынасты 
ескеру  жатыр.  Оқырман  мәтінді  оқи  отырып,  кейіпкерлер  үшін 
қуанады,  мұңаяды,  қобалжиды.  Әдеби  шығарма  оқырманды 
алдына  мақсат  қоюға  және  сол  мақсатқа  жету  жолдарын  іздеуге 
үйретуі керек. 
Библиотерапевт-маман пациентке әдебиетті тек таңдап беріп 
қоймай,  емделушісінің  мінез-құлқын,  психикасын  бақылауы  өте 
маңызды жайт. Психолог клиенттің өзіне ғана тән жан-дүниесінің 
ерекшелігін  ескере  отырып,  пациенттің  оқып  шыққан 
шығармасын бірге талдап, қорқынышын жеңуге көмектеседі.  
Бұл 
әдістеме 
педагогика-дидактикалық 
принципке 
негізделген  және  кітап  көмегімен  жүзеге  асады.  Осы  терапия 
эмоцианалды  және  жеке  басына  тән  мінезінде  проблемасы  бар 
ересектер  мен  балаларға  ұсынылады.  Кітапты  таңдаған  кезде 
мыналарды басшылыққа алу керек: 

 
Кітапта  айтылған  жағдаяттар  пациенттің  өміріндегі 
жағдайларға максималды түрде ұқсас болуы

 
Кітап  тілінің  пациентке  түсінікті  болуы,  яғни  кітап 
мәтінін  оқығанда  пациент  түсіну  үшін  оның  соған  сәйкес  ойлау 
қабілеті, білімі болуы; 

 
Шығарманың кейіпкері клиентке түсінікті болуы керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет