88
жағдайға, процесстерге және адамның жеке бас қасиеттеріне
байланысты бағытталған коррекциялық оқыту қолданылады.
В.М.Мясищев: "Библиотерапия әдісі - бұл кітаптану,
психология,
психотерапия,
психокоррекцияның
үйлескен
жиынтығы",- деп жазған. Библиопсихологиялық теорияның
негізінде автор - мтін - оқырман арасындағы қарым-қатынасты
ескеру жатыр. Оқырман мәтінді оқи отырып, кейіпкерлер үшін
қуанады, мұңаяды, қобалжиды. Әдеби шығарма оқырманды
алдына мақсат қоюға және сол мақсатқа жету жолдарын іздеуге
үйретуі керек.
Библиотерапевт-маман пациентке әдебиетті тек таңдап беріп
қоймай, емделушісінің мінез-құлқын, психикасын бақылауы өте
маңызды жайт. Психолог клиенттің өзіне ғана тән жан-дүниесінің
ерекшелігін ескере отырып, пациенттің оқып шыққан
шығармасын бірге талдап, қорқынышын жеңуге көмектеседі.
Бұл
әдістеме
педагогика-дидактикалық
принципке
негізделген және кітап көмегімен жүзеге асады. Осы терапия
эмоцианалды және жеке басына тән мінезінде
проблемасы бар
ересектер мен балаларға ұсынылады. Кітапты таңдаған кезде
мыналарды басшылыққа алу керек:
Кітапта айтылған жағдаяттар пациенттің өміріндегі
жағдайларға максималды түрде
ұқсас болуы;
Кітап тілінің пациентке түсінікті болуы, яғни кітап
мәтінін оқығанда пациент түсіну үшін оның соған сәйкес ойлау
қабілеті, білімі болуы;
Шығарманың кейіпкері клиентке түсінікті болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: