III ТАРАУ. ПАЙЫЗ
3.1 Қарапайым пайыздар
Математикалық тілінде қарапайым пайыздар шын мәнінде күрделі емес. Пайыздық сомасы сызықтық функцины білдіреді.
I – жылдық пайыздық өлшем; Р – бастапқы сома;
S – жылдың аяғындағы сома; i – қарапайым пайыздық мөлшерлеме
n – депозиттің мерзімі
S = Р + I = Р (1 + n i)
Мысал: «Банктен 4 жылға 20% -ке 700 мың тенге несие алдық. Пайыздық және борыштық жинақтау мөлшерін анықтаңыз? Қарапайым пайыздық мөлшерлеме (і = 0,2 ) .
S=700000*(1+4*0,2)=126000 (тг)
Күрделі пайыздар сипаты және пайда болуы
Қаржылық тәжірибеде, есептеудің едәуір бөлігі күрделі пайыздарды қолдану арқылы жүргізіледі. Олардың қарапайым пайыздардан негізгі айырмашылығы - пайыздық төлемдерді есептеу базасы (дисконты) аударылған (шешілуі) бастапқы табыстың (жеңілдіктер) ара-кідік қосылып отыруы есебінен бүкіл қаржылық операция мерзімінде өзгеріп отырады, ал қарапайым пайыздарды есептеу базасы мұндай жағдайда өзгерімсіз қалады. Күрделі пайыздар ережесі бойынша жасалатын есептеулер пайыздарға пайыз аудару деп, ал есептелген пайыздарды қосу процедурасын – қайта инвестициялау немесе капиталдандыру деп атайды.
S = Р күрделі пайыздар есептеу формуласы, мұндағы
i – пайыздық мөлшерлеме; n – қаржылық операцияның мерзімі
Мысал: «5 млн тг ссуда күрделі пайыздар бойынша 4 жылға берілген. Пайыздар (20% жылдық) жыл сайын есептеледі және негізгі
қарыз сомасына қосылып отырады. Жалпы қайтарылатын қарыз
сомасын анықтау керек».
Шешуі. Күрделі пайыздар есептеу формуласын қолданып
S = = = 10368 млн тг.
Достарыңызбен бөлісу: |