Артпедагогика – баланы бейімдеу құралы ретінде



бет2/2
Дата05.04.2023
өлшемі126,57 Kb.
#79443
1   2
Байланысты:
АРТПЕДАГОГИКА-баланы бейімдеу қүралы ретінде Мыңжасар Несібелі арт-технол 6(2

Бейнелеу терапиясы-бірінші кезекте сурет салу терапиясы болып табылады.Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты-баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады. Сурет салу – ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері щектеусіз. Балалар бояуға қолын малып, қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді, бала бояудың қай түрін таңдаса,сол сезімінің жағдайына тең келеді. Ертегі терапиясы-ертегімен жұмыс істеу баланы емдеу мен көмек беруге тікелей бағытталған. Ертегі терапиясы балаға өмірлік қиыншылықтары мен проблемаларына шешім тауып, ертегімен жұмыс істей алатындай жағдай жасайды. Ертегі арқылы баланың ойы, қиялы дамиды, көңіл-күйі көтеріледі. Ертегідегі әрбір кейіпкер болып ойнау балаға қосымша күштерді меңгертіп, бала бойындағы шығармашылық қабілеттерді шыңдайды. Сонымен қатар, топпен де, жеке де жұмыс жасауға үйретеді. Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі. Құммен суреттеу кезінде баланың жүйке, саусақ, есте сақтау, епті қозғалыстарының әсерінен жүйкеден екі жақты даму (қос қолмен сурет салғандай) іске асады.
Түстермен байланыс» терапиясы арқылы баланың түстерге таңдау жасауы – бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуын қалыптастырады.Түйсігі мен қабылдауы мол баланың қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең,жан-жақты келеді.Баланың қай түске ұмтылатындығына қарап, үнемі ұнататын түстері арқылы оның туабітті табиғи ерекшелігі, темпераментін анықтауға болады. Түс арқылы емдеуді бала тәрбиесінде күнделікті қолдану керек. Оны ойын түріне айналдыруға да болады. Ойын терапиясы-арттерапияның бір түрі. Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға және ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды белгілеу үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Қуыршақ терапиясы - қуыршақтың көмегімен әр түрлі күйдегі психологиялық түзетудің әдісі.Ол қуыршақ театрының көмегімен жүзеге асады. Кинезотерапия – қимыл-қозғалыс арқылы жүзеге асатын ағзаның сауығуы мен алдын алуға, емдеуге бағытталған психотерапевтік ем.
Библиотерапия - (лат.biblio - кітап және гр.therapy - емдеу) - сөзбен емдеудің бір формасы ретінде әдебиет арқылы емдейтін психотерапиялық әдіс, яғни кітап арқылы емдеу. Арттерапияның флоротерапия, ипотерапия, акватерапия сияқты басқа да толып жатқан түрлері бар.Олардың жүйеленуі әрбір өнердің ерекшеліктеріне негізделеді. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалармен жасалатын жұмыста арттерапияның ортақ қызметтері болады. Олар: - катарсистік, яғни ол негативті қалыптан босататын тазартушы қызмет. - реттеуші, жүйкелік психикалық салмақтан арылтады, психосоматикалық процестерді реттеуші,психоэмоционалды қалыптың оң жақты жобалау. -коммуникациялық рефлексивті қарым қатынас бұзылысын түзетуді қамтамасыз етеді. Қорытындылай келе, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың тұлға шығармашылығын қалыптастыру үрдісінде арттерапия әдістерін қолдану жалпы, баланың дамуына оң әсерін тигізіп қана қоймай, түсініксіз ішкі шиеленістер және қобалжулардың алдын алуға, шығармашылық жағынан дамуға, көркемөнер дағдыларын және өнер мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет