Артросиндесмология



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата14.09.2022
өлшемі404,61 Kb.
#39114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ақпараттық блок

Екі білікті буындар — үш айналу білігінің ішінен екі білігінде ғана қозғалатын буындар. Егер 
қозғалыстар фронталды және сагитталды білікте болатын болса, мұндай буындар 5 түрлі қозғалыс 
жасай алады: бүгу, жазу, әкелу, әкету және айналдыру қозғалыстары. 
Буын беттерінің пішініне байланысты бұл буындар эллипс тәрізді немесе ер-тоқым тәрізді 
(articulacio ellipsoidea et articulatio sellaris) болады. Эллипс тәрізді буындарға мысалдар: ауыз, 
омыртқа-шүйде және кәрі жілік-білезік буыны; ер-тоқым тәріздіге: бас бармақтың білезік-алақан 
буыны. Егер қозғалыстар фронталды және вертикалды білікте жүзеге асатын болса, онда 
қозғалыстың үш түрін ғана жасауға болады — бүгу, жазу және айналдыру. Пішіні бойынша бұл 
айдаршықты буындар, articulacio bicondylaris. Олардың мысалы ретінде тізе және шықшыт 
буындарын алуға болады. 
Айдаршыкты буындар — бұл бір және екі білікті буындар арасындағы ауыспалы түрі. Бұл 
жерде негізгі қозғалыстар фронталды білікте жасалады. Бір білікті буындардан айырма- шылығы, 
оларда буындық беттерінің аумағы әр түрлі, сондықтан ол жерде қозғалыс көлемі де үлкейеді. 
Көп білікті буындар — бұл буындарда қозғалыстар барлық үш білікте де жүзеге асады, яғни 6 
түрлі қозғалыс түрін жасай алады. 
Пішіні бойынша бұлар шар тәрізді буындар, articulatio spheroidea, мысалы, иық буыны. Шар 
тәрізді буынның бір түрі тостаган тәрізді, articulatio cotylica, немесе жаңғақ тәрізді, articulatio 
enarthrosis (мысалы, ұршық буыны). Бұл буындарға тән сипат — терең буындық шұңқыр, 
байламдармен бекітілген мықты буындық қапшық, бұл жерде қозғалыс көлемі де азырақ болады. 
Егер шардың бетінің радиусының қиғаштығы үлкен болса, онда ол жалпақ бетке жақын болады. 
Мұндай беті бар буын жалпақ, articulatio plana деп аталады. Жалпақ буындарға буындық 
беттерінің айырмашылығы айтарлықтай емес, байламдары мықты, қозғалыстардың өте шектеулі 
болуы немесе мүлдем болмауы тән (мысалы, сегізкөз-мықын буынында). Сондықтан бұл буындар 
аз қозғалатын (амфиартроздар) деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет