Артросиндесмология


ІІ. Буындардың буындық беттерінің санына байланысты жік- телуі



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата14.09.2022
өлшемі404,61 Kb.
#39114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ақпараттық блок

ІІ. Буындардың буындық беттерінің санына байланысты жік- телуі. 
Қарапайым буынarticulatio simplex, — бұл екі буындық беттен ғана тұратын буын. Мысалы, 
бунақ аралық буындардың буындық беттері екі сүйектен ғана құралған. 
Күрделі буынarticulatio composita, — бұл бір буын қапшығында бірнеше буын беттері, яғни 
барлығы бірге немесе әрқайсысы бөлек жұмыс істей алатын бірнеше қарапайым буын болатын 
буын түрі. Күрделі буынға мысал ретінде шынтақ буынын алуға болады, онда 6 буындық беттен 3 
қарапайым буын түзіледі: иық-кәрі жілік, иық-шынтақ, проксималды кәрі жілік-шынтақ 
буындары. 
ІІІ. Буындардың бір мезгілде сәйкес жұмыс істеуіне байланыс- ты жіктелуі. 
Үйлесімді буындар, articulatio combinatoriaбұл ана- томиясы бойынша жеке, яғни бөлек 
буын қапшығында ор- наласқан, бірақ бірге қозғалатын буындар (3-сурет). Мысалы, шықшыт 
буыны, проксималды және дисталды кәрі жілік-шынтақ буындары. Айта кету керек, нағыз 


үйлесімді буындарда қозғалысты біреуінде ғана жасау мүмкін емес, мысалы шықшыт 
буындарының біреуін қозғалтып, екіншісін қозғалтпай қою мүмкін емес. Буын беттері әр түрлі 
буындар үйлесімді қозғалған кезде қозғалыстар айналу білігі аздау буында жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет