Қарттарым алтын қазынам Мақсаты: Өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға үйрену. Балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, слайд, видиоролик.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.
Шаттық шеңбер: Есенсіз бе, ұлағатты қарттарым,
Бабалардың бойға жиған салттарын
Өзіңіздей ұлағатты болуға,
Өсиетіңді жүрегімде сақтадым.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар рахмет. Енді орнымызға жайғасайық.
Балалар ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастамас бұрын, алдымен сендерге сұрақ қойғым келіп отыр.
Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)
Күз мезгілінде қанша ай бар? (үш ай бар)
Атайықшы? (Қыркүйек, Қазан, Қараша)
Дұрыс айтыңдар.
Енді осы қыркүйек айында қандай мерекелер болады? (Білім күн)
Жарайсыңдар.
Ал қазан айында қандай мерекелер бар білесіңдер ме? (Ұстаздар күні, Республика күні)
Дұрыс айтасыңдар.
Қазан айында бұл мерекелерден басқа тағы да мерекелер бар.
Ол 1-қазан қарттар күні.
Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміз қарттар күніне ж»не ұстаздар күніне арналмақ. Мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ:
Айтары мол ғұлама
Көп жасаған бұл адам
Әкесі ол әкесінің
Білер оны сұраған
Ол кім (Ата)
Аймалайды «Күнім» деп,
Мейірімді жүзі күлімдеп
«Тәтті –ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп
Ол кім? (әже)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, дұрыс таптыңдар. Осы атамызбен әжемізді бір сөзбен қалай атаймыз? қарттар дей
Дұрыс айтасыңдар ,балалар. — «Ақылды қария-ағып жатқан дария» деп тегін айтылмаған. Осы қарттарымыз бәйтерек болса, біз соның жапырағымыз.Адам өмірдегі ең игі істің бірі-қарт кісілерге қамқорлық,мейрімділк,түсіністік,сүйіспеншілік, жанашырлық, сыйластық таныта білуіміз керек.
Ал енді осы атамыз бен әжемізге сендер кім боласыңдар? (немере)
Балалар анамыздың әкесі, анасы сендерге кім балады? (нағашы ата, нағашы әже)
Ал сендер оларға кім боласыңдар? (жиен)
Жарайсыңдар.
Балалар ата-әже туралы жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік.