Арттыру ұлттық орталығы акционерлік


Сауал:- Махаббатты не құрайды?Махаббат туралы дастан, қисса білесіз бе?Махаббат туралы нақыл сөз айтыңызшы?



бет24/66
Дата17.10.2023
өлшемі237,54 Kb.
#117346
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66
Байланысты:
Àðòòûðó ?ëòòû? îðòàëû?û àêöèîíåðë³ê

Сауал:- Махаббатты не құрайды?Махаббат туралы дастан, қисса білесіз бе?Махаббат туралы нақыл сөз айтыңызшы?


Ән «Тағыда» 3-4 минут
«Менің махаббат хикаям» - баяндау / қатысушы баяндайды/ 3 минут Тренинг «Асық» 2 минут «Асық» ұғымына не айта аласыз?/ жауаптан
соң /

  • Өмір сүруге « асық»!

  • Жақсылық жасауға «асық»!

  • Бақытты болуға «асық»!

  • Өзгені бақытты етуге «асық»!

Шара соңынан «Мен не сезіндім?» айдарымен қатысушылардың пікірлерін білуге болады.

Ескеріп жүрер есті сөз.


”Тәңірді таныған өзін де табады.” ”Күнә - дерт.” ”Дау – арам.” А.Йасауи
«Адамның санасын ар түзейді.» Шәкәрім ”Ақыл атасы – ақиқат.” Анақырыс
”Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.””Шын білім – ақиқат, анық білім.” Әл-Фараби

  • Жамандық жасама– ақсылық жаса

  • Жаманға қарама–жақсыға қара

  • Жаманды ойлама–жақсыны ойла

  • Жаман сөйлеме–жақсы сөйле

  • Жаманды тыңдама– жақсыны тыңда.

  • Ойларымыз бейімділіктерімізді қалыптастырады, бейімділіктеріміз – әдеттерімізді, әдеттеріміз – мінезімізді, мінезіміз – тағдырды.

  • Сезімдер адамды билейді, ақыл сезімдерді билейді, ал Таза сана немесе ажырату күші ақылды билейді.

  • Адамдар білім арқылы өздері көптеген жақсылыққа қол жеткізеді және керісінше өтірік көріністер арқылы көптеген ақымақтықты сезінеді. Өзін-өзі білетін адам біледі, өзі үшін не жақсы, және қолынан не келеді, не келмейді соның айырмашылығын байқайды.

Ұлы ұстаздар өмірінен өнеге


Сократ (б.з.б. 469-399 жылдары) жасында мүсіншілікпен айналысып, кейін философ, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді. Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократтың ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Сократ мәселені батыл қойды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Осыдан келіп Сократтың бірінші принципі шықты. «Сен алдымен өзінді-өзің таны». Сократ бұл жерде адамның өмірін философияның негізгі мәселесі етіп қараумен шектелмей, өмірдің өзін өзіндік сана ретінде қарап отырған. Ендеше, адамша өмір сүрудің өзі өнер екен. Оның екінші қағидасы: «Менің білетінім-менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді». Адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын, өзін өзі тануға ұмтылған сайын, сайып келгенде ештеңе білмейтіндігін анықтайды. Сократтың философиясы ежелгі Афинының базар алаңында басталды. Оның бұзылған орнын Акропольдің төменгі жағынан қазір де табуға болады. Сократ өзгеше жақсы көретін жер афинылықтар оны-мұны заттарын әкеліп сататын Зевс Стоясы атты колоннада. Колонналардың іргетасы әлі де көрініп жатыр. Бұл Стояның солтүстік жағымен бүгінде Афины метросы өтеді де, ал төменіректе жайма базар қайнап жатады. Сол себепті ол жердегі қазіргі шу Сократтың кезінде де болған шығар десек, онша қателеспейміз. Енді осындай әр саудагер өз затын мақтап, жұртты шақырып жатқан даңғазаның ішінде Сократ
философиялық әңгімесін айтып тұрған. Платонның «Апология» және
«Симпозиум» атты шығармаларында және Ксенофонттың шығармаларында Сократ өзінің берген тәлімі үшін ақша алмаған.
Дегенмен де Сократ айтқысы келген нәрселерді тыңдап, түсінген адамдар болыпты. Себебі, Дельфи оракулының сәуегейі бір кезде Сократты ең дана адам деп жариялап, сол кезде отызға жаңа келген Сократ Афиныны дүр сілкіндірген еді.
Cырт келбеті, киім киісі айтып тұрғандай және замандастары жазып кеткендей Сократ аскет (күй талғамайтын) адам болған. Оның тұрмысы жақсы болды деу қиын. Ол жұмыс істемеген. Бар уақытын құдай мойнына жүктеген міндетін атқаруға жұмсады–Афины тұрғындарына олардың қаншалықты надан екенін түсіндірумен болды. Оған әкесі шағын мұра қалдырыпты. Және ауқатты, ықпалды достары көмектесіп отырған. Сол достарының үйіндегі мол дастархан басында ол таңсәріге дейін философиялық сұхбаттардың көркін қыздырудан шаршамаған.
Диоген Лаэртскийдің айтуынша, Сократ біраз уақытын Симон атты етікшінің Агора тасының жанындағы лавкасында оқушы жастармен емін-еркін сұхбат құруға жұмсаған. “Мен ештеңе білмеймін...дегенмен мен сенімен бірге ойланамын және ізденемін” дейді-Сократ, мағыналы шығармалар қалдырмағанмен тарихқа әйгілі полемист, ойшыл оқытушы философ ретінде қалды. Сократ жасап , қалдырған негізгі әдісін майевтика деп атаған. Оның мәні

  • логикалық әдістер арқылы қойылған сұраққа әңгімелесушінің өздігінше дұрыс жауапқа келуіне көмектесу.Сократ өз философиясын, ағартушылық жұмысын ең өзекті мәселелер бойынша, қалың халықтың, базарларда ашық әңгіме базар құрып жүрген. Жақсылық пен жамандық махаббат, бақыт, адамдық т.б тақырыптарға әңгіме өрбітіп әңгелесушісінің ой пікірін біліп өз әңгімесі арқылы дұрыс жол табуға көмектескен. Сократты ресми билік органдары мойындамаған, оны қарапайым софист , яғни жастар арасына бүлік салып жолдарын басқа жаңа бұрып , қоғамның тыныштығын бұзушы деп қараған.

Сократ адамды адам ететін оның жаны (псюхе) деп санады. Сократ жанды санасы бар тұлға ретінде қарастырады. Ол ақылды әлде ақымақ, мейірімді немесе зұлым болуы мүмкін. Ал адам өзінің жанын жақсартуға ұмтылуы тиіс деп тұжырым жасады. Неге? Сократ бар адамның бақытты болғысы келетінін айтады. Ал бақытқа жету-жетпеуі жанының қандай екеніне байланысты. Жаны адал әрі қайырымды адамдар ғана бақытты бола алады. Адамдардың жамандық істейтін себебі, олар қызығып, ұмтылатын нәрселер сырттай жақсы көрінгенімен, шын мәнісінде жақсы емес.

    • Шешесі әйел босандырушы болған Сократ өзінің философиялық әдісін анасының жұмысымен былай салыстырады:—Менің шешем бала туғызушы болғанын білуші ме едің?.....Менің де осы кәсіппен айналысатынымды білесің бе? Менікі де дәл соған ұқсас жұмыс. Жалғыз айырмашылығы, мен әйелдерді емес, еркектерді босандырам, тәнді емес, жанды туғызам...

    • ..Өзім ешқандай даналықты білмеймін... Сондықтан мен асып бара жатқан дана емеспін, өз басым ең жақсы жеміс – жанымның жемісін туғызу бақытына әлі ие болғам жоқ... Ендеше адам менен ештеңе үйрене алмайтыны анық. Олар тек өздеріндегі жақсылықты көре біліп, оны жарыққа шығарады, әрине өздерінде бар болса. Бұған көмектесетін–құдай және мен. Бір күні қасиетті кеме Афиныға жетіп қалды деген хабар жетеді. Философтың әйелі және достары түрме камерасына жиналады. Сократ жылап-сықтамасын деп Ксантиппаны шығарып жібереді. Ксантиппа кетіп бара жатып «Сен кінәсізсің ғой!» деп айғай салады. Сократ сонда бәз-баяғы мінезі бойынша «Ал сеніңше мен кінәлі болуым керек пе еді?» депті.

    • Платон (б.э.д.427- 428) әлемді тану туралы философиялық идеяларында “...әрдайым өзгеріп тұратын әлемді тану адамның өз бойында мейірімділік, батылдық, даналық пен әділдікті дамыта білсе, махаббат саған қанат беріп, сол жолға салады” дейді . Ендеше, адамгершілікті адамгершілік сақталмайтын кездегіден айыру үшін адамның өзін мақсат деп білу міндет. «Сен өзіңнің іс-әрекетіңде басқаға, барлық адамға мақсат ретінде қарауың қажет. Кімге болмасын, сен оған тек құрал ретінде қарама». Ол философия тарихында алғашқылардың бірі болып гуманистік, адамгершілік рухтағы этиканың негізін қалады.



    • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет