ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша көмекші әдістемелік жұмыстарды жетілдірудің жаңа бағыттары
Әдістемелік құрал
Атырау қаласы, 2014 жыл
1
УДК 373 (072)
ББК 74.26
К 83
Пікір жазғандар:
Н.С.Сарсенова –п.ғ.к., профессор. А.С. Тәжіғалиева - ф.ғ.к.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Эксперттік кеңесінде (хаттама №8, 15 тамыз 2014 ж) талқыланды.
Кульниязова А.С.
К83 «Өзін-өзі тану» пәні бойынша көмекші әдістемелік жұмыстарды жетілдірудің жаңа бағыттары: Әдістемелік көмекші құрал /А.С.Кульниязова.-Атырау , 2014- 93 б.
ISBN 978-601-7469-87-0
Рухани-адамгершілік тәрбие тағылымы мен біліктілікті, білім беру ісінде руханилыққа бағытталған жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту мақсатындағы көмекші құрал мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беретін мектеп, кәсіптік мектептің «Өзін-өзі тану» мұғалімдеріне арналған жаңа форматты жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында дайындалған.
ISBN 978-601-7469-87-0
© «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 2014
2
АЛҒЫ СӨЗ
Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасының халқына Жолдауында: «Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар-патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, пәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілу тиіс».
Бүгінгі таңда жаһандану үрдісі адамзатты одан әрі біріктіре түсуде. Ортақ проблемалардың орын алуы ең алдымен рухтың тазалығын талап етеді. Әлемді шарпыған рухани дағдарыс бүгінгі таңда жаһандық мәселе болып, бүкіл әлемді алаңдатуда. Рухани-адамгершілік дағдарыс бүгін жаһандық мәселелердің бірі болып отыр.Себебі ол бір мемлекет деңгейінде емес, бүкіл әлемді шарпып отырған құбылыс. Қазіргі кезде бүкіл әлемде жалпыадамзаттық құндылықтар бойынша жаңа білім бағдарламаларын іздестіру үстінде. Жапонияның білім беру жүйесі негізіне жоғары адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге бағытталған курс алынған. Францияда «өнер арқылы тәрбиелеу» тұжырымдамасы табысты жүзеге асырылуда. Литвада рухани-адамгершілік білім беру бойынша курс міндетті пән болып табылады. Финляндияда адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен руханилықты дамыту, қоғамдық қарым-қатынастар мен азаматтық әдеп оқытылады.
Ал біздің елімізде “Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Білім деген тек дағды мен білік қана емес, сонымен бірге адами қасиет екендігін ізгілікке зәру ХХ ғасыр кеш түсінген тәрізді. Білімнің басты мазмұны адамгершілік қасиеттерге баулу болып табылады. Кезінде ұлы Абайдың да басты өмірлік қағидасы “Адам бол!” емес пе еді?
Өзін- өзі тану” рухани адамгершілік құндылықтарды қайта жаңғырту бойынша білім беру жобасының авторы, оның негізгі міндеті: жалпы адамдық құндылықтарды жаңғырту, балаларға өздері және қоршаған әлеммен үйлесімділікте өмір сүруді үйретуді басты міндетіміз деп отыр.
Адамгершілік азамат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, жетіледі.Сондықтан да адамгершіліктің мәнін абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелігімен ғана байланыстыруға болмайды. Азамат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категориялар: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілдік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс т.б. Бұлар сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары– АҚИҚАТ;ДҰРЫС–ӘРЕКЕТ;СҮЙІСПЕНШІЛІК;ТЫНЫШТЫҚ;ҚИЯНАТ
ЖАСАМАУ үміт, сенім және рухани құндылықтар үнемі даму үстінде болады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен
ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни рухани- адамгершіліктің құнды қасиеттері сіңіріліп, өз-өзіне сенімділікті қалыптастыруға тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздар тәрбиесі маңызды роль атқарады. Рухани- адамгершілік тәрбие–екі жақты процесс.Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың ұстаздардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- оқушылардың белсенділігін қамтитын қылықтарынан,сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді.Адамгершіліктің негізгі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Ол адамдардың іс-қылықтарынан, мінез- құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың сезімдерінің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтеріне, олардың негізінде қоғамыныздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
«Адам баласы жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек»- деп-тұжырым жасайды Назарбаева Сара Алпысқызы.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнділікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік саналары дамиды.Мұның өзі мейірімділікке шақырады.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттерінің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған.Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына үңілсек,ол адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Оқушыларды иманлыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық қөрсету, адалдық, ізеттілік сияқты, қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, рухани-адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан- жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы білім беру ұйымдарындаға оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыруды адам бойындағы асыл қассиеттердің көзін ашып, қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындауға, рухани- адамгершілік құндылықтардың мән- мағынасын жүйелі пайдаланса ғана қазіргі тәрбиені өз дәрежесінде жүзеге асырары сөзсіз. Әр оқушының жан дүниесін, сана-сезімін, мінез-құлық пен сезімге тәрбиелейтін осындай құндылықтарға ерекше назар аудару бүгінді таңның сұранымы. Адамгершілік және рухани құндылықтар тығыз байланысты.
Рухани құндылықтардың-ең қайнар көзі адамгершілікке, моральдік қалыптарда, жамандықты жаман қасиеттерді жете білуінде. Мұндағы рух-табиғи моральдық бастамадан өзгеше, затсыз идеалды бастаманы білдіретін философиялық ұғым; руханилық- адамның ой-санасына, ішкі жан-дүниесінің дамуы, жетілуі, кеңеюі; рухтану-қайраттану, жігерлену, шабыттану, белсенділік; рухтандыру-серпілту, құштарландыру, жігерлендіру, тазалау, жаңаландыру, қанағаттандыру, кемелдендіру, сүйсіндіру т.б;рухтандырғыш-күшжігер беруші, қайраттандырушы, шабыттандырушы, үлгі көрсетуші т.б руханилық-ішкі жан- дүниесінің байлығы, жан-жақты кемелденуі, сана болмысының тазалығы, идеялық үлгі, өнеге, тұрақтылық; руханият- ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен сапалы білімі мен ғылымы және мәдениеті. Рухани- адамгершілік тәрбие қарқынды түрде өзгеріске ұшырап отырған қоғамның нағыз қажеттілігі болып табылады. Өйткені, дәстүрлі құндылықтар негізінде ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қоғамды рухани сауықтыру үшін адамгершілік тәрбиемен сусындаған азаматтар қажет. Жеткіншектер мен балалардың рухани- адамгершілік әлеуетін дамыту мәселелерінің әлеуметтік өзектілігі және педагогикалық маңыздылығы айдан анық. Қоғамдағы өзгерістер салдарынан белгілі болған үрдістер жас ұрпақ өкілдерінің рухани-адамгершілік тәрбиесіне кері әсер етеді. Бұл олардың бойында тәуелді мінез-құлық қалыптасуына, ішімдікке, есірткіге, компьютер ойындары немесе ойын автоматтарына, жыныстық қатынасқа, жүгенсіздікке әуестікке, жастардың субмәдениетіне еліктіреді, олардың басым көпшілігі жеткіншек тұлғасы үшін жат әрекеттерге үйір болады.
Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі жас ұрпақты жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік қағидаттарға ие, патриоттық және әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, зияткер ұлт қалыптастыру болып табылады. Білім беру арқылы біз өз қоғамымызда рухани- адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуымыз, сол үшін адам бойындағы туабіткен қабілеттерін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік жасауымыз қажет..
Осы заманғы жастар арасында рухани-адамгершілік құндылық жүйесі тәрбие, тұқым қуалауға бейімділік, әлеуметтік орта (отбасы және туысқандары, достары мен таныстары, білім беру мекемесі, еңбек ұжымының мүшелері) дүниетаным және отбасы құндылығы сияқты бірнеше факторлардың ықпалымен қалыптасады. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу–қоғам қызметінің басым бағыты. Қоғамның болашағы–зиялы,саяси,мәдени деңгейі жоғары, рухани- адамгершілігі қалыптасқан тұлғалардың қолында болары сөзсіз.
Балаға берілетін рухани-адамгершілік білімі дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға болады? Ол не үшін қажет? – осындай сұраулар жалпы білім беретін мекемелердің алдына қойылатын мәселелі сұрақ болып отыр. Мектеп бітіруші әрбір оқушыға мектептік кезеңге сәйкес және жеткілікті түрде рухани- адамгершілік білім берілуі керек, яғни бала адамгершілік білімінің бастауларымен үздіксіз әрі жүйелі түрде сусындауы қажет. Онсыз адамның
қоғамда өмір сүруі, адамдар арасында өзін лайықты ұстай алуы қиынға түсері анық. Рухани- адамгершілік – адамның қоғамдық өмірінің негізі. Рухани- адамгершілік білім – қоғамдық білімдердің басты және бастапқы бөлігі, оның базасы болып табылады. Қоғамдық білімдерге жататын саяси, құқықтық, эстетикалық, философиялық, діни білімдердің барлығы да рухани-адамгершілік білімдерге, яғни кез келген саясат, эстетикалық идеал, құқықтық нормалар, діни наным-сенімдер адамдарда және қоғамда қалыптасқан рухани- адамгершілік идеяларға, нұсқамаларға, мақсаттарға тәуелді және онымен тығыз байланысты болып келеді.Өйткені рухани- адамгершілік білімі адамдардың дүниетанымын, олардың қызметін және мінез-құлқын, істері мен әрекеттерін анықтайды. Сондықтан да көрнекті педагогтер рухани-адамгершілік білімін «білім берудің алтын қазығы» деп бекер айтпаған. Кез-келген қоғамда білім беру саясаты өмірлік ұстанымдарды, сұраныстарды, қажеттіліктерді ескеріп, білім беру мазмұны соған сәйкес құрылғанда ғана ұтымды, тиімді, өнімді болады. Қазіргі адамзат баласы бастан кешіріп отырған тез арадағы өзгермелілік, ғаламдану, коммуникациялық құралдардың қарқынды даму дәуірі өмір салтын, қарым- қатынас пен ойлауды өзгертуге әкелді.
Ал мұның өзі игіліктерге қол жеткізудің жаңаша әдіс-тәсілдерін ашуға мүмкіндіктер береді. Мұндай жағдай адам интелектісін, оның қабілетін қайта жасаушы, жасампаздық әрекеттерге бағыттайды. Ендеше жеке тұлға өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайларда өмір сүруге бейімделіп қана қоймай, шынайы өмірге белсенді ықпал ете алатын, өмірді жақсартуға, кемелдендіруге атсалысатын тұлға болуы тиіс. Қазірде біздің қоғам үшін көкейкесті мәселе – бәсекеге қабілетті, рухани адамгершілігі қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыру. Ал бәсекеге қай тұрғыдан, қалайша қабілетті болу керектігі аса маңызды мәселе болып отыр.
Жалпы білім беру жүйесіне енгізілген «Өзін-өзі тану» пәні–білім беру мазмұнындағы жаңа бағыт. Рухани-адамгершілік білім беру идеясының авторы Сара Алпысқызы білім беру жүйесіне жаңа пән – «Өзін-өзі тануды» ұсынудағы мақсатын былайша толғайды: «Мен бала жас кезінген-ақ әрқашанда сау да әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талпынатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс» деп ой толғайды. («Өмір әдебі» кітабы, 23-бет).
«Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі сонда–бұл пән адами құндылықтарды оқытуға бағытталған. Ал «адами құндылықтарды шынайы оқыту дегеніміз бұл қағидалар тәжірибеде, күнделікті өмірде қолданылады дегенді білдіреді. Білім берудің шынайы мақсаты адам баласына тән қабілеттердің көрініп, ашылуы болып табылады». Оқушыларға рухани- адамгершілік білім беруді мақсат еткен «Өзін-өзі тану» пәні жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды негіз етеді.Құндылық-ұмтылыстар мен мақсаттардың, ал абсолюттік мағынасында–болмыстың мәні.
ЖОҒАРЫ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР:СҮЙІСПЕНШІЛІК,ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫ, ДҰРЫС ӘРЕКЕТ, АҚИҚАТ, ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ, СҰЛУЛЫҚ, АДАМНЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ, ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУ,
ЖАЛПЫ АДАМГЕРШІЛІК және т.б. Осы құндылықтардың мәні не, маңызы қандай, мақсаты неде дегенге келетін болсақ, құндылықтардың әрқайсысы адам баласының өмірлік ұстанымына тікелей әсер-ықпал етіп, жеке тұлғаның бағыттылығын,оның сенімдерін,дүниеге көзқарасын, идеалдарын, ұмтылыстарын, өмір сүру түрін еркін таңдай алуын өз бетінше іске асырып, жеке тұлғаның әлеуетін барынша ашуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |