Қуыстық ас қорыту
Қоректік заттар ішек сөлінде тікелей (қуыстық) және ішек қабырғасының ішкі бетінде қорытылады.
Қуыстық ас қорыту- бұл үрдіс сөл шығаратын бездердің сөліністері мен олардың ферменттерінің әсерінен ішектің қуысына өтеді (ұйқы безінің сөлі, өт, ішек сөлі).
Қуыстық ас қорыту жолымен ірі молекулалы заттар олигомерлерге дейін ыдырайды, олардың соңғы өнімдерге (мономерлерге) дейін ыдырауы ішектің кілегейлі қабатында – яғни мембраналық ас қорыту жолымен іске асырылады.
Мембраналық ас қорыту
Уголев А. М. ашты
Мембраналық ас қорытуға қатысатын негізгі ішек ферменттері:
көмірсулар гидролизі - -глюкозидазалар (мальтаза, трегалаза), лактаза, инвертаза, т.б..
олиго- және дипептидтер гидролизі – пептидазалар;
сілтілік фосфатаза, липаза.
Ішектің қимыл әрекеті
Ішек қабырғасындағы сақина тәрізді және ұзына бойы орналасқан бірыңғай салалы еттердің жиырылуымен жүзеге асады.
Қимыл әрекетінің 5 түрі бар
- Ширақтық (тонустық).-тонуста болады.қуысы тарылып,кеңиді.
- Маятник тәрізді.-ұзыннан ұзақ орналасқан еттер қысқарады
- Ырғақты бунақталу.-сақина тәрізді ет талшықтары бірнеше жерлерде жиырылады
- Перисталтикалық.-екі түріде қатысады. Химустың жоғарғы жағында-сақина тәрізділер жиырылып , дәл сол кезде одан төмен ұзыннан орналасқан еттер жиырылады, ішек қуысын кеңейтеді
- Кері перситалтикалық (құсу).
Қимыл әрекетінің реттелуі
Ішектің автоматиялық қасиеті бар. Вегетативтік жүйке жүйесімен реттеледі. Кезбе жүйке қимыл әрекетін күшейтсе, симпатикалық жүйкелер оны тежейді.
Гуморалдық реттелуі
Қимыл әрекетті күшейтеді АХ: вазопрессин, окситоцин, брадикинин, серотонин, гистамин, гастрин, холецистокинин-панкреозимин, қоректік заттардың, әсіресе майлардың қорытылу өнімдері, т.б.
Тежейді: адреналин, норадреналин
Ас қорыту жолының түрлі бөлімдерінде астың сіңірілуі.
Ас қорыту астың сіңірілуімен аяқталады. Асты сіңірілуі дегеніміз гидролиз өнімдерінің ішек-қарыннан қанға, не лимфаға өтуі.
Астың сіңірілуі ас қорыту жолының түрлі бөлімдерінде бірдей емес.
Достарыңызбен бөлісу: |