Аса қауіпті инфекцияларға алғашқы көмек



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата16.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#83313
  1   2   3   4   5
Байланысты:
11-дәріс...



Аса қауіпті инфекцияларға
алғашқы көмек




АІИ басқа топтарына жалпы (сепсис) және
жергілікті сипаттағы іріңді-септикалық
(іріңді ісік, флегмона, отит, желін сау, 
қуықтың қабынуы, уретрит, пиелонефрит, 
пиодермия т.б.) аурулар жатады. 

АІИ құрылымында іріңді-септикалық
инфекциялар бірінші орын алады, екінші
орында - балалардың жедел ішек
инфекциялары, үшінші орында -
парентералды инфекциялар. 

АІИ хирургиялық науқастардың
операциядан кейінгі кезеңінің ағымын, 
жүктілік кезеңінің, босануының және
босанғаннан кейінгі кезеңінің өтуін
асқындырады, жаңа туған балалардың және
басқа жас топтарындағы аурулардың өлім-
жітімі көбеюінің себебі болады.
іріңді-септикалық аурулар-
жерсіндірілген іріңді инфекциясы (LGI) және хирургиялық сепсис (C) қамтиды. 
Жекешелендірілген іріңді инфекция қабыну организмнің жалпы реакция белгілері
жоқ іріңді назарында болуымен көрінеді. 
Аурулардың бұл топ қамтиды: 
omphalitis, мастит, некротикалық флегмона жаңа туған psevdofurunkulez, абсцесс, 
pyoderma, өткір гематогенді остеомиелитті, іріңді артрит,, paraproctitis, 
лимфаденит



Жалпы іріңді инфекция немесе сепсис - бүл әртүрлі қоздырғыштар мен оның улы заттары
тудыратын және ағзаныц бір жерінде іріңді асқынумен сипатталатын жалпы инфекциялық
ауру.

«Сепсис», «септицемия» атауларын тура мағынада аударғанда «Іріңді қан» деген мағынаны
білдіреді, ол қандағы шіріткіш бактериялардың тіршілігінде бөлінетін улы заттардыц,
шірінді тін бөліктерініц, т.б. қан қүрамындағы және айналысындағы әсірінен пайда болады.
Бүдан біраз жылдар бүрын осындай қауіпті сепсистік жағдайлар 60-80% болатын.

Антибиотиктерді қолданудың арқасында қауіпті жағдайлар біраз дерлік төмендетілді (15-
20%).

Сепсистің қоздырғыштары қатарына
әртүрлі стафилакокк, стрептококк, пневмококк,
гонококк, ішек таяқшалары, анаэробты қоздырғыштар және әр түрлі араласқан микробтар
жатады.

Сепсистің негізгі қоздырғышын үш түрлі микробтар қүрайды: стафилококк, стрептококк,
ішек таяқшалары және аралас қоздырғыштар.

Сепсистің пайда болу еебептері:

а) ауыр, ашық , аралас жарақаттар;

б) операциядан кейінгі - перитонит, плеврит, артрит, менингит,

панкреатит, метроэндометрит, эндокардит, паранефрит,



Сепсистің клиникалық көріністері
– нозологияның
клиникалық формаларының ерекшеліктері (найзағай тәріздес, 
жедел, созылмалы, рецидивті, метастазбен, метастазсыз), 
науқас ағзасының барлық негізгі органдарының
функциясының үдемелі декомпенсациясы, көптеген
симптомдардың әртүрлі комбинацияларымен сипатталады. 
Мысалы найзағай тәріздес сепсис аяқ астынан басталып, тез 
арада дамиды. 

Клиникалық көріністері 2-3 сағатта немесе ары кетсе 1-2 
тәулікте айқындалады. Жедел түрінде – бірнеше күнде, 
жеделдеу формасында – бірнеше аптадан кейін жалпы іріңді
инфекцияның клиникасы толық белгі береді. Сепсистің
созылмалы ағымында айқын белгілері көзге көрінбей, 
бірнеше айға созылады.

Қайталамалы түрінде сырқаттың өршуінде клиникалық
белгілері қайталанса, ремиссия уақытында бәсеңдеп, азаяды. 
Іріңді метастазды сепсисте науқастың органдары, тіндерінде
жаңадан іріңдіктер түзілгенде интоксикация белгілері өрши
түседі, оларды тіліп, ашып дренаждағаннан кейін
интоксикация белгілері біраз бәсеңдейді .

Метастазсыз сепсистің клиникасы, науқас организмінің
сенсибилизациясына және ағзаның негізгі мүшелер
функциясының декомпенсациясына байланысты өте ауыр
түрде өтеді, интоксикация белгілері тұрақты болып келеді. 
Сепсистің клиникалық белгілері жалпы және жергілікті деп
бөлінеді.



Жалпы симптомдар – бастың ауруы, мазасыздану, ұйқының қашуы, 
есін білмей сандырақтау, дірілдеп қалшылдау, суық тер басу. 
Кешкілікті, немесе тәулігіне бірнеше рет дене қызуы 39 – 40°С 
көтеріліп, күрт төмендеуі. Науқас жүдейді, кейде тері
жабындысында қанталау байқалады . 

Науқастың артериалды, венозды қан қысымы төмендеп, қан
айналымы бұзылуынан дененің ойылуы, тромбофлебит, 
тромбоздар, қол-аяқтың ісінуі пайда болады. Қан анализдерінде
анемия, лейкоцитоз, лейкоциттық формуланың солға ығысуы, қан
тромбині 45-50% дейін төмендейді. Кейбір ауруларда бактериемия 
анықталады. Бауыр, бүйрек функциялары бұзылады. Науқас
сарғайып гепатит дамиды. Зәр анализдерінде альбуминурия, 
гематурия, лейкоцитурия анықталады. Көкбауыр үлкейеді. 
Асқорыту жүйесін алсақ, тәбеті жоғалады, аузы құрғап іші өтеді, 
жүрегі айнып құсады.+ 

Жергілікті симптомдар – сепсистегі жараларда өлі еттен тазару
және регенерация белгілері байқалмайды, грануляциясы жансыз, 
бозғылт, жара ісінген, дымқыл, шірік иісті. Көктамырлардың
тромбозы, лимфа жүйесінде лимфангиит, лимфаденит дамиды. 
Сепсис жоғарыда келтірілген симптомдардың тұрақтылығымен
сипаталады.



. Сепсистің емі этиология, патогенезіне сай бағытта
жүргізіледі. Комплексті емді сепсиске әкелген біріншілік
хирургиялық іріңді ошақты кеңінен тіліп ашып, жараны
іріңнен, өліеттерден мұқият тазартып санциялаудан, 
пассивті немесе активті дренаждаудан бастаған абзал, 
онсыз ем нәтижелі болмайды.

Антибиотикотерапияның ерекшеліктері: 
антибиотиктермен емдеуде максималды дозасын қолдану. 
Мысалы жартылай синтетикалық пенициллиндердің
(ампициллин, оксациллин, метициллин, 
диклооксациллин)

Дезинтоксикациялық терапия ретінде гемодез, тұз
ерітінділерін қолдану, әсіресе диурезді белсендіру
(интракорпоралды детоксикация) жақсы нәтиже береді. 
Науқасқа тәулігіне 50 – 60 мл/кг сұйықтықтар құйып
(полиионды ерітінділерді, 5% глюкоза ерітіндісін, 
полиглюкинді), лазикс, маннитол диуретиктерін
қолданып диурезді тәулігіне 3 литрге дейін белсендіру.

Сепсистің қарқынды этиопатогенезді, симптоматикалық
(жүрек – тамыр препараттары, анальгетиктер, 
антикоагулянттар, ангиопротекторлар) кешенді емі, 
науқастың жағдайы толық қалпына келгенше, гомеостаз 
толық реттелгенге дейін жүргізіледі.
Емі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет