Аса қауіпті инфекцияларға алғашқы көмек


Босанғаннан кейінгі септикалық аурулардың II кезеңіне



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата16.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#83313
1   2   3   4   5
Байланысты:
11-дәріс...

Босанғаннан кейінгі септикалық аурулардың II кезеңіне: метрит –
жатырдың миометрийінің қабынуы, сальпингоофорит – жатыр
қосалқыларының кабынуы, параметрит - жатыр аймағы клетчаткасының
қабынуы, пельвиоперитонит - кіші жамбас қуысының іш пердесінің қабынуы, 
тромбофлебит – көктамыр кабырғаларының қабынуы және сол жерде
тромбтардың байлануы. Метротромбофлебит (жатыр тромбофлебиті метро-
эндометриттен кейін пайда болады) санның тромбофлебиті жатады.

Босанғаннан кейінгі септикалык аурулардың III кезеңі: жайылған
(диффузды) перитонит – жайылмалы септикалык инфекция, асқынып кеткен
тромбофлебит - көктамыр қабырғаларының қабынуымен тоқтамай тамыр
жолдарымен таралуы, септикалық (бактериялық) шок - септикалық
инфекцияның өте ауыр көрінісі.

Босанғаннан кейінгі септикалык аурулардың IV кезеңі: жайылмалы
инфекция (жалпы септикалык аурулар) екі түрінде болады: септицемия және
септикопиемия. Септицемия - жалпы септикалык ауыр сырқат, қанға түскен
микробтар қанның ішінде көбейіп бүкіл ағзаға таралады, микроб уыттары
жүрек, қантамыр, бүйрек, бауыр, орталық жүйке жүйесін зақымдайды; 
септикопиемия – метостазды сепсис, бұл да ауыр жалпы септикалық ауру, 
микробтар қан арқылы бүкіл ағзаға таралып, мүшелер мен ұлпаларда жаңа
іріңді ошақтарды құрайды (абсцесс).



Босанудан қейінгі сепгикалық аурулардың алдын алу жолдары: 

Әйелдерге кеңес беру мекемесінде босануға дейін сүт бездеріне лайықты күтім
жүргізуді үйрету, ана сүтімен емізуге кеңес беру, сүт бездері ұшының тілінуінің
алдын алу. 

Созылмалы инфекция ошақтарын тазалау. Асептика, антисептика тәртібін
сақтау, инфекция белгілері бар әйелдерді обсервация бөліміне оқшаулау, 
асқынуға жол бермеу үшін уақытында нақтама қойып, емдеу.
Жаңа туған нәрестелер арасында іріңді-септикалық ауруларды болдырмау үшін
мынадай сақтық шараларын жасау керек:

жүкті әйелдерді босануға дейін уақытында есепке алып, сауықтыру;

жаңа туған нәрестелерді уақытында патронажға алу;

балаларды бір жасқа дейін ана сүтімен қоректендіру;

үйде балаларды күту кезінде жеке бас гигиенасын сақтау;

балаларды орау алдында жаялықтарды үтіктеу;

жүкті әйелдермен іріңді-септикалық инфекцияның алдын алу жөнінде
санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу қажет.



Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі
ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік
радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің
ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан
теріні 5 минуттан кейін күйік шалады. Күйік жарасында ылғалды өліеттену
болған кезде, тірі тіндер мен өліеттенген тіндер арасында айқын шекара
болмайды, тіндердің басым бөлігі некробиоз жағдайында болады. Осы кезде
улы заттардың қанға сіңуі өте басым түрде байқалады. Осындай жағдайларда
іріңді процестер жалғасатын болса, шағын терең күйіктің өзінде жалпы
құбылыстар айқын көрініс береді. Егер құрғақ коагуляциялық өліеттену
кезінде, күйік ауруының ауыр ағымы ауданы асатын 15 -20% асатын терең
күйіктерде байқалады
.
Күйік



Күйіктерді емдеу клиникалық медицинаның
ең қиын мәселелерінің бірі. Қиындықтар, 
әсіресе, ауқымды күйіктерді емдеу кезінде
туындайды. Күйіктен зардап шеккендерге
санатты және арнаулы көмек көрсету үшін
ерекше жағдайлар жасау керек: бактериясыз
белгілі микроклиматы бар бөлме, әртүрлі
модификациядағы тері пластикасының және
көп мөлшерде инфузиялық терапия жүргізу
мүмкіндігі. Осы аталған жағдайларға
байланысты терең күйік алғандарды емдеу
арнаулы мамандандырылған күйік
орталықтарында жүргізіледі.

Соңғы кездегі терең күйіктерді емдеудегі оң
нәтижелер бұл күйіктерді арнаулы
мамандандырылған орталықтарда емдеу
арқылы ғана мүмкін болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет