Бактериологиялық зерттеу үшін нәжісті, құсықты, өтті антибиотикпен емдеуге дейін алу қажет.
Экспресс әдіс: ИФА.
Серологиялық әдіс: ПЦР.
Емделуі
Науқасты ауруханаға жатқызу міндетті түрде.
1. Патогенетикалық терапия – регидратация- жоғалғал сұйықтың орнын толтыру. Біріншілік регидратиция ауруханаға дейін жүргізілуі тиіс.
Жеңіл түрінде ауыз арқылы регидрон, цитраглюкосолин ерітінділері қолданылады. Көктамырға физиологиялық ерітінді, Рингер ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі енгізіледі. Көлемі 200-300 мл/кг/тәулігіне.
Ауыр түрінде Филлипстің №1 ерітіндісі, хлосоль, трисоль ерітінділері көктамырға енгізіледі. Ерітінді 37С дейін жылытылған ағынды түрде енгізіледі.
Науқастың жағдайы жақсарып, қан қысымы орнына келсе Филлипстің №2 ерітіндісі немесе дисоль көктамырға енгізіледі.
Емдеуі.
2. Этиотропты ем. Емдеу курсы 5 күн.
Тамыр ішіне 1-3 күн - цефтриоксон, цефтизоксим, цефалотин, цефазолин,амикацин, нетилмицин, доксициклин, ципрофлоксацин, офлоксацин.
Бұлшық етке – сизомицин, мономицин.
Ауыз арқылы – пефлоксацин, ципрофлоксацин, офлоксацин, норфлоксацин, доксициклин, левомицетин, цефалексин.
Науқасты ауруханадан шығару: науқас толық сауыққанда және бактериологиялық зерттеу нәтижесі 3 рет теріс болғанда.