Аса қауіпті, карантиндік, конвенциялық, нәжіс-ауыз механизмімен таралатын, антропонозды ішек жұқпалы ауруы



бет1/4
Дата09.12.2023
өлшемі435,48 Kb.
#135483
  1   2   3   4
Байланысты:
гулнозза (копия)

  • Тырысқақаса қауіпті, карантиндік, конвенциялық, нәжіс-ауыз механизмімен таралатын, антропонозды ішек жұқпалы ауруы.
  • Тырысқақ ауруы көбіне гастроэнтерит түрде өтеді, сондықтан организмнің су мен электролиттерді сұйық нәжіс пен құсық арқылы жоғалтуымен, токсикозбен, асқазан-ішектің зақымдалуымен сипатталады.

Тырысқақ пандемиялары

  • Бірінші І тырысқақ пандемиясы Индияда 1817 жылы басталған, бүкіл әлемде таралып, 1823 жылы аяқталған;
  • ІІ пандемия 1826-1837 жылдары бүкіл континенттерде таралған;
  • ІІІ пандемия 1844-1859 жылдары таралған;
  • ІҮ пандемия 1865-1873 жылдары таралған;
  • Ү пандемия 1883-1896 жылдары таралған;
  • ҮІ пандемия 1902-1926 жылдары таралған;.
  • ҮІІ пандемия 1960-1970 жылдары 117 елде таралған, 1 713 057 адам ауырған.

Этиологиясы

  • Қоздырғышы: үтір белгісі тәрізді, ұзын талшықты, грам теріс өте ұсақ 0,4-0,6 вибриондар.
  • Сүт, балмұздақта 14 күн,
  • шикі етте 7 күн,
  • жеміс-жидектерде 3-8 күн,
  • топырақта 60-90 күнге дейін сақталады

Тырысқақ вибриондарының холероген - токсин бөліп шығаратын 3 түрі:

  • Тырысқақ вибриондарының холероген - токсин бөліп шығаратын 3 түрі:
    • классикалық 01
    • 0139
    • Эль-Тор.
  • Инаба, Гикошима, Огава биотиптері бар.
  • Эль-Тор вибрионының ерекшелігі:

эпидемиологиясы

  • Инфекция көзі: науқас адам және вибрион тасымалдаушы
  • Беріліс механизмі: - нәжіс-ауыз механизмі.
  • Берілу жолдары: су, тағам, тұрмыстық заттар мен жанасу.
  • Тырысқақтың негізгі таралу жолы- су арқылы.

Патогенезі

  • Ауыз арқылы асқазанға түскен қоздырғыштар асқазан қышқыл сөлі және пепсин әсерінен жойылады.
  • Қоздырғыштың біраз бөлігі ащы ішекке түседі, сілтілі ортада интенсивті көбейеді.
  • Экзотоксин бөлінуінен негізгі клиникалық көрінісі пайда болады.
  • Дегидратация нәтижесінде гемоконцентрация, гиповолемия, гипоксия, бүйректің жедел жетіспеушілігі дамиды. Қан тамыр жетіспеушілігі дамиды.
  • Сумен бірге көп мөлшерде электролиттер кетеді, әсіресе калий.
  • Гипокалиемия бұлшық еттер әлсіздігін тудырады, бұлшық ет топтары тартылуы мүмкін, тырысу синдромы туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет