Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: газет мақаласынан үзінді
Тәртіпке бағынған - құл болмас «Жаңа әлемде жаңа Қазақстан!» атты жолдауында Н.Ә Назарбаев жастар болашағына үлкен сенім артатынын атап көрсеткен болатын.
Елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. 9 бөлімнен 98 баптан тұрады. 2 ші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.
Жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру – ата заңымызға деген сүйіспеншілігін оятып, парасатты және әділетті тұлғаны қалыптастыру!
Әр адам өз құқығын білуге тиіс. Тәртіпті бұзған адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігіп, айналасына келеңсіз пікір туғызады.
Тәрбиеге әсер беретін, ата-ана тәрбиесі мен өскен орта. Отбасының тәрбиесі мықты бекімесе, өскен орта тәрбиесіне тез бейімделетіні анық!
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылыққа байланысты дөңгелек үстелдерді жиі өткізу – заңға қайшы әрекеттерді болдырмау және отбасылық тәрбиеге демеу. Тәртіпті бұзған балаға заңның бар екенін және заңмен жазалатынын түсіндіріп, алдын алу ата-ана мен ұстаздың басты міндеті. Құқықбұзушылық әрекеттерге қандай бала барады? Бесіктен белі шықпай жатып, теріс қадамға баруына не себеп?
Жоғарыда атап көрсеткенімдей; барлық мәселе отбасылық тәрбиенің маңыздылығында.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, Ұлжанның ақ сүтімен, Зеренің зерделі ертегілерімен сусындаған кешегі Абай – нар қазақ.
Бүгінде кешегі Абайдай қазақты тәрбиелеуде әжелеріміз бен аналарымыздың алатын орны ерекше. Өмір бойы әкесінің жұмбағын шешуге бар күш жігерін сарп еткен Абайдай ұрпақты тәрбиелеу әрбір әкенің парызы деп білемін.
Ал тәрбие бар жерде құқықбұзушылыққа жол жоқ.
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде!» деген Жүсіп Баласағұнның қанатты сөзі бала тәрбисіне жастайынан мән беруді меңзеп, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуге шақырады.
Тәртіпке бас иген елдің азаматтары ғана Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанды жасай алады! Өйткені кемелденген мемлекет кемелді жастардың қолында! (243 сөз)
Ә Жасөспірімдердің танымы Адам өміріндегі ең маңызды, есте қалатын кезеңнің бірі – жасөспірімдік шақ. Яғни, 11-20 жас аралығы. Мінезі де, сабағы да қиындап, қоршаған ортамен жанжалдасатын, сіркесі су көтермейтін уақыт. Әсіресе 7, 8, 9-сыныптарда оқитын оқушыларға тән көрініс. Жасөспірімдер өздерінің енді бала емес екенін, алайда ересекке де жатпайтынын түсінеді. Ересектерге еліктеп, солардың қылығын қайталайды, кейбірі зиянды әдеттерге әуес болады. Үлкендердің ақыл айтқанын жақтырмайды. Өйткені, өздерін ақылды сезінеді. Ата-аналарының айтқан ескертулеріне, мұғалімдерінің кеңестеріне қарсыласып, өре түрегеледі.Осы кезеңде жасөспірімдер «Мен кіммін?» деген сұрақты өзіне жиі қояды. Шынымен де олар кімдер? Бақытымызға орай, жасөспірімдік шақ өтпелі кезең. Оның ата-анасы, ата-әжелері де дәл осы кезеңнен өткен. Сондықтан әрбір жеткіншек өзіне түсініксіз қалыптың уақытша екенін есінде ұстағаны жөн. Жасөспірімдер басындағы проблемаларға қарамастан, сабақ оқу, үй шаруашылығына көмектесу, үлкендерді сыйлау, кішілерге қамқор болу деген сияқты міндеттерді орындауға тиіс. Бір жағынан осы міндеттер оларды өз проблемаларынан алаңдатып, көңілін басқа жаққа аударады. Қазір жасөспірімдерге арналған әдебиеттер дүкендерде де, ғаламтор жиегінде де көп-ақ. Әрбір жасөспірім өзін-өзі танумен айналысса, өз проблемаларын жеңілдетіп қана қоймай, болашағының бағытын да анықтай алады.
(165сөз)
мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Мен заңды қадірлейтін жасөспірім бола аламын ба?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эссенің сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.