Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет22/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   88
(Асан – С.Қ.) жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріп 
отырады.
Түркістанның қасында ескі қорған қала Сауранды көргенде:
«Әттеген­ай, қорғанды тақырдың бетіне, шөлстанның өтіне 
салған екен. Сақырлап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы 
жоқ – түбі тұрақты қала бола алмас», – деген екен.
Асан Қайғы Маңғыстауға үш рет барып, үш рет қайтыпты, 
Асанның екі баласы: «Маңғыстау малға жайлы қоныс бола 
алар ма?» – дегенде, Асан Қайғы: «Түбінде мал баққан шаруаға 
Маң ғыстаудан жақсы жер болмас», – депті.
Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың ағашының басы 
сайын жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен», – депті.
Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қой семір­
мес», – деп, Асан қазіргі Баянауылды өзіне қоныс жайлау 
етіпті.
Қаратал өзенінің өлкесін көргенде: «Ей, сарқырап аққан 
Қаратал, артың кең, алдың тар­ау!»– депті. Өйткені бұл өзен 
құмға сіңіп жатады екен»
65
.
Міне, осылайша қазақ даласын түгел аралап шығып, Асан 
Қайғы барлық өлкеге сын айтады. Ол неге сынайды көрген 
жерін? Оның себебі, біріншіден, бұл – утопия, барлық жағынан 
жақсы, ойлағандай жерді табу мүмкін емес. Асан қайда 
бармады? Қазақ сахарасын қойып, ол Ауғанстанға, Қытайға, 
Ресейге сапар шекті. Алайда, бар лық жерде де ол көксеген 
қоныс жоқ болып шығады. Екіншіден, біз қарастырып отырған 
әпсаналар көркем жанрға жатады. Сондықтан мұнда мақсатты 
композиция бар, ол шығарманың идеялық және эмоциялық 
мәнін ашуға бағытталған. Осы себепті Асан Қайғы көрген 
жерлерінің бәрінен бір мін тауып отырады. Басқаша айтқанда, 
бір жерден мін тапқан соң, Асан екінші жерді көруге аттанады. 
Демек, оның сыны мен мін табуының өзі әпсана сюжетін 
дамытуға қызмет етеді. Айталық, Асан іздеген Жерұйықты 
қолма­қол немесе біраздан кейін тауып алды делік. Мұндай 
жағдайда әңгіме бірден бітіп қалар еді де, оған деген елдің 
назары, ынтасы азайған болар еді. Шындығында олай емес 
қой. Себебі әпсананың құрылымы өте қызғылықты: кейіпкер 


[
  86  
]
өзінің көрген жерлерінен мін тау 
ып, бір өлкеден екіншіге 
жол тартып, тыңдаушысын өзіне тартып отырады. Тіпті, 
әпсаналарда Асанның керек мекенді таба алмай қайтуының 
өзі және әпсаналардың осылай аяқталуы көркем жанрдың 
тұрғысынан алғанда өте орынды. Өйткені мұнымен, бір жа­
ғы 
нан, кейіпкердің «Асан Қайғы» аталу себебін ақтау, 
екінші жағынан, кейіпкер іздеген бақытты мекеннің өмірде 
жоқ екенін объективті түрде көрсету, ал, үшінші жағынан, 
тыңдаушыға эмоциялық әсер етіп, оның көңілінде өкініш әрі 
Жерұйықтың болуы мүмкін, іздесе табылады­ау деген сенім 
тудыру көзделген.
Демек, Асан Қайғының Жерұйықты іздегені туралы әпса­
налар көркем жанр шығармаларына тән қасиеттерге ие 
болған, яғни олар фольклорлық циклизацияға түсіп, қара­
пайымдылықтан көркемдікке ауысу процесін өткен, сөйтіп 
дамыған көркем фольклор түрін қабылдаған. Бұл ойымызды 
қуаттайтын нәрсенің бірі ретінде кейбір варианттарда ертегілік, 
ғажайыптық жағдаяттарды, мәселен, жиһанкез Асанның 
сапар шегіп жүріп, перінің қызына үйленген тарихын айтуға 
болады.
Міне, енді Асан Қайғының ұзақ сапар кезінде қандай оқи­
ғаларды басынан кешірді, не көрді, не білді деген мәселеге 
келдік. Бір қызығы – Асанның Жерұйықты іздегені туралы 
таза әпсаналарда оның жаһан кезіп жүргендегі тағдыры, көрген 
оқиғалары мен іс­әрекеттері жөнінде ештеңе айтылмайды. 
Мұның себебі әпсаналарда әңгіме әр өлкені сипаттауға көңіл 
бөліп, кейіпкердің өз тағдырына мән бермеуінде болу керек. 
Мүмкін, әпсананы шығарушылар мен айтушылар үшін Асан өз 
тағдырын күйттемей, елдің қамын жегені маңыздырақ болып, 
оған басқа іс­әрекет, қимыл бермеген болар. Қалай болғанда да, 
әпсанада оқиғалар тізбегі жоқ.
Оның есесіне Асанның жер шарлаған шақта көрген, басынан 
кешкен оқиғаларын эпикалық шығармалар баяндайды. Мұның 
басты себебі – эпос жанрының заңы болса, екіншісі – құтты 
қоныс іздеу туралы эпостың әпсаналардан кейін шығарылуы 
деп ойлауға болады. Жалпы, бақытты мекен іздеу жайындағы 
сюжет қазақтарда XVIII­XIX ғасырдан бастап эпикалық түрде 
баяндалады. Мысалға «Өтеген батыр», «Мырзаш батырларды» 


[
 
 87  
]
атаса да жеткілікті. Әрине, бұл – қазақ фольклорында эпикалық 
дәстүрдің үстем болғандығының нәтижесі.
Асан Қайғының Жерұйықты іздеп жүргенде басынан 
кешіретін оқиғасы мынау: «Асан алысқа барады, тауларды, 
шөлді, далаларды, өзен­дарияларды кезіп өтіпті. Ақырында 
жақсы жайлаулы жерге қонған бір ақ боз үйге кез болыпты, ақ 
боз үйдің сыртында желіде биелер байлаулы екен, үйдің иесі 
әйел Асанды алдынан шығып, күтіп алады.  Үйде асқан бір 
сұлу қыз бар екен, әйел мал сойып, Асанды құрметпен қонақ 
етеді. «Мынау сенің көптен күткен жарың еді, Асанжан, екеуің 
қосылып бақытты өмір сүріңдер, мынау жатқан кең дала 
жайлау, еркін қоныс, мынау өрістегі қаптаған мал – бәрі де 
сенікі. Енді бақытты болыңдар», – деп әйел қызы мен Асанды 
қосыпты. Асан қызбен сырласқанда, қыз айтыпты: «Сенің 
іздеген бақытың,  бақытты жерің – міне, осы ара, міне, мен. 
Тек сол бақытың қолдан ұшып кетпес үшін, бүгін түні бойы 
ұйықтамай шығуың керек, – дейді. Алыс жол жүріп, шаршап 
келген Асанның таңға жақын көзі ілініп кетіп, ояна келсе, 
үйде бірге жатқан қызы да, кең жайлау бай қоныс та жоқ, құп­
қу боп шөл дала жатыр. Сонан кейін зар жылап, сол қонысты, 
сол жерді, сол қызды іздеп, тағы да жер­жиһан кезіп кетіпті, 
бірақ таба алмаған»
66
.
Асан Қайғының басынан кешірген бұл оқиғасы – кәдімгі 
көне хикая. Мұндай хикаялар аңшы­мергендер туралы, 
олар дың айдалада жүріп, неше түрлі оқиғаларға кездесетіні 
жайында әңгімелейді. Әсіресе, Еділ, Жайық, Қарамерген, 
Сұрмерген хақындағы хикаяларды айтуға болады. Мәселен, 
сондай хикаялардың бірі «Мамай батырда» дәл осы Асанға 
байланысты айтылатын тарих қайталанады. Мамай батыр 
қартайған шағында өзінің басынан өткен үш хикаяны айтып, 
сол кезде арманда қалғанын сөз етеді. Міне, сол хикаяның бірі 
мынау:
«Екінші арманым, – деді Мамай батыр, – осы көктырнақты 
өлтіріп, әкелерімнің өшін алып, көңіл жайланып, сонымен 
үйден шықпай он бес­жиырма жыл жаттым. Содан кейін 
бір күні ой түсіп, Құбажон деген жоным бар еді, маңайы 
көк самал соғып тұрушы еді, жотасынан шығып қарағанда, 
аржағында Шыңырау деген құдығым бар еді, суы көк мөлдір 


[
  88  
]
зәмзәм суындай еді, осыларды сағынып, сейілге бір шығып, 
көңіл көтеріп келейін деп, Жайдақкер деген бәйге атыма 
мініп, Құбажоныма шығып, жан­жаққа көз салып қарасам, 
баяғы Шыңырау құдығымның басында ақ қостар тігулі тұр... 
Шыңырау құдыққа қарай желе жортып келе жатырмын. Құ­
дыққа тақағанда, құдық маңында ойнап жүрген көп қыздар 
алдымнан шығып, келе аттың шаужайынан алып, «күйеу 
келді» деп жабылып, мені аударып алып қалды. Қалған қыздар 
бірі сақалымнан жұлып, бірі қойғылап, жұлмалап, «күйеу, 
күйеу» деп әкеп, бір үлкен ақ қосқа кіргізіп, асты­үстіме 
көрпе төсеп, неше түрлі тағамды алдыма әкеп қойды. Өздері 
бір 
ге отырып, «күйеужан, іш» деп, барлығы қойғыштап, 
есімді шығарды. Бір өңкей сұлу қыз. Мұның қайсысы менің 
әйелім екені белгісіз. Әйтеуір, «күйеу» дейді. Сол кезде отыз 
бестегі қалпыма түстім. Сөйтіп, күн батты, түн болды. Бір­
екі қыз келіп, үйдегі қыздарға: «Күйеу үлкен үйге кіріп отқа 
май құйсын, тамақ ішсін дейді», – деп келді. Сол­ақ екен, 
көп қыз қол­ аяғымды жерге тигізбей жұлқылап, «күйеу» деп 
жұлмалап әкеп, үлкен ақ қосаққа кіргізіп, қолыма май құйған 
бақыр беріп: «Отқа май құй, күйеу!» – деді. Мен бақырды 
алып, күйеу ырымын жасап, отқа май құйдым. Төрге шығарып 
алтын тақтың үстінде үлде мен бүлдеге бөленген ай мен күндей 
бір сұлу қыздың қасына әкеп, маған да алтын орындық беріп 
отырғызды. Е, менің жарым осы екен деп, сол кезде жиырма 
бестегі қалпыма түстім. Бір уақытта неше түрлі тамақ әкеп 
қойып, сусын құйды. Басыма ақ жастық мамық қойып, 
шынтақтап отырып, сусын ішуге айналғанда, әлгі алтын 
тақтағы қыз да келіп, менің қасыма шынтақтап келіп отырып, 
сусын ішті. Көп қыздар «күйеу» деп, жұлқылап жатыр. Мен 
жасаңғырап баяғы жас қалпыма келдім. Шайды ішіп болған 
соң қасымда шынтақтап жатқан қыз құрбыларына: «Барыңдар, 
жақсылап төсек салыңдар!» – деп бұйырды. Қыздар барып, 
төсек салып келіп: «Тақсыр, төсек дайын» деп, патша қызға 
хабарлады. Пат ша қыз: «Ал, олай болса!» деп, барлығымыз 
сонда бардық. Барсақ, төсекті белден ғып салыпты. Әлгі патша 
қыз: «Барыңдар!» – деп, қыздардың бәрін таратып жіберіп, өзі 
менің қасымда қалды. Сонымен екеуміз оңаша қалдық. Мен 
шешініп, төсекке жаттым. Қыз отырды. Сонан кейін еркектік 


[
 
 89  
]
етіп көрейін деп, қызды қолынан тартып едім, маған қыз айтты: 
«Жоқ, қазір болмайды, саған серт қоямын, сен таң атқанша 
мына шамға қарап, ұйықтамай отырасың», – деді. Сонымен 
«Жарайды», – деп, таң атқанша кірпік қақпай, қарап отырып, 
бір кезде талып ұйықтап қалыппын. Таң атқанда шошып ояна 
келсем, басымда атым байлаулы, мылтығым қасымда, басқа 
түк жоқ, түгел көшіп кетіпті»
67

Бұл сюжет қазақ хикаясында дәстүрлі. Ол, көріп отыр­
ғанымыздай, әпсанаға да енген. Демек, әпсана жан ры өз бойы­
на көне мифтің де, хикаяның да белгілерін, сюжеттері мен бей­
нелерін сіңірген.
Осы хикаялық сюжет қазақтың ертегілерінде де, жырла­
рында да ұшырасады, яғни бұдан хикая аталған жанрларды 
қалыптастыруға атсалысқан деген қорытынды шығаруға бо­
лады. Сөзімізге дәлел ретінде Едіге туралы жырда осы типтес 
хикаялық сюжеттің болашақ батырдың ерекше адам екенін 
көрсету үшін, батырды дәріптеу мақсатында қолданылғанын 
келтіруге болады. Бұл жағдайға кезінде А.С. Орлов, В.М. Жир­
мунский тәрізді білгір ғалымдар көңіл бөлген. Мысалы, 
«Едіге» жырын талдай келіп, академик А.С. Орлов жаңағы 
хикаяны түгел баяндап шығады: «...Баба Түкті Шашты Әзіз 
Ағон деген үлкен өзеннің жағасында алтын тарақпен шашын 
тарап отырған қызды көреді. Қыз сезіп қалады да, суға сүңгіп 
кетеді. Баба Түкті де қыздың соңынан суға сүңгіп, судың 
астында тізіліп тұрған алпыс ақ үйді көреді. Әлгі қыз сонда 
болады. Ай десе аузы, күн десе көзі бар ғажап сұлу. Баба Түкті 
күнәкар болмайын деп қашуға ыңғайланады, бірақ сол кезде 
қыз оған: «Егер маған үйленбесең, одан да зор күнәға бата­
сың!» – дейді. Содан Баба Түкті әлгі қызға үйленеді. Келіншегі 
күйеуіне үш түрлі шарт қояды: аяқ киімімді шешкенде, аяғыма 
қарамайсың, шешінген кезімде қолтығыма қарамайсың, 
басымды жуғанда, төбеме қарамайсың, – дейді. Баба Түкті 
сертін бұзады да, әйелі ешкі тұяқты екенін (Соломон туралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет