Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет24/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   88
Қайғы – С.Қ.)  Жетісуға да, Алтай тауларына да, басқа да 
жерлерге барды, ең соңында Иран жақтан қажетті қонысты 
тапты. Ол Жиделібайсын деп аталады. Бұқарадан 15 күндік 
жол. Асан Қайғының ұрпақтары әлі де сонда. Асан Қайғы ол 
жаққа өзімен бірге көп қазақты алып кеткен, сондықтан ол 
жақтан Ақмола қазақтарының туыстары да табылады»
80
.
Соңғы мысал алынған әпсанада қазақтың шындық өмі­
рінде, әсіресе, XV­XVIII ғасырларда болған босқындар, кө­
бінесе оңтүстік өлкесіне жаппай көшу ту ралы оқиғалардың 
елесі сақталған. Елдің бұлай босуына ол кезде себеп көп 
болды: ру­тайпалардың өзара қақтығысы, сыртқы жаудың 
күтпеген шапқыншылығы, жайылымның тарылуы, жер 
отының аза юы, ауыр тұрмыс, т.т. осылардың әрқайсысы ел 
арасында Жерұйық, Жиделібайсын деген бақытты жер бар 
екен деген дақпырт таралып, олар туралы неше алуан әңгімелер 


[
  96  
]
туғызған. Жұрт оған сенген, сол жерлерді іздеген. Әрине, іздеп 
Жиделібайсынға барған елдің біразы сонда қалып отырған, ал 
басым көпшілігі атажұртына қайтқан. Міне, Жиделібайсынды 
тауып, елді сонда көшіріп әкеткен Асан Қайғы жайындағы 
әпсаналар осындай жағдайды бейнелейді.
Сол сияқты кейбір әпсаналардағы Өтегеннің де Жиделі­
байсынды тауып, оны жаратпай, Жетісуға қайтып келуі тарихи 
жағынан шындыққа сәйкес
81
. Мысалы, Е. Ысмайылов бұл тура­
лы былай деп жазады: «1723 жылы жоңғар шапқыншылығы 
кезінде қазақтың Орта жүз бен Ұлы жүздің көп рулары атамекен 
қонысынан босып ауып, Орта Азия хандығының қол астына 
дейін барды, ол қазіргі Қарақалпақ, Түрікменстан – Батыс 
Өзбекстан жерлері – Қоңырат, Жиделібайсын қазақтың босып 
барған жерлері еді. Бірақ барған ел Бұхар, Хиуа хандарының 
талауына ұшырап, көбі малынан айырылып, қатты күйзеліп, 
тұрақты қоныс, мекен таба алмайды, қалғандары Арқаға қарай 
көшеді. Осы босып көшкен елдің бір бөлігі Өтегеннің елі болуы 
мүмкін»
82
.
Сонымен қатар бас біріктіріп, күш жинаған қазақтар өз 
жерін жоңғарлықтардан азат етіп алған соң, көптеген ру­
тайпалар өздерінің тұрақты жеріне көшкен. Алайда, біраз жұрт 
сол Жиделібайсында, Өзбекстан мен Түрікменстанда қалып 
қойған. Ал ол жақтан қайтып келген ел Жиделібайсында да 
бақыт жоқ екенін көзімен көріп, оны Өтеген туралы әпсанаға 
қосқан, сөйтіп, Жиделібайсынды Өтеген жаратпаған, жер сін­
беген деп әңгімеленген.
Бұдан шығатын қорытынды: әлеуметтік­утопиялық 
әпсана лар оқтын­оқтын жаңғырып және циклизацияға түсіп 
отыра ды. Ұқсас тарихи жағдайлар мен оқиғалардың қайта­
лануы бұрын ғы сюжеттерді жаңаша пайдалануды қажет етеді, 
оларды сол кездегі тарихи тұлғаларға телітеді, сөйтіп, ескі 
әпсаналарды жаңа тұрғыда, жаңа бағытта баяндатады. Осының 
арқасында утопиялық сюжеттер фольклорлық, тарихи және 
шежірелік (генеалогиялық) циклизацияға түседі. Басқаша 
айтқанда, бұл сюжеттер әрқашан ел арасында айтылып жүреді 
де, белгілі бір та рихи кезеңдерде орын алған саяси­әлеуметтік 
оқиғаларға байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Кей 
жағдайда олар шежірелік сипат ала, әкелі­балалы екеуіне де 


[
 
 97  
]
қатысты айты 
лады. Мысалы, біралуан текстерде Асанның 
орнында оның әкесі Сәбит пен баласы Абат жүреді. Бұдан 
бақытты жер туралы сюжет Асан Қайғыдан бұрын пайда 
болғанын және оның генеалогиялық циклизациядан өткенін 
көруге болады.
Әуел баста бұл сюжет Асанның әкесі Сәбитке, содан соң Асан 
Қайғының өзіне, одан кейін оның баласы Абатқа телінген болу 
керек. Абат бұл әпсаналарда қазақтардың жоңғарлықтарға 
қарсы азаттық күресіне қатысушы болып көрінеді. Бұл жерде 
жалпы фольклорға тән анахронизмнің бар екенін айтпасқа 
болмайды. Егер Асан XIV­XV ғасырда өмір сүрген болса, оның 
баласы Абат XVIII ғасырда жасауы мүмкін емес. Екі арада 
үш ғасыр жатыр. Оның үстіне, Асан мен Абаттың бірігіп
жоңғар ға қарсы әрекет істеуі де анахронизм. Мұның бәрі – 
фольклорлық әрі тарихи циклизацияның нәтижесі.
Әрине, Асанның әкесі де (Сәбит), баласы да (Абат) дәл 
әпсанада суреттелгендей болған деу қиын. Бұл жерде де фольк­
лорлық дәстүрдің әсері бар: эпосқа ұқсатып, ежелгі сюжетке 
негізгі кейіпкердің әкесі мен баласы енгізілген. Мұндай атадан 
балаға, немереге дейінгі шежірелік сипат – түркі халықтары­
ның батырлық ертегілері мен қаһармандық жырларында 
дәстүрлі әдіс: шығарманың негізі оқиғасы прологпен және эпи­
логпен тұйықталады. Прологта болашақ батырдың перзентсіз 
қар тайған ата­анасы, олардың құдайдан бір баланы тілеп алға­
ны, ал эпилогта негізгі кейіпкер – батырдың ұрпағы жасаған 
ерлігі туралы баяндалады, яғни атасы, баласы немесе неме ре­
сі – үш буын жайында жырланады, әкесінің ісін баласы жал­
ғастырғанын көрсетеді.
Дәл осындай жағдай Асанның әкесі мен баласы хақындағы 
әпсаналарда қайталанады. Рас, мұнда Асан Қайғының әкесі 
әулие­әнбиелерге жалынбайды, баласызбын деп зарламайды, 
молаларға түнемейді. Ол да Асан Қайғы сияқты құтты мекен 
іздейді, бірақ таба алмайды. Біздің ойымызша, Асанның әке­
сі бұл сюжетке бертінгі заманда қосылған. Ондағы мақсат – 
халық ардақтаған Асанды, оның әкесін де тегін адамдар бол­
маған деп айту. Мұнда бақытты жерді Асаннан бұрын әкесі 
іздеген, бірақ таба алмаған соң, оның арманын жүзеге асыру 
үшін баласы Асан да сол құтты мекенді іздеген деген идея 
7­279


[
  98  
]
бар. Асанның баласы деп Абаттың да әпсанаға енгізілуі – осы 
шарттың нәтижесі. Яғни халық этикасына байланысты әкенің 
ісін баласы жалғастыру керек деген принцип фольклорда, 
әсіресе эпоста және біз талдап отырған утопиялық әпсанада 
шежірелік (генеалогиялық) циклиза 
ция қалыптастырған. 
Сөйтіп, Абат әке жолын қуған бала болып бейнеленеді. Бірақ ол 
бос жер іздемейді. Егер Асан Қайғы елді азаптан құтқару үшін 
алыста жатқан Жерұйықты іздесе, Абат жоңғарлықтармен 
соғысып, ел үшін жер босатып береді, сөйтіп, елге жаңа қо­
ныс тауып береді
83
. Проф. Н.С. Смирнова өте орынды айтады: 
«XVIII ғасырдың халық творчествосында бақытты жер тек 
атамекен болуы мүмкін деген патриархалдық түсінік жа­
ңаша, қайта қаралған. Ақтабан шұбырынды жылдары Жи­
делібайсын туралы арманның бекер екендігіне көзі жеткен 
халық творчествосының авторлары атақонысынан айырылған 
елге бірігудің және қажетті жер алудың жаңа амалын нұсқады. 
Ол Жоңғар басқыншыларын қуып, жаңа қонысқа ие болу еді. 
Сөйтіп эпикалық батырлардың жоңғарлардан тартып алған 
жерлеріне енді олар баяғы бақытқа толы Жиделібайсынның 
қасиеттерін көшіріп, ол жерлерді шөбі шүйгін, суы мол, күні 
жылы, қары аз деп суреттеді»
84
.
Мінеки, Абаттың жоңғарлықтармен соғысуы арқылы ел­
ге жаңа қоныс әперуі – XVIII ғасырдағы фольклорға тән құ­
былыс. Әрине, батыр ретінде бейнеленген Абат әпсанада 
барынша дәріптелген: ол – ержүрек батыр ғана емес, сондай­ақ 
өте мерген, шешен, қайырымды және әділ би. Сөз жоқ, Абат 
туралы әпсанада да, оның бейнесінде де эпикалық сипат басым, 
онда батырлар жырының әсері айқын сезіледі.
Бұл заңды да. Өйткені қазақ фольклорында ұзақ уақыт 
бойы эпикалық дәстүр, қаһармандық эпос үстем болып келді. 
Сондықтан XIX бен XX ғасырлардағы ақын­жыршылар дың 
бақытты жер іздеу туралы көне сюжетті эпос түрінде жырла­
ғаны еш таңданарлық нәрсе емес. Мәселен, Жиделібайсынды 
іздейтін Өтеген туралы әпсананы Сүйінбай мен Жамбылдың 
жыр етіп айтқаны белгілі. Бір қызығы, жырда Өтеген туралы 
әлеуметтік­утопиялық әпсананың негізгі белгілері толық 
сақталған.


[
 
 99  
]
Құтты қоныс, ырысты жер туралы утопиялық идея XIX 
ғасырдың басында туған «Мырзаш батыр» жырында да бар
85

Мырзаш – өмірде болған адам. Ол XIX ғасырдың екінші 
жартысында өмір сүрген, бүкіл Алтай мен Шығыс Түркістанға 
әйгілі саяхатшы, ізші. Ол туралы Н.М. Пржевальский бы­
лай деп жазады: «Алғашқы кезде біз жолбасшы етіп Зай­
сан приставының қазағы Мырзаш Алдияровты алдық. Ол 
бұрын да, 1877 жылы, бізді Құлжа мен Гученге бастап барған. 
Мырзаш батыр бізбен шекаралас Жоңғар жерін жақсы 
білетін... Жолбасшы ретінде Мырзаш аса пайдалы еді: тек оны 
тізгіннен шығармай мықты ұстау керек еді»
86
. Атақты орыс 
саяхатшысының бұл сөзінен Мырзаштың шаршауды білмейтін, 
талмас саяхатшы, батыл да тапқыр адам болғаны көрініп тұр. 
Демек, оның осы қасиеттері, сондай­ақ оның алыс сапарларға 
қорықпай шығып, ел аралап, неше алуан оқиғалардың куәсі 
болғаны, ол туралы жұрт арасында әр түрлі әңгімелер тууына 
себепкер болуы мүмкін. Көпті көрген Мырзашты ел енді 
өз әңгімелерінде дәріптеп, тек талмайтын саяхатшы ғана 
емес, сонымен бірге ержүрек батыр етіп, оны Урянхай мен 
жоңғарлықтарға қарсы күрестіріп, нағыз ерлік көрсеткен 
қаһарман қылып көрсетеді. Сөйтіп, «Мырзаш батыр» жыры 
туып, ел арасына тарайды
87
. Алайда, бір өкініштісі – құтты 
мекен іздеу утопиясы бұл эпоста «Өтеген батырдағыдай» басты 
тақырып емес. Мұнда сюжет таза қаһармандыққа құрылған, 
сондықтан бұл жырды талдауға көңіл бөлінген жоқ. Ол туралы 
айту себебіміз – қазақ фольклорында әпсана жанрының, соның 
ішінде әлеуметтік­утопиялық әпсананың да, бірте­бірте эпосқа 
айналуын көрсету еді. Жалпы, қазақ фольклорлық дәстүрінде 
соңғы уақытқа дейін көптеген аңыздар, ертегілер, хикаялар 
дастанға, жырға ауысып, жаңаша жырланып келді. Солардың 
қатарында ежелгі әлеуметтік­утопиялық әпсаналар да ұшы­
расады. Мысал ретінде халық ақыны Қалқа Жапсарбаев жыр­
лаған «Уәли Шора», «Орақ батыр» жырларын атауға болады
88

Демек, көне заманда пайда болған мифтік түсініктер мен 
соларға негізделген сюжеттер уақыт өте келе, қоғам дамып, 
болмыстың өзгеруіне, ой­сананың өзгеруіне сәйкес өзгеріп, 
жаңғырып отырған, соның нәтижесінде бір жанрдан екінші 


[
  100  
]
жанрға ұласып, біздің дәуірімізге алуан сатылық қасиетін 
сақтай әрі өзгере, әр түрлі жанрлық формада жеткен.
Ойымызды қорыта айтар болсақ, алғашқы қауымның 
классикалық аталық ру кезеңінде туып, қалыптасқан әлемнің, 
космостың пайда болуы, құрылымы жайындағы мифтік 
ұғым 
дар мен әңгімелер шамандық тұсындағы бақсының, 
оның жын иелерінің зиянкесті жындармен алысып, дүниенің 
төрт бұрышын, жоғарғы, төменгі әлемдерді, бүкіл ғарышты 
шарлайтыны туралы баяндайтын шамандық мифтің, сондай­
ақ адам өлгеннен кейін о дүниеде (төменгі әлемде) сапар шегіп 
жүреді немесе оның жаны басқа жаққа барып орналасады деген 
нанымдардың, әрі мифтік сюжеттердің бергі замандарда басқа 
сипат алып, көркем фольклорға айналғаны байқалады.
Бұл процесс нақтылы түрде қазақтың Қорқыт пен Асан 
Қайғы хақындағы әпсаналарын талдау барысында ашылып 
отыр. Бізге жеткен Қорқыттың өлімнен қашып, дүниенің 
төрт бұрышын кезуі жайындағы әпсана әу бас та шамандық 
миф болған. Онда шаманның зиянкесті жынмен шайқасып, 
барлық әлемді аралағаны және оның жанының басқа жаққа 
(Сырдарияның сағасы – өлілер әлеміне) кеткені туралы әңгі­
меленген.
Уақыт өте келе, бұл миф өзінің қасиеттілік әрі құпиялық 
сипатынан айырылып, ыдырауға ұшыраған. Оның себептері 
көп болды: рулық қоғамның күйреуі, бұрынғы нанымдар 
мен ұғымдардың өзгеруі, исламның оларды қудалауы, өзіне 
бейімдеуі, т.т. Міне, осындай жағдайларда көне шамандық 
миф өзінің алғашқа семантикасынан айырылып, тұтастығын 
жоғалтқан да, жаңа қоғам мен өмірге сәйкес өзгеріп отырған. 
Сөйтіп, ол бірде адамның өлімге дауа іздегені, бірде ырысты 
жер іздегені жайындағы әңгімеге айналады. Осындай өз­
геру, жаңғыру бары сында бұл мифтің сюжеті әр түрлі жағ­
дайды басынан кешіреді. Басқаша айтқанда, бұл сюжет таза 
этникалық белгі ала бастайды. Енді ол қазақ халқының 
өмірімен, тарихымен байланыстырылады. Яғни қазақ жұрты 
өз алдына отау тігіп, хандық құрғанға дейін, аталмыш сюжет 
жалпы адамзаттық мәнде айтылады, онда қазақтың да, ешбір 
қазақ ру­тайпасының да аты жоқ. Тек Қорқыт деген адам аты 
бар. Мұнда тарихилық нақты емес, ол сол кездегі сананың 
тарихи тұрғыдан заңды екенін көрсетеді.


[
 
 101  
]
Ал қазақ елі хандық құрғаннан кейін бұл сюжет тарихи­
этникалық сипат алады. Онда қазақ халқы, ру­тайпалары 
көрінеді, тарихи тұлғалар бейнеленеді, нақты жер­су аттары 
беріледі. Қазақтың көшпелі, бақташылық тұрмысы, саяси­
әлеуметтік оқиғалары көрініс табады. Сонымен бірге көне 
мифтің кейбір белгілері де сақталып келген. Айталық, өлген 
адам жанының басқа жаққа кетіп, рахат табады деген ұғымның 
өзгерген түрі Ыдұқ, Жерұйық атты бақытты жер болып көрінуі. 
Осы жерді іздеген кейіпкер – дүниенің төрт бұрышын шарлаған 
шаманның жаңа типі. Осыған қоса мынаны айту қажет: ежелгі 
о дүние шындық өмірде бар Жерұйыққа айналғаннан кейін, 
енді ол сол ырысты жерді табуды армандаған. Оны түйеге 
мініп іздеп, жиһанды шарлаған. Көріп отырсыздар, көне 
мифтік сюжет енді утопиялық әпсанаға айналған. Ал қазақ 
өміріндегі оқиғалардың кірігуі оған әлеуметтік мағына берген. 
Сөйтіп, ерте замандағы шамандық миф әлеуметтік­утопиялық 
әпсанаға айналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет