[
251
]
мен бикеш сәлемдемесі. Екеуі де жалын жеңістерін анықақ
ынтықынтық сезіммен айтпақ болады. Сол көңіл талаптарына
арналған нелер шебер теңеулерді ақын табады және тапқанда
қазақ халқының өз тірлігіндегі, өз табиғатындағы болмыстан,
натурадан мысалдар алады»
5
.
Осы орайда арнайы айтатын нәрсе – Мұхтар Әуезовтің
бұл өлеңдерде дәстүр белгісінің болуын қазақ болмысымен
байланысты деп түсіндіруі. Жазушығалымның бұл пікірі,
біздің ойымызша, кеңірек мағынаға ие. Мұнда байқалаты
ны – ұлы Абай фольклорлық поэтикаға көп жағдайда қазақтың
өз топырағына байланысты жайттарды айтқанда көңіл
бөледі, ал жалпы адамзатық немесе өзге жұрттардың өміріне
қатысты мәселені сөз қылғанда, фольклорлық сюжетті ғана
пайдаланады да, поэтика саласында өзіндік, соны, тың жолмен
кетеді. Бірақ, бұдан Абай қазақ өміріне байланысты сюжеттерді
өз шығармаларына арқау етпеген деген ұғым тумауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: