Асанов камашке даулетқАНҰлы айтыс өнерінің публицистикалық сипаты Электронды оқулық


Айтыстағы саяси-әлеуметтік мәселелер



Pdf көрінісі
бет20/26
Дата27.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#70231
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Айтыстағы саяси-әлеуметтік мәселелер. Халықтың әл-ауқаты мен 
тұрмысы, шаруашылығы, ішкі-сыртқы саяси мәселелерінің көтеріліп, сөз 
болуын ХІХ, ХХ ғасырлардағы айтыс жырларынан ұшыратуға болады. ХІХ 
ғасырдағы айтыс жырларында бұл мәселе соншалықты биік деңгейде 
жырланбаса да, елдің саяси-әлеуметтік жағдайынан мағлұмат беретін дерек 
көздерін сол кездегі ақындар шығармашылығынан анық байқаймыз. Мәселен, 


220 
Қыз Болық пен Елентай айтысында сол уақыттың саяси-әлеуметтік жағдайы 
былайша көрініс табады:
Қыз Болық: «...Орыстың бір арбасы күймелі ме? 
Камзолың кемболаттан түймелі ме? 
Ежелден қарсыласқан жауың еді,
Содыры ит Қоқанның тимеді ме? 
Әзілкеш: «...Сұрасаң, ханым аты Қайып еді,
Заһарын жеті жұртқа жайып еді.
Аттанып Қоқан менен Қалмақты алды, 
Табаны қай дұшпаннан тайып еді?..» [166, 312-314]. 
Қайып ханның тұсындағы қазақ халқының саяси-әлеуметтік жағдайы 
айтыс жырларында осылайша көрініс тауып, дерек береді. Айтыс жырларында 
кездесетін осындай мағлұмат көздерін зерделей отырып, оның екі түрлі 
сипатына мән береміз. Бірінші, дәуірдің тарихи болмысын танысақ, екінші сол 
оқиғаға деген бұқара халық көзқарасын, қоғамдық пікірін байыптаймыз.
Ал, ХХ ғасырдағы кеңестік айтыс жырларында бұл тақырып, коммунистік 
идеология бағытында өрбіп, көрініс тапты. Бұл жерде халықтың әл-ауқаты, 
тұрмысы, шаруашылығы жөнінде айтылған ойларға қайта оралып жату артық. 
Айтыстағы саясат мәселесі кеңес заманында екі ұлы держава (КСРО мен АҚШ) 
арасындағы саяси текетірес, әлеуметтік бәсекелес мағынасында өрбіп отырды. 
1957 жылы Ақмола облысының Новочеркас – Калинин атындағы аудандар 
атынан айтысқан Төлеген Бақтыбаев пен Серік Орынбаев арасындағы сөз 
сайысында Төлеген ақын өзінің саяси-пайым көзқарасын былайша көрсетеді: 
Төлеген: 
«Партия үн тастады шақырды алға:
«АҚШ-ты басып озу таяу жылда»
Қазіргі басты міндет деді бізге,
Сондықтан біз болмақпыз үнемі алда.
Отаным туған бесік алтын ұя,
Өсірді, аялады нұрын құя.
Бейбіт күн салтанатын қорғап тұрған,
Адамзат қамқоршысы Компартия.
Партия өзі шешкен ұлы шешім,
Жетелеп қолына алды ғасыр көшін.
Тағы да адамзатты серпілдірді,
Кешегі бейбітшілік Манифесім...» [167, 471 б.]. 
ХІХ ғасырдағы Қыз Болық пен Әзілкеш, ХХ ғасырдың өкілі Төлеген 
ақындардың ой-пікірі, көзқарасы, өздері өмір сүрген дәуір мен қоғам дидарын 
боямасыз танытуымен ерекшеленеді. Халықтың саяси-тарихи болмысын 
танытатын мұндай дерек көздерін сонау көне ғасыр жәдігерлері Тоныкөк, Білге 
қаған жазбаларынан да танып-білетіндігімізді зерттеу барысында жан-жақты 
айтып өткен болатынбыз. Мұның өзі айтыс өнерінің ел тарихынан, оның саяси-


221 
әлеуметтік жағдайынан тысқары болмайтындығын, оған өзінің көзқарасын, 
әсер-ықпалын тигізіп келгендігін байқатады.
Ел тәуелсіздігін жариялаған ХХ ғасырдың соңғы он жылы мен ХХІ ғасыр 
басында, бұл тақырып айтыс жырларында ерекше көрініс тауып, үлкен 
мазмұнға ие бола бастады. 
Белгілі ғалым Шериаздан Елеукенов «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік 
кезеңінде» атты еңбегінде Тәуелсіз Қазақстан ақындары туралы былай деп 
жазады: «Тәуелсіздік кезеңнің лирикасы тарихты ұлт мүддесі тұрғысынан 
сөйлетеді. Бұрынғыдай жалтақтамайды, бір шоқып, екі қарамайды. Кеңес 
кезінде қазақ ақынының миы құдды локаторға ұқсайтын. Мәскеу жақтан 
мезгелген ойды қағып алып қазақшалайтын.
...Ендігі ақын өйтпейді. Бөтен жаққа қарап емінбейді. Оның айтқанын 
қайталап жарамсақтанбайды. Не құбылысты тарих безбеніне салады [168, 199 
б.]. 
Кез келген шығармашылық сала уақыт пен қоғам арақатынасы негізінде 
дамып, жаңарып отыратындығы белгілі. Өмірде болып жатқан тарихи оқиғалар 
мен саяси өзгерістер рухани құндылықтың қандай түріне де болмасын өз ен-
таңбасын бедерлейтіні заңдылық. Қазақстанның дербес мемлекет болуы, әлем 
халықтары мен саяси-экономикалық, мәдени-рухани қарым-қатынас түзеуі, 
бұқаралық ой-сананың уақыт үрдісіне бейімделуіне алғышарттар жасады.
Елімізде болып жатқан саяси-экономикалық реформалар, мәдени-рухани 
тұрғыдан қайта түлеу процесі, баспасөз бен әдебиетте, өнерде түрлі деңгейде 
көрініс тауып, халық талқысына ұсынылып жатты. Жоғарыда келтірілген ғалым 
Ш. Елеукенов пікірінде айтылғандай «Тәуелсіздік кезеңнің лирикасы тарихты 
ұлт мүдесі тұрғысынан сөйлете» бастады. Тәуелсіздік жылдарында өткізілген 
ақындар айтысы азаттық идеясының жалынды жаршылары бола білді. Айтыс 
өнеріне келіп қосылған жаңа толқының санасында «бір шоқып, екі қарау әдеті» 
болған жоқ. Азат елдің айбынды перзенттеріне тән өрлік мінез айтыс өнерінің 
жаңа толқынына ұлт мүддесіне қажетті өткір мәселелерді қаймықпай айтуға зор 
мүмкіндіктер туғызды. Айтыстағы жаңа толқынның көшін бастап, арналы жол 
салған А. Әлтай, М. Қосымбаев, М. Тазабеков, А. Леубаева, А. Тұрсынбаева,
Б. Имашев, А. Қалиев, Б. Шойбеков, Ж. Омаров, Д. Кәпұлы, Е. Жұматаев,
Ә. Сыздықов сияқты ақындардың соңын ала Р. Зайытов, А. Жұмағұлов,
М. Аханов, Т. Әділов, Ж. Бұлғақов, Ш. Қойлыбаев, Д. Қалиев, С. Тоқтамысова, 
Қ.Әубәкірова, М.Қуандықов сынды жас ақындар легі айтыс өнерінің абыройын 
көтере білді.
Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы ақындар айтысында саяси-әлеуметтік 
мәселелерді жырлау халықтың ішкі бірлік-ынтымағынан бастау ала отырып, 
ұлттық деңгейден әлемдік үлкен проблемаларға дейін қамтыды. Әлемде орын 
алып отырған саяси қақтығыстар көрінісі айтыс жырларында тек баяндау 
үлгісінде айтылған жоқ, керісінше, қазақ қоғамында сол зобалаңдардың орын 
алмауына алаңдаған ақын ойлары, елді бірлік пен ынтымаққа шақырып, 
қоғамға келелі ой тастауымен айшықталды. 
«Орыстар шешенді әлі ойрандап жүр,
АҚШ-та Азияңда сайрандап жүр.


222 
Ауғанды қиратып боп Ирак барып,
Ауыз салып мол байлық мұнайды аңдып жүр.
АҚШ-қа әскер, көмек береміз деп,
Бізден де бәз біреулер айқайлап жүр.
Біреудің жауын жеңіп бермек түгіл,
Онсыз да әскеріміз қайраңдап жүр.
Жарымай киер киім, ішер асқа,
Біздің әскер несімен жайраңдап жүр» [169, 270-271 бб], – деп жырлаған. 
Айбек Қалиев бұдан әрі АҚШ әскерінің қырғыз бен өзбек жерінде 
орнығып алғанын айтады. Қоғамдағы саяси ахуалды осылай деп бағамдаған 
ақын АҚШ-тың әпербақан, кеудемсоқ пиғылын сынға алады.
Тегіміз Томирис, Күлтегіннен басталатынын айта отырып, Керей, әз- 
Жәнібек заманындағы қазақ халқының өрлігін, Абылай хан тұсындағы 
ынтымақ-бірлігін тілге тиек етеді. Жыр соңында Мөңке би, Шортанбайлардың 
аманат сөздерін есіне алып, елді ішкі-сыртқы жаулардан әр кез сақ болуға 
шақырады. Айтыстың бір кезегіне ғана жүк болған осыншама уақыт 
проблемасы, өзінің өзекті де, өткір ойларымен халық санасына зор әсер етіп 
тұр.
Айтыста көтерілген басқа проблемалар сияқты әлеуметтік-саяси мәселелер 
де талдамалы-сараптамалы сипатта құрылып, тыңдаушы көрерменге ой 
саларлық деңгейде ұсынылады. Бұл жағдай бұқара халық зердесіне қоғамдық 
пікір қалыптастырумен қатар, адамдардың саяси көзқарасына, таным-түйсігіне 
де белгілі дәрежеде әсер етеді. Ақындардың саяси тақырыпқа баруы 
кездейсоқтық емес. Анығырақ айтсақ, айтыскерлердің әлемдік деңгейдегі саяси 
мәселелерге тіл қатуы, айналып келгенде ұлттық мүдде талаптарынан 
туындайды. Қазақстанның қазба байлығы, шетел инвесторларының елімізге 
көптеп келе бастауы, шекара мәселесі, жер сату, Байқоңыр тағдыры, полигон, 
«протон» зардаптары сияқты толып жатқан күрделі мәселелердің бір ұшығы 
әлемдік саясатқа барып тірелетіні белгілі. Сондықтан да, уақыт, қоғам тудырып 
отырған осындай көкейкесті проблемалар айтыс жырларында өткір көтеріліп 
отырды. Көрнекті ғалым Ш. Елеукеновтың: «Саяси лирика, дүниетанымы 
тарихилыққа, дәл қисынға теріс қарамауы керек. Жатық, жүйрік өлеңнің шарты 
– бас изету, құптау, бәрекелді айтқышым-ау дегізу. Ал олай емес, былай ғой 
деген күмән туғызған өлеңнен береке қашатыны әлмисақтан белгілі ақиқат», – 
[168-352] деген пікірі де осындай мәселелерге байланысты айтылған. Айтыс 
жырларындағы саяси-әлеуметтік лириканың да пайда болып, қалыптасуына 
қашаннан қоғамдық өзгерістердің әсер етіп отыратындығы сондықтан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет