Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


  Мекемелер  мен  ұйымдардағы  электрондық  мұрағат  жəне



Pdf көрінісі
бет179/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   188
5.8.1.  Мекемелер  мен  ұйымдардағы  электрондық  мұрағат  жəне 
оның құжат айналымындағы орыны 
 
 
Қағаз  негіздегі  істердің,  сондай-ақ  ақпарат  көздері  болып 
табылатын  əртүрлі  автоматтандырылған  жүйелердің  мұрағаттары 
қазір əрбір ұйымда бар деуге болады. 
 
Бұл ретте біз электрондық мұрағат жүйесін құруға негіз болатын 
алғышарттар  жөнінде  жəне  мұндай  жүйені  ендіруден  келетін  пайда 
туралы тоқталайық. 
 
Forrester Research, Media Asset Management секілді дереккөздер 
ақпараты  бойынша  электрондық  мұрағат  жүйесін  жасауға  негіз 
болатын себептік алғышарттар мыналар: 
 
-  қағаз  құжаттарды  сақтауға  кететін  шығын  электрондық 
құжаттарды сақтауға кететін шығыннан 80 пайызға асып түседі; 
 
-  интеллектуалдық  қызметкерлер  қажетті  құжаттарды  іздеуге 
уақытының 40 пайызын жұмсайды; 
 
-  қайталап  қолдануға  болатын  құжаттардың  70  пайызы  жаңадан 
қайта жасалады; 
-  кəсіпорындарда  құрылымдық  жүйеге  түсірілмеген  ақпараттар 
көлемі жыл сайын 200 пайызға өсіп отырады; 
- құжаттардың 30 пайызы белгіленген мерзімнен кеш өңделеді; 
- құжаттардың 6 пайызы жоғалып кетеді; 
Қағаз негізді құжаттарды мұрағаттаудың тағы бір проблемасы: 

мұрағаттағы 
құжаттардың 

пайызы 
дұрыс 
орналастырылмайды;  
- 6 пайызы мүлдем жоғалады; 


 
222
-  құжаттардың  60  пайызы  қозғаусыз  қалып  жатады  немесе 
ұмытылады. 
Жақсы  ұйымдастырылған  кəдуілгі  мұрағаттардың  өзінде  құжат 
іздеуге  10  күнге  дейін  уақыт  кетеді,  оның  үстіне  сұралған  əрбір 
оныншы құжат табылмайды. 
Осыған байланысты неғұрлым құнды құжаттар пайдалануға тіпті 
берілмейтін  болады.  Өйткені  олардың  жоғалып  кетуінен  қорқады. 
Бұған  қоса  қағаз  негіздегі  ақпараттарды  сақтау  құны  өсіп  барады,  ал 
мұрағат  тиімділігі  жалпы  алғанда  түсіп  барады.  Бұл  басшылық  үшін 
нағыз бас ауыртатын мəселе. 
Қағаз  құжаттар  секілді  электрондық  құжаттар  да  кез  келген 
кəсіпорын  үшін  ақпарат  капиталының  негізі  болып  табылады. 
Құжаттардың сақталуын басқару процесі мемлекеттік стандарттармен 
реттелген,  оған  салалық  ерекшеліктер  көп  əсер  ете  алмайды. 
Кəсіпорында  «Электрондық  мұрағат»  жүйесін  ендіру  құжаттарды 
сақтаудың  құрылымдық  тəртібін  ретке  келтіреді  жəне  қағазсыз 
технологияға көшу процесін жеделдетеді. 
Электрондық мұрағат дегеніміз: 
1) құжаттарды өнеркəсіптік негізде сканерден өткізу; 
2)  ретроспективтік  айырбас  (қағаз  құжаттарды  жаппай 
электронды түрге көшіру); 
3) ұйымның ақпараттық ресурсын жасау; 
4)  мəліметтер  мен  құжаттар  қоймаларын  басқару  жөніндегі 
процедураларды автоматтандыру.  
Электрондық  мұрағат  ақпараттық  технология,  мұрағат  ісі,  құжат 
айналымы  мен  бизнес-процесті  басқару  қызметтерінің  тоғысқан  тұсы 
болып  табылатын  жоғарыда  аталған  процестерді түгелдей  біріктіреді. 
«Электрондық  мұрағатты  басқару»  (халықаралық  термин  бойынша  – 
Electronic Rekords Management, ERM) дегеніміз де, міне, осы.  
Кəсіпорында  электрондық  мұрағат  жүйесін  ендіру  жоғарыда 
айтқанымыздай,  құжаттарды  іздестіруге,  оларды  көшірмелеу  мен 
таратуға 
кететін 
уақытты 
мейлінше 
қысқартатындықтан 
қызметкерлердің  еңбек  өнімділігін  арттыруға  мүмкіндік  жасайды. 
Нəтижесінде: 
1)  Ақпараттарды  неғұрлым  тиімді  жолдармен  басқаруға,  атап 
айтқанда:  құжаттарды  əртүрлі  белгілері  бойынша  топтастыруға 
(классификациялауға),  оларды  əдеттегіден  анағұрлым  көп  мөлшерде 
жинақтай  отырып  өңдеуге,  шешімді  тезірек  əрі  нақтырақ  етіп 
қабылдауға, құжаттардың жоғалмауын қамтамасыз етуге; 
2)  құжат  тарихын  қарауға,  құжаттарға  енгізілген  барлық 
өзгерістерді тексеруге; 
3)  клиентке  қызмет  көрсету  сапасын  жақсартуға:  бұл  мұрағат 
бойынша  сұраныстарды  орындау  қағаз  құжаттар  бойынша  жұмыс 
жүргізуден  гөрі  жеңілірек,  клиент  жауапты  бұрынғыдан  тезірек  алады, 
соған орай ризашылығы да арта түседі; 


 
223
4)  құжаттарды  жоғалып  кетуден  немесе  бүлінуден  сақтауға 
(электрондық  құжаттар  мұрағатының  тұрақты  көшірмесін  жасау  –  
құжаттардың  жоғалып  кетуінен  сақтандыруға  мүмкіндік  береді), 
санкциясыз  қол  жеткізуден  қорғауға  (қызметкерлер  арасында 
құқықтардың икемді бөлінуі жəне жүйеден жылдам ажырату мүмкіндігі); 
5)  компания  жоғарғы  басшылығының  ақпаратқа  тез  əрі  дер 
кезінде  қосылуы  мен  олардың  шешімді  дұрыс  қабылдауы  үшін 
мүмкіндік  жасай  отырып  кəсіпорынның  бəсекелестік  қабілетін 
күшейтуге қол жеткізіледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет