Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


§1. Басқару құжаттарының жобаларын əзірлеу жəне қол қою тəртібі



Pdf көрінісі
бет24/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   188

§1. Басқару құжаттарының жобаларын əзірлеу жəне қол қою тəртібі 
  
63.  Басқару  құжаттарының  жобаларын  Мекеме  бөлімшелері  ұйымға 
жүктелген  міндеттер  мен  функцияларды  шешу  мақсатында  басшылықтың 
тапсыруы бойынша немесе өз бастамасымен əзірлейді. 
Басқару  құжатының  жобасын  əзірлеу  бір  немесе  бірнеше  бөлімшелерге 
немесе  жекелеген  мамандарға  тапсырылады.  Күрделі  жəне  көлемді  басқару 
құжаттарының    жобаларын  əзірлеу  үшін  жұмыс  топтары  құрылады,    білікті 
мамандар тартылады. 
64. Басқару құжаттарын əзірлеу үшін: 
1) мəселенің мəнін зерделеу; 
2) құжаттың жобасын əзірлеу; 
3) құжатты мүдделі бөлімшелермен, сондай-ақ заң бөлімшесімен келісу; 
4)    келісілген  құжатты  Мекеме  басшылығына  (филиалдың  басшылығына) 
қол қоюға ұсыну қажет. 
65.  Басқару  құжатының  жобасын  əзірлеу  кезінде  оны  шығарудың  мақсаты 
жəне онда көрсетілуі тиіс мəселелер айқындалады, қажетті ақпарат жиналады. 
66.  Басқару  құжатының    жобасын  əзірлеуге  жауапты  бөлімше  (бұдан  əрі  -  
жауапты  бөлімше)  қажетті  материалдарды  зерделегеннен  кейін  оның  жобасын 
жасап, оны мүдделі бөлімшеге келісуге ұсынады. 
67.  Мекеменің  басқару  құжаты  жобасының  əзірленген  мəтіні    ресімдеуге 
қойылатын бірыңғай талаптарды сақтай отырып, қажетті деректемелері: Қазақстан 
Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасы  не  Мекеменің  эмблемасы,  Мекеменің 
ресми атауы, құжат түрінің атауы, құжат жасалған жер, деректемелерге арналған 
орын:  құжат  жасалған  күні,  құжат  нөмірі  бар  арнайы  бланкілерде  түзетуге  жол 
бермей,  нақты түрде (қысқартусыз) басылған болуы керек. 
68. Құжатты мүдделі бөлімшелермен келісу құжат жобасына алдын ала баға 
беру, оның негізділігін, мақсатқа сай екендігін жəне уақытқа сəйкестігін, Қазақстан 
Республикасының  жəне  Мекеменің    қолданылып  жүрген  нормативтік  құқықтық 
актілеріне сəйкес болуын жүзеге асыруды көздейді. 
Құжатты  келісуді  электронды  құжат  айналымы  шағын  жүйесінде  құжаттың 
жобасымен  Мекеменің  лауазымды  тұлғаларын  кезек-кезек  немесе  бір  уақытта 
таныстыру  арқылы  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Келісуге  электронды  почта 
құралдары пайдаланылады. 
69.  Орындау  үшін  бюджеттен  шығыс  шығарылатын  немесе  бюджет  кірісін 
қысқартуға  əкеліп  соқтыратын  құжаттың  жобасы  міндетті  түрде  бюджетті 
жоспарлау жəне бақылау бөлімшесімен келісіледі. 
70.  Мүдделі  бөлімшелермен  келісілгеннен  кейін  жауапты  бөлімше  басқару 
құжатының  жобасын  осы  жобаның  Қазақстан  Республикасының  жəне  Мекеменің 
нормативтік  құқықтық  актілеріне  сəйкестігін  тексеретін  заң  бөлімшесімен  келісуге 
ұсынады.  
71.  Мүдделі  бөлімше  мен  заң  бөлімшесі  басқару  құжатының  жобасын  он 
жұмыс  күнінен  аспайтын  мерзімде  қарайды.  Басқару  құжатының  жобасымен 
келіспеген  жағдайда  аталған  бөлімшелер  өз  ескертпелері  мен  ұсыныстарын 


 
49
жауапты бөлімшеге ұсынуға, ал  ескертпелер мен ұсыныстар болмаған жағдайда 
жобаға  қол  қоюға  тиісті.  Жауапты  бөлімше  басқару  құжатының  жобасын  қарау 
мерзімі  шегінде  жобаны  мүдделі  жəне  заң  бөлімшелерімен  келісу  бойынша 
əзірлеу  мерзімін  тездету  мақсатында  жобаны  жұмыс  тəртібімен  пысықтауына 
болады. 
72.  Жауапты  бөлімше  басқару  құжатының  жобасы  бойынша  соңғы  мүдделі 
бөлімшеден  ескертулер  мен  ұсыныстарды  алғаннан  кейін  бес  жұмыс  күнінен 
аспайтын мерзімде  жобаны пысықтайды жəне оны екінші рет келісуге ұсынады. 
73.  Барлық  басқару  құжаттары  жобаларының  бірінші  данасына  жауапты 
жəне  мүдделі  бөлімшелердің  басшылары,  сондай-ақ  заң  бөлімшесі  мен  Мекеме 
Төрағасының жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары қол қояды. 
74.  Басқару  құжатында  көрсетілген  орындау  мерзімі  нақты  жəне 
болжанатын жұмыс көлеміне сəйкес келетін болуы тиіс. 
Мерзім  белгілеген  кезде  ақпараттың  нақты  орындаушылардың  қолына 
тиетін уақытын ескерген жөн. 
Орындау  мерзімі  қажет  болған  кезде  əр  тапсырма  үшін  жеке-жеке 
белгіленеді,  бірақ  барлық  басқару  құжаттары  үшін  ортақ  орындау  мерзімі  де 
көрсетілуі мүмкін. 
75.  Басқару  құжаттарында  сілтемелері  мəтіннің  тиісті  тармақтарында 
берілуге тиісті қосымшалары болуы мүмкін. 
Басқару құжаттарының қосымшаларына, сондай-ақ басқару құжаттарына да  
Төраға немесе оның орынбасарлары қол қояды. 
Мекеменің  Төрағасы  қол  қоятын  басқару  құжаттарының  қосымшаларына 
жауапты  жəне  мүдделі  бөлімшелердің  басшылары  жəне  Төрағаның  жауапты 
бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары қол қоюы тиіс. 
Мекеме  Төрағасының  орынбасары  қол  қоятын  басқару  құжаттарының 
қосымшаларына жауапты жəне мүдделі бөлімшелердің басшылары қол қоюы тиіс. 
76.  Ұсынылған  басқару  құжаттарының  жобалары  бойынша  ескертулер 
болған  жағдайда  Мекеменің  Төрағасы  не  оның  орнындағы  адам,  сондай-ақ 
Төрағаның орынбасарлары оны жауапты бөлімшеге пысықтауға жібереді. 
77.    Жауапты  бөлімше  басқару  құжатының  жобасын  ескертулерді  ескере 
отырып  пысықтап,    мүдделі  жəне  заң  бөлімшелерімен  екінші  рет  келісілгеннен 
кейін Мекеме басшылығына ұсынады. 
78.  Мекеменің  нормативтік  құқықтық  актілерін  əзірлеу,  келісу  жəне  бекіту 
(қабылдау)    тəртібі  Мекеменің  жекелеген  нормативтік  құқықтық  актілерімен 
реттеледі.  
79. Мекеменің Басқармасы мен Директорлар кеңесі қаулыларының жобасын 
ресімдеу,  оларды  келісу,  қабылдау  жəне  жіберу  тəртібі  олардың  жұмыс 
регламентінде жазылған. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет