Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


§ 1. Келіп түскен хат-хабарларды тіркеу тəртібі



Pdf көрінісі
бет26/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   188

§ 1. Келіп түскен хат-хабарларды тіркеу тəртібі 
 
100.  Электронды  құжат  айналымы  шағын  жүйесінен  тыс  қабылданған 
жəне/немесе  электронды  қол  қойылмаған  не  электронды  қолға  сəйкестігін 
тексеруден  өтпеген  электрондық  хабарламаларды  қоспағанда,  Мекемеге  келіп 
түскен  барлық  хат-хабарлар  Мекеменің  электронды  құжат  айналымы  шағын 
жүйесіндегі  уəкілетті бөлімшеде тіркелуі тиіс. 
101. Мекемеге келіп түскен, хат-хабар болып саналмайтын барлық құжаттар 
ілеспе  хатпен  бірге  жүруі  тиіс.  Мекемеге  ілеспе  хатсыз  келіп  түскен    жəне  хат-
хабар болып табылмайтын құжаттар кері қайтарылады. 
Осы  тармақтағы  талаптар  есепшот-фактураларға  жəне  сот,  құқық  қорғау 
органдары,  сондай-ақ  сот  шешімін  орындау  жөніндегі  органдар  жіберген 
құжаттарға қолданылмайды. 
            102.  Белгіленген  тəртіппен  тіркелмеген  хат-хабарды  бөлімше  орындауға 
қабылдамайды, ол келіп түскен күні тіркеу үшін уəкілетті бөлімшеге беріледі. 
103.  Мекемеге  келіп  түскен  қағазға  шығарылған  құжаттар  шағын  жүйеде 
тіркелгенге  дейін  сканерленеді.  Қағазға  шығарылған  құжаттың  түпнұсқасы  құжат 
атап  жіберілген  Мекеменің  бөлімшесіне  беріледі  жəне  ол  орындалғаннан  кейін  іс 
номенклатурасына сəйкес іске тігіледі. 


 
52
Сканерлеуді уəкілетті бөлімше жүзеге асырады. 
104.  Электронды  түрде  алынған  хат-хабарларды  шағын  жүйеде  тіркеу 
электронды қолдарды тексергеннен кейін жүргізіледі. 
105.  Электронды  түрде  келіп  түскен  құжаттар  автоматты  түрде  вирусқа 
қарсы сканерленеді. 
106.  Уəкілетті  бөлімше  почтамен  келген  хат-хабарларды  қарап,  іріктейді, 
содан кейін құжаттың бірінші бетінде төменгі оң жақ бұрышында құжаттың түскені 
туралы  (тіркеу  мөртаңбасы  түрінде  қойылуы  да  мүмкін)  келіп  түскен  күнді,  парақ 
санын жəне электронды құжат айналымы шағын жүйесінде құжатқа берілген тіркеу 
нөмірін  көрсете  отырып  белгі  қойылады.  Тіркеу  мөртабаны  құжаттың  негізгі 
мəтінінің үстіне қойылмауы тиіс. 
Шет тілдердегі  хат-хабарды тіркеген кезінде құжаттың түскені туралы белгі 
түпнұсқаға да жəне аударылған мəтінге де (егер ол болса) қойылады. 
Ашылуға  тиісті  емес  хат-хабарға  құжаттың  келіп  түскендігі  туралы  белгі 
конвертке қойылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет