Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет46/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу


§ 1. Істерді ресімдеу тəртібі 
 
278. Тұрақты сақталатын жəне жеке құрам бойынша істер толық ресімделуі 
тиіс,  оған  мыналар  жатады:  істерді  қатты  мұқабаларға  түптеу,  іс  парақтарын 
нөмірлеу, істің растау қысқа жазбасын жасау жəне іс мұқабасының деректемелерін 
ресімдеу.  Тұрақты  сақталатын  істерді  –  Мекеменің  бұйрықтарын,  өкімдерін, 


 
72
хаттамасын,  шарттарын,  Басқарма  мен  Директорлар  кеңесінің  қаулыларын 
ресімдеу  кезінде  құжаттардың  ішкі  тізімдемесі    жасалады.  Уақытша  сақталатын 
істер  тігілмейді  (бухгалтерлік  құжаттарды  қоспағанда),  парақтар  нөмірленбейді 
жəне құжаттар тігілетін папкаларда болады. 
279. Тұрақты жəне уақытша сақталатын (10 жылға дейін) істердің мұқабасы 
белгіленген  нысан  бойынша  ресімделеді.  Мұқабадағы  іс  атауларының  тігілген 
құжаттардың  мазмұнына  сəйкестігі  тексеріледі.  Қажет  болған  жағдайларда  істің 
атауына қосымша мəліметтер енгізіледі (бұйрықтардың, хаттамалардың нөмірлері, 
есеп беру түрлері мен нысандары жəне басқалары қойылады).  
Мұқабадағы  күн  істің  ашылған  жəне  аяқталған  жылына  сəйкес  келуі  керек. 
Істің жасалған жылынан неғұрлым бұрынғы жылдардағы құжаттары бар істе күннің 
астына «___________  жылдарға арналған құжаттар бар» деген жазба қойылады. 
Бірнеше  томнан  тұратын  істердің  мұқабаларында  əрбір  том  құжаттарының 
соңғы  күндері  қойылады.  Нақты  күнтізбелік  күнді  белгілеген  кезде  күні,  айы  жəне 
жылы көрсетіледі. Күннің қысқартылған сандық жазбасына рұқсат етіледі. 
Мұқабада тізімдеме бойынша істің нөмірі жəне мұрағатпен келісім бойынша 
мұрағатқа тапсырған кезде тізімдеме жəне қор нөмірі қойылады.  
Іс  құжаттары  қамтитын  кезең  ішінде  Мекеме  бөлімшесінің  атауы  өзгерген 
кезде  немесе  істі  басқа  бөлімшеге  тапсырған  кезде  мұқабада  бөлімшенің  жаңа 
атауы қайта жазылады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет