Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


  Басқаруды  құжатпен  қамтамасыз  етудің  мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет14/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

2.3.  Басқаруды  құжатпен  қамтамасыз  етудің  мемлекеттік 
жүйесі жəне құжаттау 
 
Бүгінгі  күні  еліміздегі  құжаттамалық  қамтамасыз  ету  ісін 
бақылауға өкілетті орган Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне 
ақпарат  министрлігінің  Ақпарат  жəне  мұрағат  комитеті  (бұдан  əрі  – 
Комитет)  болып  табылады.  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2004 
жылғы  29  қазандағы  №  1130  қаулысымен  бекітілген  Ережеге  сəйкес 
Комитет  мұрағат  ісі  мен  құжаттама  жөніндегі  мемлекеттік  саясаттың 
жүзеге асырылуын бақылау жəне тексеру қызметін атқарады. 


 
32
Сол  секілді  елімізде  мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарының 
жүргізілуіне,  ұйымдастырылу  деңгейіне  белгілі  дəрежеде  Қазақстан 
Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің Тіл комитеті, 
қалалық  жəне  облыстық  тілдерді  дамыту  басқармалары,  Мемлекеттік 
тілді  жеделдетіп  оқыту  республикалық  орталығы  жəне  тағы  басқа 
құрылымдар  үйлестірушілік,  қадағалаушылық  жəне  оқу-əдістемелік 
функциялар атқарады.  
Көптеген  елдерде  іс  қағаздарын  жүргізудің  əдістемелік 
басшылығы мұрағат органдарына жүктелген. Мұнда кездейсоқтық жоқ. 
Құжат  көп  қырлы.  ҚР  1037-2001  «Іс  қағаздарын  жүргізу  жəне  мұрағат 
ісі. Терминдер мен анықтамалар» стандарты бəрінен бұрын құжаттың 
ақпарат жеткізгіш құрал екенін атап өтеді. Құжатты күнделікті жұмыста 
пайдаланған  соң  оның  екінші  бір  ерекшелігі  алға  шығады,  яғни  оны 
ендігі  жерде  тарихи  дереккөз  ретінде  сақтау.  Қорытындысында  құжат 
Ұлттық  мұрағат  қорын  толықтырады.  Бұл  міндеттер  əрқашан 
басқарушылардың  да,  мұрағат  қызметкерлерінің  де  назарын 
аударады.  Қазақстан  Республикасының  «Ұлттық  мұрағат  қоры  жəне 
мұрағаттар туралы» Заңы бойынша құжаттардың жасалуына ұйымдық-
əдістемелік  басшылық  жəне  олардың  облыстағы  (республикалық 
бағыныстағы  қала,  астана)  мемлекеттік  ұйымдарда  ведомстволық 
сақтау  жағдайын  бақылау  мұрағат  органдарына  жүктелген.  Осыған 
орай 
облыстық 
мұрағаттар 
мен 
құжаттамалар 
басқармасы 
ведомстволық 
мұрағаттардың, 
мемлекеттік 
мекемелердің, 
ұйымдардың 
жəне 
облыс 
кəсіпорындарының 
құжаттау 
мен 
құжаттаманы  басқару  ісіне  ұйымдық-əдістемелік  басшылық  жасайды. 
Осы  мақсатта  мемлекеттік  ұйымдардағы  құжаттама  жасау  мен 
мұрағаттық  құжаттарды  сақтау  жайына  кешенді  тексеру  жүргізіледі, 
соның аясында семинар-жиналыстар өткізіліп, іс қағазын жүргізушілер 
мен  мұрағатқа  жауап  беретіндерге  кеңестер  беріледі,  жеке 
номенклатуралық істер жетілдіріліп, мұрағат құжаттары реттеледі. 
Кешенді  тексеру  жүргізу  алдында  мұрағаттар  мен  құжаттамалар 
басқармасы  облыстың  тиісті  департаменті,  басқармасы  немесе 
бөлімімен  бірге  арнайы  бұйрықтар  шығарады.  Бұйрықтар  арқылы 
жүйеге  қарасты  ұйымдардың  тізімі,  тексеру  мерзімі  белгіленіп, 
комиссиялар құрылады, тексеруді дайындау жəне жүргізуге дайындық 
жөніндегі жоспарлар бекітіліп, басқа да тиісті қағаздар əзірленеді. 
 
Қандай  ұйым  болмасын,  соның  ішінде  коммерциялық  ұйым  да 
құжатсыз жұмыс жүргізе алмайды. Құжаттардың түзілуі, пайдаланылуы 
жəне  сақталуы  қолданыстағы  заңнамаларға  сəйкес  жүргізілген 
жағдайда ол компания мүдделері қорғалуын қамтамасыз етіп, басқару 
қызметінің тиімділігін арттыра түседі. 
Өз  ісін  ашқысы  келген  кісілердің  бəрі  де  ең  алдымен  тиісті 
құжаттарды ресімдеуден бастау қажеттігін жақсы түсінеді. 
Іс  қағаздарын  жүргізуді  дұрыс  ұйымдастыру  кез  келген  ұйым 
қызметі  туралы  шынайы  мəліметтер  алып  отыруға  мүмкіндік  беретіні 


 
33
жəне  оларды  неғұрлым  тиімділікпен  басқаруға  ықпал  ететіні  айқын. 
Бұл  іс  қазіргі  жағдайда  бірқатар  түбегейлі  ерекшеліктерге  ие  болып 
отыр.  Бүгінгі  ұйымдар,  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас 
құралдары  мен  ақпараттық  технологиялар  ендірудегі  аса  жылдам 
өзгерістер    кезеңінде  жан-жақты  талдап,  түсінуді  жəне  кейін  де 
пайдалану үшін сақтауды қажет ететін ақпараттар көлемі өсе түсуде. 
Басқарудың 
ақпараттық 
дерек 
көздеріне 
байланысты 
технологиялық  процестердің  бір  де  бірі  іс  жүзінде  құжаттау  қызметін 
айналып өте алмайды. Құжаттау – құжаттардың түзілу, орындалу жəне 
ресімделу 
процестерінен 
тұрады. 
Барлық 
буындардың 
атқарушыларынан бастап жетекшілеріне дейінгі   барша жұмыскерлер 
қызметі осы құжаттау ісімен байланысты.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет