Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет40/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу


§ 2. Кіру құқығына шектеулер қою 
 
208. 
Электронды 
құжат 
айналымының 
шағын 
жүйесінде 
пайдаланушылардың 
құқықтары 
туралы 
ақпарат 
бар 
шағын 
жүйені 
пайдаланушылардың деректер базасы жүргізеді. Шағын жүйе  пайдаланушыларға 
белгіленген  құқықтарға  сəйкес  олардың  шағын  жүйе  қызметіне,  тіркеу 
журналдарына жəне электронды сақталатын құжаттарға енуін бақылайды. Шағын 
жүйені  басқарушы  пайдаланушылардың  шағын  жүйенің  қызметіне,  сондай-ақ 
тіркеу журналына  кіру құқығын шектегені үшін жауап береді.  
209. Уəкілетті бөлімше орталық аппараттың мүдделі бөлімше басшысының, 
филиалдарда  –  филиал  басшысының  өтініші  бойынша  пайдаланушының 
құжаттарға кіру деңгейін белгілейді.  
210.  Пайдаланушы  шағын  жүйеге  кіретін  кезде  шағын  жүйенің  кіру 
деңгейімен  рұқсат  етілген  шағын  жүйенің  қызметіне  жəне  тіркеу  журналдарына 
ғана кіре алады.  
211.  Шағын  жүйеге  кіруге  бақылау  жасау  шағын  жүйенің  əкімшілігіне 
жүктеледі. 
212. Тіркеу журналдарында сақталатын құжаттарға кіру екі деңгейдегі нобай 
бойынша реттеледі: 
1)  бірінші  деңгейде  құжаттың  тіркеу  карточкасындағы  ақпаратқа  кіру 
реттеледі; 
2) екінші деңгейде – құжаттың мəтініне кіру реттеледі.  
213.  Электронды  құжаттарды  өңдеу  мен  өткізу  техникалық  құрал-
жабдықтары  орналастырылған  үй-жайға  кіру  тəртібін,  сондай-ақ  осы  үй-жайға 


 
64
кіруге  рұқсаты  бар  адамдардың  құрамы  Мекеменің  тиісті  нормативтік  құқықтық  
актілерімен белгіленеді.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет