Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


§ 1. Іс номенклатурасын жасау тəртібі



Pdf көрінісі
бет43/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу


§ 1. Іс номенклатурасын жасау тəртібі 
 
255.  Іс  номенклатурасы  сақталу  мерзімін  көрсете  отырып  жүйелі, 
белгіленген  тəртіппен  ресімделген  Мекеме  іс  жүргізуінде  ашылатын  істер 
атауларының тізбесін білдіреді. 
Іс  номенклатурасы  орындалған  құжаттарды  істерге  топтастыру,  Мекеме 
бөлімшелерінің іс жүргізуінде істерді жүйелендіруге, қалыптастыруға жəне  есепке 
алуға, олардың сақталу мерзімін белгілеуге арналған.  
256.  Бөлімшелердің  іс  номенклатурасы  Мекеме  қызметінің  барысында 
пайда болатын бекітілген құжаттар тізбесі (бұдан əрі – Құжаттар тізбесі) негізінде 
сақталу  мерзімін  көрсете  отырып,  бөлімшенің  жауапты  адамы  жасайды,  ол 
орталық мемлекеттік мұрағат мекемесімен келіседі жəне оны Мекеме Директорлар 
кеңесі бекітеді.  
257.  Бөлімше  басшысы  бір  жыл  ішінде  бөлімшенің  іс  номенклатурасына 
өзгерістер енгізуі мүмкін, бұл туралы міндетті түрде Мекеме мұрағатының жауапты 
қызметкеріне  хабарланады. 
258.  Жыл  сайын,  келесі  жылдың  1  қаңтарына  дейін  бөлімшенің  іс 
номенклатурасы  жасалған  өзгерістерді  ескере  отырып  қайта  қаралады,  Мекеме 
мұрағатының  қызметкерімен  келісіледі,  белгіленген  тəртіппен  бекітіледі  жəне 
күшіне енгізіледі. 
259.  Іс  номенклатурасын  жасаған  кезде  нормативтік  құқықтық  актілерді, 
сондай-ақ мұрағатта сақталатын Мекеме өткен жылдардың іс номенклатураларын, 
бөлімшелер  туралы  ережелерді,  істер  тізімдемелерін  басшылыққа  алу  керек. 
Мекеме  қызметінде  пайда  болатын  құжаттар,  олардың  түрлері  мен  құрамы 
зерделенеді. 
260. Номенклатураға енгізілген істердің атаулары олардың түрлерін көрсете 
отырып  (қаулылар,  өкімдер,  хаттамалар,  жоспарлар,  есептер,  хат  жазысу  жəне 
басқасы) істерде құжаттар топтастырылатын жұмыстар мазмұнын көрсетуі тиіс.  
Бір  жыл  ішінде  рұқсат  етілмеген  мəселелер  бойынша  істердің  атаулары 
ауыспалы (ауыспалы құжат – іс қағаздарында аяқталмаған немесе  ұзақ орындау 
мерзімін  қажет  ететін  құжат)  болып  табылады  жəне  келесі  жылдың  іс 
номенклатурасына  сол  индекспен  енгізіледі,  осыған  орай  іс  номенклатурасының 
«ескерту» бағанында «ауыспалы істер» белгісі көрсетіледі. 
Іс  номенклатурасына  Мекеме  таратылған  филиалдары  мен  дербес 
бөлімшелерінің аяқталмаған іс-қағаздарының атаулары енгізіледі. 
Басылымдардың атаулары іс номенклатурасына енгізілмейді. 
Істердің  атаулары  іс-қағаздарды  қалыптастыру  жəне  ресімдеу  барысында 
нақтылануы мүмкін. 


 
69
261. Орталық аппарат бөлімшелерінің  іс номенклатурасы негізінде Мекеме 
жиынтық  іс  номенклатурасы  жасалады,  ол  орталық  мемлекеттік  мұрағат  
мекемесімен  кемінде  бес  жылда  бір  рет  келісіледі  жəне  Мекеме  басшысының 
бұйрығымен бекітіледі. 
Мекеме  филиалы  мен  ұйымының  жиынтық  іс  номенклатурасын  жауапты 
адам    филиал  мен  ұйымның  мұрағат  қызметкерімен  бірлесіп  бөлімдердің  іс 
номенклатурасы  негізінде  жасайды  жəне  аумақтық  мемлекеттік  мұрағат 
мекемесімен  кемінде  бес  жылда  бір  рет  келіседі,  оны  филиал  мен  ұйымның 
басшысы бекітеді. 
Мекеме  міндеттері  мен  құрылымы  өзгерген  жағдайда  ол  өзгеруі,  келісілуі 
жəне бекітілудің белгіленген мерзіміне қарамастан бекітілуі тиіс. 
262.  Іс  номенклатурасының  бекітілген  данасы  тұрақты  сақталатын  құжат 
болып табылады жəне уəкілетті бөлімшенің номенклатура бөліміне енгізіледі. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет