Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


 ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІ ЖƏНЕ АУДИТ



Pdf көрінісі
бет73/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

14. ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІ ЖƏНЕ АУДИТ 
14.1.  Қоғамның  бухгалтерлік  есебін  жүргізу  жəне  қаржылық  есебін  жасау 
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп беру туралы 
заңдарында жəне бухгалтерлік есеп стандарттарында белгіленген.  
14.2.  Қоғамның  Атқарушы  директоры  жыл  сайын  акционерлердің  Жалпы 
жиналысына  өткен  жылға  арналған  қаржылық  есепті  талқылауға  жəне  бекітуге  
ұсынады,  оларға  аудит  Қазақстан  Республикасының  аудиторлық  қызмет  туралы 
заңдарына  сəйкес  жүргізілген  болуы  тиіс.  Қоғамның  Атқарушы  директоры 
қаржылық есептен басқа жалпы жиналысқа аудиторлық есепті ұсынады. 


 
109
14.3.  Қоғамның  жылдық  қаржылық  есебі  Директорлар  кеңесінің  алдын-ала 
бекітуіне акционерлердің жылдық Жалпы жиналысын өткізу күніне дейін отыз күн 
бұрын  жатады.  Қоғамның  жылдық  қаржылық  есебін  түпкілікті  бекіту 
акционерлердің жылдық Жалпы жиналысында жүргізіледі. 
14.4.  Қоғам  жылдық  қаржылық  есепке  аудит  жүргізуге  міндетті.  Қоғамның 
аудиті Директорлар кеңесінің, атқарушы органның бастамасы бойынша Қоғамның 
есебінен не ірі акционердің талабымен өз есебінен жүргізілуі мүмкін.  
14.5. Қоғамның құжаттары, оның ішінде Қоғамның қаржылық есебі Қазақстан 
Республикасының  заңдарына  сəйкес  белгіленген  мерзім  ішінде  жəне  көлемде 
сақталады.Акционердің талабы бойынша Қоғам оған Қазақстан Республикасының 
заңдарында  көзделген  құжаттардың  көшірмелерін  беруге  міндетті,  бұл  ретте 
қызметтік,  коммерциялық  немесе  өзге  де  заңмен  қорғалатын  құпия  ақпаратты 
беруге шектеу қоюға жол беріледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет