Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


 ҚОҒАМ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ ӨЗ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРУ ЖƏНЕ



Pdf көрінісі
бет74/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

15. ҚОҒАМ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ ӨЗ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРУ ЖƏНЕ 
АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖƏНЕ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨЗДЕРІНІҢ 
АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ТУРАЛЫ ҚОҒАМҒА АҚПАРАТ БЕРУ ТƏРТІБІ 
 
15.1.  Қоғам  өз  акционерлерінің  назарына  Қоғам  қызметі  туралы,  Қоғамның 
мүддесін қозғайтын ақпаратты ұсынуға міндетті. 
15.2.  Қоғам    акционерлерінің  мүдделерін  қозғайтын  ақпарат  деп  мыналар 
танылады: 
1)  акционерлердің  Жалпы  жиналысы  жəне  Директорлар  кеңесі  қабылдаған 
шешімдер жəне қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпараттар; 
2)  Қоғамның  акциялар  жəне  басқа  да  бағалы  қағаздар  шығаруы,  уəкілетті 
органның  Қоғамның  бағалы  қағаздарын  орналастыру  нəтижесі  туралы  есептерді 
бекітуі, Қоғамның бағалы қағаздарын өтеу қорытындысы туралы есептер, уəкілетті 
органның Қоғамның бағалы қағаздарының күшін жоюы; 
3)  Қоғамның  ірі  мəмілелер  жасауы  жəне  Қоғамның  жасалуына 
қызығушылығы бар жасалған мəмілелер; 
4)  Қоғамның  меншік  капиталының  жиырма  бес  пайызын  жəне  одан  да 
асатын мөлшерде заем алуы; 
5)  Қоғамның  қандай-да  бір  қызмет  түрін  жүзеге  асыруға  лицензия  алуы, 
Қоғамның қандай-да бір қызмет түрін жүзеге асыруға бұрын алған лицензиясының 
тоқтала тұруы немесе қызметін тоқтатуы; 
6) Қоғамның заңды тұлғаны құруға қатысуы; 
7) Қоғам мүлкінің тұтқындалуы; 
8)  баланстық  құны  Қоғам  активтерінің  жалпы  көлемінің  он  немесе  одан 
астамын  құрайтын  Қоғам  мүлкінің  жойылуына  алып  келген  төтенше  сипаттағы 
жағдайлардың орын алуы; 
9) Қоғамды жəне оның лауазымды тұлғаларын əкімшілік жауапқа тарту; 
10) Қоғамды еріксіз тарату туралы шешім. 
15.3.  Акционерлердің  мүдделерін  қозғайтын  Қоғам  қызметі  туралы  ақпарат 
акционерлерге былайша жеткізіледі: 
1)  заңда  көзделген  жағдайларда  «Юридическая  газета»  жəне  «Заң  газетi» 
баспасөз басылымдарында жариялау;  
2) акционердің жеке жазбаша өтініші бойынша ақпарат ұсыну. 
15.4.  Акционер  ақпарат  алу  үшін  Қоғамның  атқарушы  органына  жазбаша 
нысанда  хабарласады.  Акционердің  өтініші  Қоғамның  келіп  түсетін  құжаттарды 
тіркеу  журналына  тіркелуі  тиіс.  Қоғам  акционерге  талап  еткен  ақпаратын  (талап 
етілген  құжаттардың  көшірмелерін)  хабарласқан  күннен  бастап  отыз  күнтізбелік 
күн ішінде беруге міндетті. 


 
110
15.5.  Құжаттардың  көшірмелерін  беру  үшін  ақы  төлеу  көлемін  Қоғам 
белгілейді  жəне  құжаттардың  көшірмелерін  дайындауға  жəне  құжаттарды 
акционерге жеткізуге байланысты шығыстар төлемінен аспауы тиіс. 
15.6.  Қоғамның  аффилирленген  тұлғалары  болып  табылатын  жеке  жəне 
заңды  тұлғалар  Қоғамға  аффилирленгендігі  туындаған  күннен  бастап  жеті  күн 
ішінде өздерінің аффилирленген тұлғалары туралы мəліметтер беруге міндетті.  
15.7. Қоғамның лауазымды тұлғасы қызметке қабылданған күннен бастап 10 
жұмыс  күнінен  кешіктірмей  Қоғамға  жазбаша  түрде  өзінің  аффилирленген 
тұлғалары туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. 
15.8.  Акционерлер  Қоғамға  өздерінің  аффилирленген  тұлғалары  туралы 
ақпаратты  жазбаша  түрде  Қоғамның  акциясына  меншік  құқығын  сатып  алған 
күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. 
15.9.  Қоғамның  акционерлері  жəне  лауазымды  тұлғалары  өздерінің 
аффилирленген тұлғалары туралы ақпаратқа өзгерістер жөнінде өзгеріс енгізілген 
күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет