Асқарова Ұ. Б



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата28.02.2017
өлшемі0,72 Mb.
#5032
1   2   3   4   5   6

 
 
 
 

 
30
№5 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС 
 
ҚОРШАҒАН ОРТАДАҒЫ СЫНАП МӨЛШЕРIН  
АНЫҚТАУ 
 
Сынап 

  барлық  тiрi  организмдер  үшiн  өте  улы  ауыр  ме-
талл.  Сынап  бөлме  температурасында  тез  буланып  ұшып  ке-
тедi, температура артқан сайын  булану да күшейедi.  Ауадағы 
сынаптың  булары  заттардың  бетi  мен  қабырғаларына  қонып, 
жинақталады.  Қорғасын  сияқты  сынап  та  адам  организмiнде 
жиналып, iшкi органдардың функцияларына зиянды əсер етiп, 
организмдi улайды.  
Сынапты анықтау əдiсi қызыл түстi — CuI * HgI
2
 тұзының 
түзiлуiне негiзделген. 
 
РЕАКТИВТЕР МЕН МАТЕРИАЛДАР
1.
 
Үлгi алуға арналған құрал; 
2.
 
Өлшеуiш колбалар; 
3.
 
Сиымдылығы 1, 2, 5, 10 мл градуирленген пипеткалар; 
4.
 
Сиымдылығы 10, 25, 100 мл цилиндрлер; 
5.
 
Колориметриялық пробиркалар; 
6.
 
Түйiршiк йод, х.т; 
7.
 
Калий йодидi; 
8.
 
Натрий  сульфитi 2,5-3 Н ерiтiндiсi: 19 г натрий сульфи-
тiн дистильденген суда ерiтiп, 100 мл-ге жеткiзедi; 
9.
 
Хлорлы сынап (сулема); 
10.
 
Хлорлы мыс, х.т., 7 
% ерiтiндiсi; 
11.
 
Мыс сульфаты, х.т., 10
% ерiтiндiсi; 
12.
 
Сiңiргiш  ерiтiндi: 2,5 г  түйiршiк  йодты  дистильденген 
суда ерiтiп,  1 л-ге дейiн жеткiзедi; 
13.
 
Құрамды  ерiтiндi:  өлшеуiш  цилиндрге    1  көлем  хлорлы 
немесе күкiрт қышқыл мыс ерiтiндiсiне  5 көлем 2-4 натрий су-
льфитiн құйып, түзiлген тұнба ерiгенше араластырады, ерiтiн-
дiнi анализ алдында дайындайды; 
14.
 
Стандартты  ерiтiндi  №1: 0,0135 сулеманы 100 мл-лiк 
колбадағы сiңiргiш ерiтiндiде ерiтiп, 100 мл-ге дейiн жеткiзедi. 
№2  стандартты  ерiтiндi:  №1  стандартты  ерiтiндiнi 10 есе 
сiңiргiш ерiтiндiмен сұйылту арқылы алады. 

 
31
а х  В  
С х 1000
 
 
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ 
Ашық  ауадағы  ауданы 100 см
2  
болатын  зат  бетiн  сiңiргiш 
ерiтiндiге батырылған мақта тампонмен сүртiп, үлгi алады. 
Тампонды  пеницилиннiң  ыдысына  шыны  салып,  үстiне 10 
мл  сiңiргiш  ерiтiндi  құяды.Шыны  ыдысты  шайқап, 4 сағатқа 
қояды,  содан  соң  үлгiнi  сүзгiден  өткiзедi. 5 мл  сүзгiден  өткен 
үлгiге  1 мл құрамды ерiтiндi қосып, араластырады. 20-30 мин 
соң  пробирканың  түбiне  тұнба  түзiлгенде  үлгiнiң  түсiн  шка-
ламен салыстырады.  
 
Стандарттар шкаласын кесте бойынша дайындайды 
 
Стан-
дарт 
№ 
№2 
стандарт-
ты ерiтiндi 
№1 
стандарт-
ты ерiтiндi 
Сiңiргiш 
ерiтiндi, 
мл 
Сынаптың 
мөлшерi, 
мкг 
1 0  -  5  0 
2 0,05  -  4,95  0,5 
3 0,1  -  4,9  1,0 
4 0,2  -  4,8  2 
5 0,4  -  4,6  4 
6 0,6  -  4,4  6 
7 0,8  -  4,2  8 
8 1,0  -  4,0  10 
9 -  0,2  4,8  20 
10 -  0,3  4,7  30 
11 -  0,4  4,6  40 
12 -  0,5  4,5  50 
13 -  0,6  4,4  60 
  
Сынаптың  концентрациясын  (мг/дм
2
)  төмендегi  формула 
бойынша есептейдi: 
         
Х 
=                   , 
         
 
бұндағы: 

 
32
Х — сынаптың мөлшерi, мг/дм
2

а — үлгiдегi сынап мөлшерi, мкг;  
В — үлгiдегi барлық сұйықтың мөлшерi, мл; 
С — анализге алынған сұйықтың мөлшерi, мл; 
1000- мкг — нан мг-ға айналдыру коэффициентi. 
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1. Жер атмосферасының химиялық құрамы қандай? 
2. Адамның iс-əрекетiнiң ауа райы мен климатқа əсерi қан-
дай? 
3.  Атмосфераға  температураның  əртүрлi  инверсиялары  қа-
лай əсер етедi? 
4. Атмосфераны ластаушы негiзгi факторлар қандай? 
5.  Атмосфералық  ауаның  ластануы  халық  саны  мен  өсiм-
дiктер дүниесiне қалай əсер етедi? 
6. Ауаны ластаушы қалдықтардан тазартудың негiзгi əдiсте-
рi қандай?  
7. Автотранспорттан қандай улы қалдықтар бөлiнедi? 
8.  Автотранспорттан  бөлiнетiн  улы  қалдықтарды  азайту 
үшiн қандай негiзгi iс-шараларды жүзеге асыру қажет? 
 
РЕФЕРАТТАР МЕН БАЯНДАМАЛАР ТАҚЫРЫПТАРЫ 
 
1. Ауа бассейнiн қорғау. 
2. Атмосфералық ауаның зиянды қосылыстармен ластануы. 
3.  Атмосфераны  ластаушы  қосылыстардың  қоршаған  орта 
мен халық санына əсерi. 
4. Қазақстан қалалары ауа бассейндерiнiң жағдайы. 
5. Атмосфералық ауаны тазарту əдiстерi. 
6. Қалалардағы шудың деңгейiн төмендету проблемалары. 
7. Қоршаған ортаның химиялық ластанулары. 
8. Атмосферадағы зиянды заттарды бақылау мен реттеу. 
9. Атмосфералық ауа құрамының өзгеруi. 
10. Атмосфералық ауаның жылулық ластануы. 
 
 
 

 
33
ТАРАУ БОЙЫНША ТЕСТIК БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
 
1. Қазақстан Республикасының ауасына 1999 жылы  бөлiн-
ген зиянды заттардың жалпы мөлшерi 
A. 18807,3 мың тонна 
B. 5,5 млн тонна 
C. 18 мың тонна 
D. 10 мың тонна 
E. 100 млн тонна  
 
2. Ақтөбе, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларының ауасын-
дағы өте көп зиянды зат қайсысы? 
A. фенол 
B. формальдегид 
C. аммиак 
D. азот тотығы 
E.  күкiрттi сутек 
 
3."Теңiзшевроил " мұнай кəсiпорны 1999 жылы  атмосфера 
ауасына қанша зиянды бөлшектер шығарған? 
A. 131,0 мың тонна 
B.  75,0 мың тонна 
C.  50 мың тонна 
D.  41,1 мың тонна 
E.  5 мың тонна 
 
4. Кен байыту өндiрiсi 1999 жылы ауаға қанша зиянды қал-
дықтар шығарған? 
A. 100 мың тонна 
B. 358,3 мың тонна 
C. 10 мың тонна 
D. 10 млн тонна 
E.  100 млн тонна  
 
5.  Алматыдағы  ТЭЦ-1 (жылу-электр  орталығы)  сыртқы 
ортаға 1999  жылы қанша зиянды қалдықтар таратты
A. 8,1 мың тонна 

 
34
B. 10 мың тонна 
C. 20 мың тонна 
D. 100 мың тонна 
E. 39500 тонна 
 
6. Атмосфераның Жер бетiне ең жақын қабаты? 
A. тропосфера 
B. стратосфера 
C. мезосфера 
D. термосфера 
E. экзосфера 
 
7.
 
Атмосфераның Жер бетiнен ең алыс қабаты? 
A. тропосфера 
B. стратосфера 
C. экзосфера 
D. термосфера 
E. мезосфера 
 
8.  Адамның  есiту  анализаторы  үшiн  қалыпты  деңгейдегi 
шудың мөлшерi? 
A. 50-80 децибел 
B. 90-120 децибел 
C. 100-130 децибел 
D. 110-130 децибел 
E.  80-90 децибел 
 
9. Лондонда "Ауа тазалығы туралы заң" қай жылы қабыл-
данды? 
A. 1958 ж.  
B. 1968 ж. 
C. 1978 ж. 
D. 1988 ж 
E. 1998 ж. 
 
10.  Үлкен  қалалардағы  өндiрiс  орындары  аз  аймақтардың  
атмосферасындағы  ультракүлгiн  сəулелерiнiң  мөлшерi  қан-
дай? 
A. 1%   B.  2%    C. 3%    D. 4%   E. 5%  

 
35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1. Безуглая Э.Ю., Расторгуева Г.М., Смирнова И.П. Чем ды-
шит промышленный город.— Д., 1991. 
2.  Гирусев  Э.В.,  Бобылев  С.Н.  Экология  и  экономика  при-
родопользования.— М., 1998. 
3. Данилов А.Д., Королев И.Л. Атмосферный озон — сенса-
ции и реальность. — Л., 1991. 
4.
 
Банников А.Г., Рустамов А.К., Вакулин А.А. Охрана при-
роды.— М., 1985. 
5.
 
Саданов  А.Қ.,  Əбжəлелов  А.Б.,  Асқарова  Ұ.Б.  Эколо-
гия.— Алматы, 2001. 
 
 
II ТАРАУ. 
ЛИТОСФЕРА ЖƏНЕ ОНЫ ТИIМДI ПАЙДАЛАНУ  
МЕН ҚОРҒАУ 
 
2.1.  Топырақ ресурстарының маңызы. 
2.2. Жер ресурстары. 
2.3. Жел жəне су эрозиялары. 
2.4. Топырақты эрозиядан қорғау. 
2.5. Жердi рекультивациялау. 
 
2.1. Топырақ ресурстарының маңызы 
 
Литосфера — (грекше — lithos  — тас + sphair — шар) — 
жердiң қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км бола-
тын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада 
тiрi организмдер 3 км дейiнгi тереңдiкте тiршiлiк етедi.  
Топырақ.  Жер  бетiнде  Күннiң  энергиясы  заттардың  екi 
айналымын:  су  айналымы  мен  атмосфера  циркуляциясында 
байқалатын  үлкен,  немесе  геологиялық  жəне  заттардың  топы-
рақ, өсiмдiктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы 
айналымы- кiшi немесе биологиялық айналымды туғызады. Екi 
айналым да бiр-бiрiмен тығыз байланысты. 
Топырақтың  табиғи  ландшафттар  мен  экожүйелердегi  ма-
ңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады. 

 
36
Топырақтану  ғылымының  негiзiн  салушылардың  бiрi 
В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзiне тəн өза-
ра байланыстары, тiршiлiк ету заңдылықтары мен өзiн-өзi рет-
теуге қабiлеттi табиғи-тарихи дене деп қарастырады,  топырақ-
тың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, 
өсiмдiктерiмен, рельефiмен жəне ландшафтымен тығыз байла-
нысты болатынын атап көрсеткен. 
Тау  жыныстарының  топыраққа  айналу  процесiнiң  аса  бiр 
маңызды жəне жалпы құбылысы құрлықтың бүкiл бетiн жауып 
жатқан  гумустық  қабаттың  түзiлуi  болды.  Бұл  қабат  топы-
рақтың  ең  бiр  белсендi  бөлiгi  болып  саналады.  Топыраққа  ең 
алғаш  рет  М.В.Ломоносов  ғылыми  анықтама  бердi,  ол:  топы-
рақ  түзiлу  процесi  құнарлылық  түзiле  жүретiн  өсiмдiктер  мен 
тау жыныстарының арасындағы  ұзақ өзара қарым-қатынас деп 
көрсеттi. 
Топырақ  ресурстары  Жер  бетiндегi  тiршiлiкке  қажеттi  ен 
маңызды алғы шарттардың бiрi болып табылады. Алайда оның 
шын мəнiндегi маңызы мен ролiн өз дəрежесiнде бағалай алмай 
келемiз.  Топырақ  биосфераның  компоненттерiнiң  бiрi  ретiнде 
адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн биохимиялық орта болып 
саналады,  ол  энергетикалық  сиымдылығы  жоғары,  топырақ 
биотасы  мен  адамдар  арсындағы  тiкелей  жəне  жанама  əсер-
лердi  тепе-теңдiкте  сақтап  тұра  алатын  өздiгiнен  тазару  про-
цестерiнiң  механизмдерiнiң  аса  маңызды  резервi  болып  табы-
лады.  Адамдарға  азық-түлiк  пен  жануарларға  қоректi  өндiру 
үшiн қажеттi жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады. 
Топырақтың табиғи дене ретiндегi негiзгi функциясы атмосфе-
ралық  жауын-шашынды  жинақтау  мен  су  балансын  реттеу, 
өсiмдiктерге қажеттi қоректiк элементтердi жинақтау, жер асты 
суларын  түзумен  тазалығын  қамтамасыз  ету,  ластаушы  зат-
тарды тасымалдау. 
Топырақ — сыртқы  орта  жағдайлары:  жылу,су,  ауа,  өсiм-
дiктер мен жануарлар, микроорганизмдердiң бiрiккен əсерiнен 
қалыптасқан  жердiң  беткi  құнарлы  қабаты.  Топырақ  түзгiш 
факторларға  сол  сияқты  рельеф  пен  адамның  iс-əрекетi  де 
жатады. Тiрi организмдер топырақтың негiзгi қасиетi — құнар-
лылығының қалыптасуына жағдай жасайды. 

 
37
Топырақтың  құнарлылығы  дегенiмiз — оның  өсiмдiктердi 
оларға  қажеттi  қоректiк  элементтермен,  сумен  жəне  ауамен 
қамтамасыз ету қабiлетi. Ол топырақ түзiлу процесi барысында 
жəне  адамның  топыраққа  əсер  етуi  нəтижесiнде  қалыптасады. 
Ол  бүкiл  адам  баласының  тiршiлiгiнiң  көзi  болып  табылатын 
аса  маңызды  байлық,  ауылшаруашылық  дақылдарының  өнiмi-
нiң, ауылшаруашылық дақылдары өндiрiсiнiң негiзi. 
Топырақ — барлық элементтердiң аккумуляторы: ол оларды 
өзiнде  жинақтап,  сумен  шайылып  кетуден  сақтайды.  Өзiнiң 
қалыптасқан  зат  алмасу  процесi  бар,  тұрақты  динамикалық 
жүйе  болғандықтан  топырақ  табиғи  факторлар  (су  тасқыны, 
эрозия,  құрғақшылық,  т.б.)  əсерiне  қарсы  тұра  алады.  Бiрақ 
топырақ  көптеген  антропогендiк  факторлардың  (жер  жырту, 
мал  жаю,  техниканы  қолдану,  т.с.с.)  ұзақ  уақытқа  созылатын 
əсерiне  сезiмтал  келедi.  Топырақтың  құнарлылығы  адам  iс-
əрекетiне де байланысты. 
Топырақ — барлық материалдық игiлiктердiң көзi. Ол азық-
түлiк, малға жем, киiм үшiн талшық, құрылыс материалдарын 
бередi.  Топырақтың  ең  маңызды  байлық  екендiгiн  айта  келiп, 
К.Маркс,  еңбек — байлықтың  əкесi  болса,  топырақ — анасы 
деген.  
Топырақ  ешнəрсеге  айырбасталмайтын  табиғи  ресурс.  Қа-
зiргi  таңда,  ғылым  əлi  күнге  дейiн  табиғи  топырақтың  орнын 
баса  алатын  жасанды  материал  таба  алған  жоқ.  Өсiмдiктердi 
топырақсыз өсiрудiң кез келген əдiсi (гидропонды, пластопон-
ды,  аэропонды)  топырақтың  ролiн  дəл  өз  мəнiнде  орындай 
алмайды.  Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған жəне əлi 
де  маңызды  болып  қала  беретiн  аса  маңызды  проблема  топы-
рақтың  топырақ  түзiлу  процесiндег  өзiдiгiнен  қалпына  келу 
қабiлетiн сақтап қалуға барынша жағдай жасау.     
Топырақ — биосфераның басқа элементтерiмен үздiксiз ал-
масып  отыратын,  олармен  тығыз  байланысты  жəне  биосфера-
ның кейбiр элементтерiне (атмосфералық ауа, жер бетiлiк жəне 
жер  астылық  сулар)  өзi  де  əсер  ете  алатын  өте  күрделi  ашық 
система.  Топырақ  үнемi  климат  пен  ауа  райы  компоненттерi, 
флора  мен  фауна,  əсiресе  соңғы  кезде  түрлi  антропогендiк 
зиянды əсерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық процес-

 
38
тер көбейiп, өздiгiнен тазару қабiлетi нашарлап, құнарлылығы 
кемуде. 
Топырақтың деградациялануының (латын тiлiнен аударған-
да — "төмендеу", "артқа  кету" ) негiзгi  факторлары : эрозия, 
минералдық  тыңайтқыштар  мен  пестицидтердi  шамадан  тыс 
көп қолдану, т.с.с.  
Топырақтың қорғау мен бақылау объектiсi ретiнде қоршаған 
ортаның  басқа  объектiлерiмен  салыстырғанда  бiрқатар  өз 
ерекшелiктерi бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа мен 
жер  бетiлiк  суларға  қарағанда  əлдеқайда  қозғалыссыз  орта, 
соған  байланысты  басқа  орталарға  тəн  аса  қуатты  табиғи 
өздiгiнен тазару қасиетi жоқ. Топыраққа түскен антропогендiк 
ластаушылар онда жинақталып, көбейе бередi. 
 
2.2. Жел жəне су эрозиясы 
 
Топырақ өте күрделi организм сияқты үнемi өсу, даму жəне 
өзгеру үстiнде болады.  Онда үздiксiз  түзiлу  жəне бұзылу  про-
цестерi  жүрiп  жатады.  Су,  жел,  антропогендiк  факторлардың 
топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткi құнарлы қабатының 
сумен шайылу, желмен ұшу құбылыстары эрозия деп аталады.  
"Эрозия"  терминi  латынның  erodere — бұзу  деген  сөзiнен 
алынған. Эрозия дегенiмiз топырақ жабынының су, не желмен 
шайылуы, бұзылуы.  Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты 
бұзылады:  топырақ  түзiлу  процесiнiң  жүру  жылдамдығы  ша-
мамен 0,5-2,0 см/100жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см 
болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзiлуiне 1400-7000 жыл 
қажет  болған  болар  едi,  бұл  қабаттың  жойылуы  кейде 20-30 
жыл, тiптi кейде бiр ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дау-
ыл  нəтижесiнде болуы мүмкiн. 
Эрозиялық процестердiң байқалу сипатына қарай қалыпты, 
не геологиялық жəне жылдам, не антропогендiк эрозия болып 
бөлiнедi.  
Қалыпты эрозия — орманды жерлер мен шөптесiн өсiмдiк-
тердiң топырағында жүредi. Ол өте жай байқалып, нəтижесiнде 
бұзылған  топырақ  қабаты  топырақ  түзiлу  процестерiнiң  нəти-
жесiнде бiр жылда қайта қалпына келе алады. 

 
39
Жылдам эрозия — табиғи өсiмдiктер дүниесi жойылып бiт-
кен,  топырақтың  табиғи  ерекшелiктерi  ескерусiз  пайдаланыл-
ған территорияларда байқалып, бұл эрозия өте тез жүредi. 
Кең  таралған  эрозиялардың  түрлерi:  жазықтық,  сызықтық, 
дефляция,  ирригациялық,  өндiрiстiк  (техногендiк),  абразия, 
жайылымдық. 
Жазықтық  эрозия — тау  беткейлерiндегi  жоғары  гори-
зонттағы топырақтардың жаңбыр, ерiген қар суларымен шайы-
луы. 
Сызықтық  эрозия — тау  беткейлерi  топырақтарының 
жаңбыр,  ерiген  қар  суларының  əсерiнен    терең  жыралар  мен 
жылғалар түзiп шайылуы. 
Жел эрозиясы, не дефляция — топырақтың жоғарғы құрғақ, 
құнарлы қабатының бөлшектерiнiң желмен ұшуы.  
Ирригациялық  эрозия — суармалы  егiн  шаруашылығымен 
айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегi 
су  массасының  берiлуiне  байланысты  болады.  Бұл  су  топы-
раққа  сiңiп  үлгiрмейдi  де,  топырақ  бетiмен  ағады.  Су  жiберi-
летiн егiстiк жер аз ғана   болса да тегiс болмаса  топырақтың 
қарашiрiгi  сумен  бiрге  төменге  қарай  жуылып,  ағып  кетедi. 
Ирригациялық эрозия кезiнде бiр уақытта эрозия да, топырақ-
тың сортаңдануы да жүредi. 
Өндiрiстiк  эрозия — пайдалы  қазбаларды  өндiру  кезiнде, 
əсiресе, ашық əдiспен өндiруде, тұрғын үй, өндiрiс орындары-
ның  құрылысын,  жолдар,  газ  жəне  мұнай  трубопроводтарын 
салу кезiнде байқалады. 
Абразия кезiнде  (өзендер, басқа да су көздерiнiң жағалаула-
рының  құлауы)  жыртылатын  жəне  мал  жайылатын  жерлердiң 
ауданы кемидi. 
Шамадан  тыс  көп  мал  жаю  кезiнде  жайылымдық  эрозия 
байқалады. 
Механикалық  эрозия  ауылшаруашылық  техникалардың 
ауыр  түрлерiн  топырақтың  өздiгiнен  қалпына  келу  қабiлетiн 
ескермей  пайдаланған  жағдайларда  қалыптасады.  Бұл  кезде 
топырақтың  структурасы  бұзылады,  физикалық  қасиеттерi  на-
шарлап,  топырақ түзiлу процесiнiң  негiзгi  агентi — биология-
лық  белсендiлiгi  əлсiрейдi.  Мысалы,  АҚШ — да  топырақтың 

 
40
тығыздалуы  мен  бұзылуы  жыл  сайын 1 млрд  доллар  шығын 
əкеледi.  
Егiс  далалары,  əсiресе,  жылына  екi  рет  өнiм  жинайтын 
аудандарда  ауыр  техникалардың  əсерiнен  топырақ  тығызда-
лып,  ауылшаруашылық  дақылдарының  өнiмi  төмендейдi.  Бұл 
зардаптарды болдырмаудың  тиiмдi  жолы — топырақты  мини-
малды  өңдеу,  топырақ  өңдеушi  жəне  басқа  да  машиналардың 
өнiмдiлiгiн олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы арттыру. 
 Эрозия — құнарлылықтың  жауы.  Мамандардың  есептеу-
лерi  бойынша,  əрбiр  минут  сайын  жер  шарында 44 га  жер 
ауылшаруашылық  айналымынан  шығып  отырады.  Эрозияның 
əсерiнен  адамзат  қоғамы  күн  сайын 3 мыңнан  аса  га  жерден 
айрылып отырады. Ал барлығы қазiргi кезде 50 млн га құнарлы 
жер тозып бiттi. Эрозияның түрлерiнiң əсерiнен барлық ауыл-
шаруашылық  дақылдарының  өнiмi  шамамен 20-40% төмен-
дейдi.  Эрозияның  зардаптары  бұнымен  бiтпейдi.  Топырақ 
беттерiндегi  жыралар,  арықтардың  түзiлуi  топырақты  өңдеу 
жұмыстарын  қиындатып,  топырақ  өңдеушi  жəне  өнiм  жинау-
шы  техниканың  еңбек  өнiмдiлiгiн  төмендетедi.  Топырақтың 
эрозиясы,  олай  болса,  биогеоценоздардағы  жануарлар  мен 
өсiмдiктердiң  тiршiлiк  ету  ортасының  бұзылуы,  табиғи  комп-
лекстердегi  қалыптасқан  биологиялық  тепе-теңдiктiң  бұзылу-
ына əкеп соғады. 
Эрозияға ең көп ұшыраған АҚШ жерлерi. Соңғы 150 жылда 
барлығы 160 млн га жердiң 120 млн га эрозияға ұшыраған, 20 
млн  га  жер  ауылшаруашылығында  пайдалануға  жарамсыз. 
Эрозияның əсерiнен жыл сайын жердiң қоректiк заттарға бай 4 
млрд тонна құнарлы қабаты жойылып отырады.  
Жерорта  теңiзiнiң  жағалауларына  орналасқан  елдердiң  то-
пырақтары  қатты  бұзылған.  Пиреней  түбегiнiң  шөлдi  Сиссар-
лары  мен  Солтүстiк  Африканың  шөл  далалары,  Австралия, 
Канада, Индия, Пакистан мен Қытайдың бiрқатар жерлерi эро-
зияға ұшыраған.  
Эрозия адамдардың тиiмсiз тiршiлiк əрекеттерi, жер ресурс-
тарын  дұрыс  пайдаланбауы,  кейбiр  шаруашылықтарда  нашар 
агротехниканы қолдану нəтижесiнде жүредi.  
 
 

 
41
2.3. Топырақты эрозиядан қорғау 
 
Топырақтың эрозиясымен күресу — егiн шаруашылығында-
ғы ең негiзгi мəселелердiң бiрi.  
Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негiзгiлерiнiң бiрi — 
шаруашылық-ұйымдастыру  жұмыстары.  Бұл — территорияны 
дұрыс ұйымдастыру. Шаруашылықтарда жерлердi су жəне жел 
эрозиясына ұшырау деңгейлерiне байланысты топырақ-эрозия-
лық жоспарлар жасалынып, топырақтарға сəйкес эрозияға қар-
сы iс-шараларын жүргiзедi. 
Агротехникалық  шаралардан  беткейлерде  жердi  көлденең-
деп жырту, ал өте биiк беткейлерде су ұстағыш микрорельеф-
тер  жасау  керек.  Жауын-шашын  суларын  жинау  үшiн  жырту 
қабатын тереңдету арқылы да қол жеткiзуге болады. 
Агротехникалық шараларға сол сияқты топырақты аударып 
емес,  тек  қана  қопсыту,  эрозияға  ұшыраған  жерлерде  желге 
төзiмдi  қабаттарды  жасау  да  жатады.  Дефляцияға  ұшыраған 
топырақтарда    көп  жылдық  шөптердi  өсiру  арқылы  ауыспалы 
егiстi қолдану өте тиiмдi болып саналады.  
Эрозияға  қарсы  күрес  шараларының  iшiнде  орман-ме-
лиорация жұмыстарын жүргiзу де үлкен роль атқарады. Топы-
рақты құрғақшылық пен ыстық желдерден эрозиядан сақтауда 
ормандар  егудiң  өте  қолайлы  екендiгiн  көрнектi  ғалымдар 
А.Т.Болотов,  В.В.Докучаев,  Н.М.Сибирцев,  т.с.с.  үнемi  атап 
көрсеткен.  
Эрозиямен күресу жолдары: 
1.
 
Айтарлықтай  үлкен  территорияларда  өсiмдiктер  жабы-
нын жоюға əкелетiн табиғи экожүйелерге тигiзетiн əсердi шек-
теу. Бұл əсiресе орманды пайдалануға қатысты. 
2.
 
Жайылымдарда  эрозиялық  процестер  көбiнесе  шектен 
тыс  мал  жаюмен  байланысты.  Үлкен  территорияларда  шөпте-
сiн  өсiмдiктер  жабынының  зақымдануы  кезiнде,  əсiресе  топы-
рағы жеңiл жерлерде су жəне жел эрозиясы болуы мүмкiн. Тау-
лы  аудандарда  шөптесiн  өсiмдiктердiң  болмашы  зақымдануы-
ның  өзiнде  (мысалы,  жалғыз  аяқ  жол)  су  эрозиясының  пайда 
болу  ошағы  орын  алады.  Мұндай  қолайсыз  құбылыстарды 
болдырмаудың  енгiзгi  жолы  мал  жаю  ережелерiн  сақтау  мен 
рекреациялық қысымды төмендету болып саналады. 

 
42
3.
 
Егiстiк жерлердi қорғау шаралары: 
— ауыспалы егiстердi дұрыс пайдалану; 
— топырақты бекiтетiн тамырлары бар шөптер қоспасымен 
алмастыру; 
— жиектiк жырту (рельефтiң горизонттарымен); 
— өңдеуден бұрын бұзылатын құмды жəне құмдақ 
топырақтарды шығару; 
— шағын егiс танаптарын табиғи ландшафттармен кезектес-
тiру; 
— танап қорғайтын орман белдеулерiн жасау; 
— топырақтың құрылымын түзуге мүмкiндiк туғызатын ор-
ганикалық тыңайтқыштарды пайдалану; 
—  топыраққа  əсер  ететiн  қысымды  кемiтетiн  техниканы 
пайдалану. 
Суармалы  егiстердiң  дүние  жүзiндегi  ауданы  шамамен 250 
млн  га  жуық.  Ирригациялық  эрозиямен  қатар  суармалы  топы-
рақтар екiншi реттiк сортаңдануға ұшырайды. Оның мəнi — та-
наптағы  топырақ  суды  сiңiрiп,  содан  соң  булану  мен  өсiмдiк-
терге транспирацияға қажеттi судан артық су келiп түседi. Бұл 
су  бiртiндеп  жер  астылық  грунт  суларына  дейiн  жетiп,  оның 
деңгейiнiң  көтерiлуiне  себеп  болады.  Мөлшерсiз,  ретсiз  суару 
кезiнде  қысқа  уақыт  аралығында  (бiрнеше  жыл)  жақындап, 
интенсивтi түрде булана бастайды. Суда ерiген тұздар топырақ 
бетiнде жиналады. Мұндай тұздану екiншi реттiк деп аталады. 
Суғарудың  жоғары  деңгейiнде  жəне  каналдардағы  судың 
топыраққа  сiңiп  кетуi  арқылы  грунт  суларының  мөлшерi 
көбейедi.  Суғару  каналдарынан  судың  фильтрациялануынан 
жəне  дұрыс  суармаудан  топырақта  тұздардың  мөлшерiнiң  кө-
беюi  екiншi  реттiк  тұздану  деп  аталады.  Ал  бiрiншi  реттiк 
тұздану  ретiнде  адамның  əсерiнсiз  пайда  болатын  табиғи  тұз-
дану процесiн атайды. Екiншi реттiк тұздану тек құрғақ аудан-
дарға тəн. Солтүстiк аймақтарда шектен тыс суару топырақтың 
батпақтануына əкелiп соқтырады. 
Топырақтың  тұздануы  деп  натрий,  кальций,  магний  тұзда-
рының топырақта өсiмдiктердiң өсуi мен дамуына зиянды əсер 
ететiн концентрацияда жинақталуын айтады. Бұл құбылыс əсi-
ресе,  Египет,  Ирак,  Индия  мен  Пакистан,  т.б.  құрғақшылық 
климатты  аймақтарда  белең  алып  отыр.  Жыл  сайын  Жер  ша-

 
43
рында тұзданудан 200-300 мың га суармалы жер қатардан шы-
ғады.  Бүкiл  əлемде  қазiргi  таңда 20-25 млн  га  жер  тұзданып, 
өнiм беру қабiлетiнен айрылған. Бұл жағдай, əсiресе Орта Азия 
мен  Закавказье  елдерiнiң  топырақтарында  көбiрек  байқалып 
отыр.  
Тiптi  тұзданудың  аз  ғана  деңгейiнде  мақтаның  өнiмi 20-
30%,  жүгерi — 40-50%, бидай — 50-60% қысқарады.  Тұздану 
орташа  жүрген  аймақтарда  мақтаның  өнiмi  екi  есе  төмендесе, 
ал бидай тiптi өспейдi. 
Адамзат  қоғамы  дамуының  экологиялық  дағдарыстарының 
бiрi  дамыған  өркениеттiлiктiң  өз  мүмкiндiктерiн  топырақтың 
тұздануы  нəтижесiнде  жоғалтқаны  белгiлi.  Мысалы,  Нiл  аңға-
рында қазiр де суармалы жерлердiң 70% тұзданған. Ғалымдар-
дың пiкiрiнше, ертедегi Вавилон өркениетi топырақтың екiншi 
реттiк  тұздануынан  жойылған.  Қазiр  дүние  жүзiнде  суармалы 
250 млн га жердiң 50-60 млн га жуығы екiншi реттiк тұздануға, 
шамамен 25% ұшыраған. 
 
Топырақты тұздану мен батпақтанудан қорғау 
Топырақтың тұздануына себеп болатын факторлар түрлiше. 
Олардың бiрi — құрғаған теңiздерден пайда болған тұздың жел 
арқылы  таралуы.  Суда  ерiген  тұздар  атмосфералық  жауын-
шашын арқылы да таралады. Галофит-өсiмдiктер тұзды ортаға 
жақсы бейiмделiп, топырақтан тұзды сiңiруге қабiлеттi, соның 
нəтижесiнде  топырақтың  жоғары  қабаттарының  одан  əрi  тұз-
дануына  себеп  болады.  Галофиттер  тiршiлiгiн  тоқтатқан  соң 
жəне  олардың  жапырақтары  түсiп,  олар  минералданып,  суда 
еритiн  тұздардың  мөлшерi  көбейiп,  топырақтың  одан  сайын 
тұздануына  мүмкiншiлiк  жасайды.  Галофит — өсiмдiктердiң 
əсерiнен  суда  еритiн  тұздардың  топырақта  жинақталуы 1 га 
жерде 500 кг дейiн жететiн жағдайлар байқалған.  
Көбiнесе  топырақтың  тұздануы  грунт  суларының  құра-
мында  болатын  тұздар  есебiнен  жүретiндiгi  жиi  байқалады. 
Егер  олар  тереңде  болмаса,  капилляр  арқылы  булану  нəтиже-
сiнде  топырақтың  жоғарғы  қабатында  тұздар  жинақталады. 
Климат  неғүрлым  құрғақ  жəне  топырақтың  механикалық 
құрамы ауыр болса, соғұрлым бұл процесс қарқынды жүредi. 

 
44
Екiншi  реттiк  тұзданудың  алдын  алу  шараларының  бiрi  те-
реңдiгi 1-1,8 м етiп террриторияда дренаждар жасау. Сол сияқ-
ты  жаңбырлатып  суғару  ирригациялық  эрозияға  қарсы  күрес 
шараларының  бiрi.  Тұзды  топырақтарды  натрийдiң  тұздарын 
гипстеу арқылы тазартады. 
Суарудың  жетiлдiрiлген  технологияларын  қолданумен 
қатар, жер асты суларының деңгейiнiң көтерiлуiне байланысты 
грунт  суларын  сорып  алу  арқылы  жəне  топырақты  шаю 
арқылы  да  тұзданумен  күресуге  болады.  Бiрақ  бұл  кезде  де 
мiндеттi  түрде  грунт  суларын  алып  кету  керек.  Кейбiр 
жағдайда  химиялық  əдiс  те  жақсы  нəтиже  бередi.  Мысалы, 
топырақ  бетiнде  жиналған  зиянды  тұздарды  нейтралдау  үшiн 
гипстеу  жүргiзiледi.  Бiрақ  бұл  əдiс  қымбат  жəне  қоршаған 
ортаның тазалығы үшiн тиiмсiздеу. 
Жер ресурстарына үлкен зиян келтiретiн үшiншi бiр фактор 
—  жердiң  азуы.  Оның  орын  алу  себептерi — өнiммен  бiрге 
қоректiк  заттардың  топырақтан  əкетiлуi.  Гумустың  жойылуы, 
су режимiнiң жəне басқа да қасиеттерiнiң топырақтың азуының 
нəтижесiнде, құнарлылығы жойылып, шөлге айналады. 
Өнiммен  бiрге  əкетiлетiн  қоректiк  заттарды    топыраққа 
қайтарудың  ең  тиiмдi  əдiсi  органикалық  тыңайтқыштарды 
(көң, компост, жəне т.б.) қолдану, шөп себу, пар жүйесi арқы-
лы топырақты тынықтыру. Топырақтың азуы ең алдымен орга-
никалық  заттардың,  оның  iшiнде  негiзгiсi  қарашiрiктiң  кемуi-
мен байланысты.  
Топырақ құнарлылығының жойылуы топырақты интенсивтi 
өңдеуге,  ауыр  ауылшаруашылық  техникаларды  қолдану  нəти-
жесiнде топырақтың тығыздануы, ластануға, ең алдымен қыш-
қыл жаңбырлар мен минералдық тыңайтқыштарды тиiмсiз пай-
далануға байланысты туындап отыр. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет