Тақырып: Электрондық оқу курсында дидактикалық бақылау.
Орындаған:Асемхан Райгул Қабылдаған: Байгобекова Салтанат 2022-2023ж Жоспар: Бақылау дегеніміз не? Бақылау жұмысының түрлері? Электронды тест жасауға арналған платформа түрлері? Тест жұмысына қойылатын талаптар?
Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай Бақылау әдісі пайдаланылады.
Тәжірибеде бақылаудың үш түрін ажыратуға болады: алдын-ала болжау;
ағымдық;
қорытынды.
Алдын-ала бақылау операцияның басталуына дейін жүзеге асырылады. Алдын-ала бақылаудың басты құралдыры белгілі бір ережелерді, процедураларды жүзеге асыру. Алдын ала бақылаудың 3 түрі қолданылады:
адамдық ресурстарды басқару;
материалдық ресурстарды басқару;
қаржылық ресурстарды басқару.
2. Ағымдық бақылау тікелей жұмыс барысында жүзеге асырылады. Ағымдық бақылаудың обьектісі – бағынушы жұмысшылар , олардың жұмысы дағдылы тексеріліп отырады. Ағымдық бақылауды жүзеге асыру үшін кері байланыс , алынған нәтижелер туралы мәліметтер қажет. Кері байланыстың барлық жүйелері мыналар арқылы сипатталады. Мақсаттар:
сыртқы ресурстарды қолдану;
сыртқы кірістерді ішкіге құру;
ауытқуларды мақсатқа жетуді қамтамасыз ету үшін түзету.
3.Қорытынды бақылау бейім болу үшін кешірек жүзеге асырылады. 2 маңызды функцияға ие.
Тест – онлайн-аудитория назарын аударудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.
Тест, ойын, онлайн-сауалнама жасауға мүмкіндік беретін екі тегін онлайн-құрал ұсынамыз.
qzzr.com сервисіне тіркелгеннен кейін бірден жұмыс бастай беруге болады. Create («жасау») батырмасын басып, тест түрін таңдаймыз – бағалаушы немесе сипаттаушы.
Нәтижелердің сипаттамасын көрсетеміз де, сұрақтарын түземіз. Әр сұраққа сурет қосып, бүкіл мәтіннің фонын таңдауға болады.
Дайын нәтижені сайтқа HTML-код көмегімен орнатамыз.
Playbuzz.com Facebook және Google+ аккаунттары арқылы тіркелуге мүмкіндік береді. Мұнда тест нұсқалары көбірек: жеке бас қасиеттерін, қандай да бір білім саласындағы білім деңгейін анықтау, галерея-тест, бағалау парақтары.
Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар: тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;
тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы.