БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Page | 1
ҚАШАҒАН КЕН ОРНЫН ИГЕРУ ЖОБАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА
16 ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
Маңғыстау облысы, 1 ақпан 2012 жыл, Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В. (НКОК) және алып
Қашаған кен орнын игерудің 1-кезеңін іске асыруға жауапты «Аджип» ҚКО Агент компаниясы бүгін
Ақтау тұрғындарына Консорциумның Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде
орындалған кезекті 16 жобаны ресми тапсыру салтанатын өткізді.
Салтанатты шараны ашып жатып, «НКОК» компаниясының Сыртқы қатынастар директоры Пьер
Дельпон: «Бүгін біз Маңғыстау және Атырау облыстарындағы жергілікті жұртшылыққа қолдау таныту
бойынша Консорциумның өзіне алған міндеттемелерін орындауының көрінісі ретінде 16 жобаны
тапсырып отырмыз. Мен Консориумның 2011 жылы Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы
шеңберінде құны шамамен 213 млн. тенге құрайтын 104 жобаны іске асыруға демеушілік көмек
көрсеткенін мақтанышпен айта аламын. Биыл әлеуметтік жобаларды іске асыруға шамамен дәл осы
көлемдес қаражат бөлу жоспарлануда».
Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде Консорциум 16 жобаны тапсырды, оның
ішінде:
1.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 2011 жылы көңілді тапқырлар клубының «КВН» ойынын
ұйымдастыруға көмек көрсетілді;
2.
Қызылөзен поселкесі, Түпқараған ауданы, Мәдениет үйінің оркестрі – саз аспаптары
табысталды;
3.
«Жауқазын» балалар бақшасы, Ақшұқыр поселкесі, Түпқараған ауданы – балаларға ойын
алаңқайлары табысталды;
4.
«Айгүл» балабақшасы, Таушық поселкесі, Түпқараған ауданы – жеке жаттығулар және мәдени
іс-шаралар үшін саз жабдықтары табысталды;
5.
«Бәйтерек» балабақшасы, Ақшұқыр поселкесі, Түпқараған ауданы – 15 орындық «Газель»
шағын автобусы табысталды;
6.
Түпқараған ауданының ұстаздары Мұғалім күніне орай Ақтаудағы «Шағала» санаториіне 10
жолдама алды;
7.
Түпқараған ауданының зағиптар қоғамына Мүгедектер күніне орай азық-түлік купондары мен
санитарлық-гигиена құралдары табысталды;
8.
Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындары – «Бекет-Ата» жинағының орыс тілінде
жариялануы мен таныстырылымына көмек көрсетілді;
9.
Экономикалық лицей, Ақтау қаласы – мультимедиялық жабдық табысталды;
10.
Әлеуметтік бейімдеу орталығы, Ақтау қаласы - тұрмыстық техника табысталды;
11.
Мүмкіндіктері шектеулі оқушылар, Маңғыстау облысы – Мүгедектер күніне орай Оралда өткен
мини-футболдан өткен турнирге қатысуға ұйымдастырушылық көмек көрсетілді;
12.
№12 мектеп, Ақтау қаласы – электронды кітапхана табысталды;
Page | 2
13.
Соғыс ардагерлері, Ақтау қаласы – «Шағала» санаториіне 20 жолдама берілді;
14.
«Ақниет» МЕҰ – Түпқараған ауданындағы мектеп түлектерінің білімінің сапасын арттыру
мақсатында «Менің мамандығым қандай?» (үш күндік семинар) жобасын іске асыруға көмек
көрсетілді;
15.
Жайық-Каспий Орхус орталығы (МЕҰ) – Ақтау қаласында әлеуметтік жобаларды орындау
барысында эксперттік біліктілікті арттыру мақсатында МЕҰ-да жоспарлау, бағалау, жобалау,
мониторинг машықтарын дамытуға арналған білім беру жобасына қолдау көрсетілді;
16.
Түпқараған ауданының орталық емханасы – жаңа үлгідегі стандартты медициналық жабдық
табысталды және доқтырларға оқыту ұйымдастырылды.
Салтанатты іс-шараға Ақтау қ. мен Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарының, «НКОК» және
Аджип ҚКО Агент компаниясының өкілдері қатысты.
Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы аясында ақшалай қаражат Маңғыстау және Атырау
облыстары арасында теңдей бөлінеді
- СОҢЫ –
ҚОСЫМША АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН:
Зарина Айсенғалиеваға/Гүлмира Шалабековаға хабарласыңыз: +77172 59 47 87
РЕДАКЦИЯ ҮШІН МӘЛІМЕТ:
«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) компаниясы Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу
туралы 1997 жылғы 18 қарашадағы келісімге (өзгертулерімен және толықтыруларымен бірге) сәйкес
Консорциум құрамындағы жеті серіктестің атынан теңіздегі 11 блокта көмірсутегі қорларын бағалау
мен игеру үшін тағайындалған оператор ретінде әрекет етеді.
Солтүстік Каспий бойынша ӨБК шеңберіндегі ауданы 5 600 шаршы километрге тең мердігерлік
учаскеге Атыраудан оңтүстік-шығысқа қарай 80 км қашықтықта орналасқан алып Қашаған кен орны
кіреді. Сонымен қатар мердігерлік учаскеде Қаламқас, Оңтүстік-Батыс Қашаған, Ақтоты және Қайраң
кеніштері орналасқан. Консорциум құрамына кіретін серіктестердің қатысу үлестері: ҚМГ
(«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ) – 16,81%, «Эни» - 16,81%, «ЭксонМобил»- 16,81%, «Шелл» - 16,81%, «Тоталь» -
16,81%, «КонокоФиллипс» - 8,40% және «ИНПЕКС»- 7,56%.
«НКОК» компаниясы жоба шеңберіндегі өндірістік операциялардың орындалуын төрт Агентке жүктеді:
«Аджип ҚКО» компаниясы І кезеңді (Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру, соның ішінде бұрғылау) жүзеге
асыру үшін жауап береді; «Шелл Девелопмент Қашаған Би.Ви.» (ШДҚ) компаниясы мен «Аджип ҚКО»
компаниясы Қашаған жобасының ІІ кезеңіндегі нысандардың құрылысы үшін жауап береді. ШДҚ
негіздік жобалау жұмыстарын басқаратын болады, содан кейін жобаның теңіз нысандарын жобалау,
салу және игеру жұмыстарын жүзеге асырады. «Аджип ҚКО» компаниясы жерүсті нысандарын
жобалау, салу және игеру жұмыстары үшін жауап береді; «ЭксонМобил Қазақстан Инк.» компаниясы ІІ
кезеңдегі бағалау және бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін жауап береді, ал «ҚМГ Қашаған Б.В.» мен
«Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.» компаниялары құрған бірлескен кәсіпорын (НКПОК) барлық
кезеңдердегі өндірістік операцияларды басқаратын болады.
Page | 3
«НКОК» компаниясы сондай-ақ Консорциумның әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларын
(ӘИЖ) және Демеушілік пен қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру үшін жауапкершілік
атқарады. Осы бағдарламалардың жүзеге асырылуы екі Агент компанияға жүктелген – «Эн Си
Продакшн Оперейшнз Компани Би.Ви.» (НКПОК) компаниясы әлеуметтік және инфрақұрылымдық
жобаларды орындау үшін, ал «Аджип ҚКО» компаниясы демеушілік және қайырымдылық
бағдарламасы шеңберіндегі қызмет үшін жауап береді.