Асхана ашылды


) Рамазан мен айт мейрамы



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.03.2017
өлшемі6,12 Mb.
#5607
1   2   3

1) Рамазан мен айт мейрамы. «Рамазан 

келерде сансыз сезімдер мен толып тасыған 

ойлар  салтанат  құрады.  Күн  мен  түн  де 

тұтастай илаһи (Құдайлық) рақымдылық пен 

кешірімділікке толып тасалы. Мезғілі біткен 

сәтте  жүректерге  өзіне  деген  қимас  сезім 

мен  сағыныш-сазы  тұнады.  Бірақ  солбір 

жүректері Рамазанға айналған жандарды жа-

сытпай, оларды іші құт-береке мен қуаныш-

шаттық толған айт күніне аманаттайды. Ра-

мазаннан  кейін  аштың  келуі  біз  үшін  то-

сын оқиға болмаса да, бейне бір жаңа атқан 

таңдай  жан-сарайымызды  нұрға  бөлеп,  са-

намызды сәулесімен қытықтал, көкжиектен 

көрінеді.  Рамазанмен  ыстық  ықылас  құр-

ған  адам  баласы  айтты  илаһи  шарапаттан 

төгілген  сиқырлы  уақыт  сезініп,  оның  те-

рең  тылсым-сырын  аңғарады.  Оның  илаһи 

тартымдылығы  мен  сиқырына  малтып, 

уақытша  болса  да,  рамазаннан  айрылысқан 

қасірет сезімінен жеңілдегенін сезініп, алып 

рақым  айының  қоштасуы  мен  терең  шара-

пат  күнінің  мейрамын  бірге  тартады.  Айт 

- дүние мен ақыретке тән әсемдіктердің бір-

бірімен  етене  араласып,  адамдардың  Рама-

зан  бойы  әртүрлі  ғибадаттар  арқылы  бейне 

бір  періштеге  айналып,  періштелер  де  осы 

ұқсасқа бет бұрып, сол бір рухы саф жандар 

арасында  сайрандап,  айнала  илаһи  әсемдік 

пен  сұлулыққа  оранып,  осынау  ғажайып 

тылсым дүниені көргендер, өздерін оянғысы 

келмейтін  түс  әлемінде  деп  ойлайтынын 

айтуға  тіл  жетпес  күн.  Осы  мүбәрак  күнде 

Рамазан болған барлық жер-жүзі періштелер 

мен  рухани  жандардың  көктегі  тылсым 

әлеміндей  көрініп,  шаттыққа  бөленген  ру-

хани  ғаламатқа  тең  бір  сырлылыққа  орана-

ды. Сол сәттен қасиетті айт мұсылмандарды 

өзіне  баурап  алып,  оларды  жүрек  пен  ру-

хани  өмірінің  тұңғиығына  қарай  тартады. 

Оларға  ай  мен  күн  тіпті  құс  жолын  қамти 

алатын кеңістік дайындау «құпия қазынаға» 

жап-жарық  айна  болу  жолдарын  көрсетеді. 

Көңілдері  алабұртып,  алып  ұшқан  әркім  өз 

дәрежесіне қарай аштың көрсеткен жолдары-

мен ұшуға даяр құстай бола қалады. Тылсым 

сырдың  есігі  ашыла  кеткендей  қанаттарын 

тағатсыз  қағады.  Кейде  айттың  келуімен, 

көкірек  көзі  ояу  жандарды  Ұлы  Жаратушы 

жақтан  ескен  «илаһи  самал»  баурап  алады. 

Сол сәтте олар жай адамдардың тамаша ет-

кен әлемінің арғы жағын көргендей ғажайып 

күйге еніп, бейне бір екі әлемнің ортасында 

тұрғандай  сезіледі.  Тақуалықган  жүректері 

діріл  қағып,  өздерін  «қорқу-үміт»  аясынан 

табады.  Кейде  адам  айтта  барлық  нәрсені 

болмысынан  басқаша  сезініп,  өзгеше  баға-

лайды.  Тіпті  ол  өзін  баураған  кейбір  сезім 

иірімдері  арқылы  көктер  мен  жерді  бір-

бірімен бірігіп кеткендей көріп, жерден ұзап, 

көкке  ұшып,  періштелердің  арасына  кіріп, 

олардың  әлемінде  жүргендей  сезініп,  ашы-

лып,  кеңейіп  «мекенсіз»  күй  кетеді.  Сон-

да ол өзін бейне бір түпсіз тереңдікке бой-

лай,  шексіздікке  жеткендей  сезінеді.  Айт-

та  сезімдер  өте  жұмсал,  адам  жаны  қатты 

жеңілдейді  де,  ақыл  мен  жүрек  бір-бірімен 

қосылып кетеді.



2) Ораза жамандықтан сақтайды. Ораза 

адам  жайын  тазартыл  жаман  қылықтардан 

сақтайды.  Құранда  Аллаһ  Тағала  былай 

дейді.  «Ей,  иман  еткендері  Күнәлардан 

сақтанып,  тақуалыққа  жетулерің  үшін  сен-

дерге  бұрынғыларға  парыз  етілгендей 

ораза  парыз  етілді»  («Бақара»,  185-аят). 

Бұл аятта ашылғандай Оразаның мақсаты - 

мұсылманды  тазартып,  тақуалық  дәрежеге 

жеткізу.  Осыны  әуелі  ұғынып,  тұтыныл 

алайық. Тақуа - сақтану, қорқу, сыйыну, Ұлы 

Жаратушының қорғаныш кіру. Тақуалықтың 

үш  дәрежесі  бар:  1)  Мәңгілік  өлімнен  сақ-

тану.  Яғни,  өзін  жаратқан  Аллаһ  Тағалаға 

сену,  иман  ету.  Ұлы  Жаратушыға  иман  ет-

пеген  адамның  басына  бақ,  қолына  құс 

қонғанмен  қашан  да  жан-сарайы  қараңғы 

болмақ.  Өйткені  ертеңгі  күн  өлімге  басы 

тігілгелі тұрған жанның бүгінгі татқан балы 

да  у  болып  келеді.  Ендеше  бүгіні  жоқтың 

ертеңі де жоқ. Алайда тілін кәлимаға келтіріп, 

Аллаһ  Тағалаға  иман  етіп,  мойын  ұсынған 

жан  мәңгілікжаһаннам  отынан  құтылып, 

мәңгілік  бақыттылық  сарайы  жәннатқа  қа-

рай  қадам  басады.  Яғни,  иман  еткен  өзін 

мәңгілік  өлімғе  деген  соқыр-сенім  мен 

күпірліктен  сақтайды.  2)  Ұлы  Жаратушыға 

қарсы  келуден  сақтану.  Аллаһ  Тағаланың 

көптеген  бұйрықтары  бар.  Осы  әмірлерді 

орындау  -  парыз  және  көптеген  тыйымда-

рынан  әрі  алыс  тұру  -  парыз.  Оның  тый-

ым  салғандарына  қол  сұққан  -  Оған  қарсы 

келу деген сөз. 3) Тікелей Аллаһ Тағаланың 

қорғаныш кіріп, Одан өзгені жүрекке алмау. 

Тақуалық  -  иманды,  көркем  мінезді,  пара-

сатты  жан  болып,  Аллаһ  Тағалаға  мойын-

ұсынып,  «толық  адам»  шыңына  қарай 

«нұрлы  ақылды»  шырақ,  «жылы  жүректі» 

пырақ  етіп,  ыждаһаттылықпен  қадам  ба-

сып  қайраттану.  Оразаның  мақсаты  -  жан-

ды рухани кірден тазартып, көркем мінезге 

тәрбиелеу,  нәпсіге  ауыздық  салып,тізгінді 

қолға  алу.  Ойшыл  ибн  Рушд  былай  дейді: 

«Егер  кімде-кім  еркі  мен  нәпсісіне  ие  бол-

са, онда ол өзін әлемнің ең, бақытты адамы-

мын деп санасын». Адам баласының толық 

адам  шыңына  жетуі  мен  көркем  мінезді 

болуының негізі нәпсіге ие болуында жатыр. 

Нәпсі  -  бойдағы  құмарлық  сезім.  Ол  өзіне 

хош  келетін  барлық  нәрсеге  қол  сұққысы, 

татқысы  келеді.  Оның  өлшемінде  шек  жоқ. 

Бүгінін, тіпті бір сәттік ләззатын ертеңі мен 

мәңгілік  бақытына  айырбастал,  яки  сатып 

жіберуге  қашан  да  құмбыл  тұрады.  Асы-

лында,  ол  үшін  ертең  жоқ.  Міне,  осы  кез-

де ақыл рөл ойнай бастайды. Ақыл - жақсы 

мен  жамандықты  айыра  білетін  адамның 

негізгі құралы. Бірақ сол ақылдың да өлшемі 

шектеулі. Оның бүгінгі жақсы дегені, ертең 

жаман,  жаман  дегені,  жақсы  болуы  әбден 

ықтимал. Міне, осы кезде ақылға бүгіні мен 

ертеңінде жаңылыспайтын өлшем қажет. Бұл 

- илаһи өлшем. Егер адам баласы нәпсісіне 

ие бола алмаса, нәпсі адамның еркін қадаған 

жағына  бағыттай  алады.  Кей  кезде  илаһи 

өлшемді  білген  ақылды  тұтқындап  тастап, 

еріксіз  өзіне  мойын  ұсындырып  тыйым 

салған  нәрсеге  қол  сұқтырады.  Сондықтан 

ақыл  жүрекпен  бірігіп,  Аллаһ  Тағаланың 

бұйрығын орындал, ауыз бекітеді. Нәпсінің 

барлық күш-қуаты осы ауыз арқылы кетеді. 

Нәпсі қаншама ақыл мен ерікті ауыз ашуға 

зорласа да, ол екеуі Ұлы Жаратушының бұй-

рығынан  аса  алмайды.  Ашыққан  нәпсінің 

құмарлық  сезім-қолы  әлсіреп,  деңгейі  тө-

мендеп  кетеді.  Осы  сәтте  адам  бойына  ру-

хани  қарғын  жүре  бастайды  да,  жүректің 

түпкірінде,  нәпсінің  қалтарысында  қалған 

ар-ождан күллі адамгершілік сезімдерді оя-

тып,  туралыққа  бастайды.  Яғни,  негізгі 

рөл мен тізгінді ар-ождан қолға алып, адам 

жаны  рухани  ләззатқа  шомыла  бастайды. 

Бәлкім ол сонда ғана құмарлық сезімдердің 

татқан ләззатынан, рухани сезімдердің алған 

ләззаттары әлдеқайда басым екенін аңғарып, 

оның бұдан кейінгі бар арман-тілегі - толық 

адам шыңы бола бастайды.Толық адам шыңы 

- адамның Ұлы Жаратушының мінезіне ұқ-

сауы.  Оразаның  осындай  хикметтері  бар. 

Нәпсіні тәрбиелен, жолға салуда аштық пен 

шөл өте үлкен рөл ойнайды. Бірақ бұл Аллаһ 

Тағала үшін болуы керек. Кісі өздігінен аш 

қалып,  діттеген  мақсатына  жете  алмайды. 

Өйткені  Ораза  -  Аллаһ  Тағалаға  жасала-

тын  ғибадат.  Толық  адам  болу  жолындағы 

барлық  қадам  Ұлы  Жаратушы  үшін  арна-

луы  керек.  Қасиетті  (қудси)  хадисте  Аллаһ 

Тағала:  «Аузы  берік  адам  ішіп-жеуін  мен 

үшін доғарды. Ораза - Мені мен құлымның 

арасындағы  ғибадат.  Оған  берілетін  сыйды 

Мен  ғана  өлшеп,  Мен  беремін.  Аузы  берік 

кұлымның  аштық  пен  сусағандықтан  шық-

қан ауыз исі мен үшін миск әтірінен де та-

маша», - дейді.



3)  Қоғамдық  пайдасы.  Оразаның  аузы 

берік  адамға  ғана  емес,  сонымен  қатар 

қоғамдық  пайдалары  бар.  Ораза  -  елдегі 

дәулетті  адам  мен  жоқ-жітік  арасында  бай-

ланыс  жасайды.  Көбінесе  ауқатты  адам 

жасынан  өмірдің  ауыр  тіршілігін  көріп, 

тауқыметін  арқаламай  өскендіктен,  жан-

ашырлық  сезімнен  мақрұм  қалады.  Кей-

де  адам  байлыққа  батқан  соң,  айналасын 

ұмыта бастайды. Осы сәтте оның өмірге де-

ген  көзқарасы  өзгереді.  Нәпсісі  бойдағы 

жанашырлық сезімін тұншықтырыл тастай-

ды. Бір мемлекетте өмір сүрсе де, бай басқа 

әлемде,  тұрмысы  нашар  халық  басқа  бір 

әлемде  жүреді.  Мұндай  қоғам  ауыр  дертке 

душар болып, елде жүйе бұзылады. Ауқатты 

адамдар  қол  астындағы  жұмыс  істеген 

адамдарына  төбедей  қарайды.  Адам  Ораза 

ұстап,  сәресіден  кешке  дейін  аш  қалғанда 

ғана  айналасына  басқаша  қарай  бастайды. 

Аш  адамның  бойында  тасыған  нәпсі  бірте-

бірте  әлсірейді  де,  жүректің  тереңіндегі 

мейірім-шапағат  сезімі  оянады.  Ол  сон-

да  ғана  аштықтың  қандай  екенін  аңғарады. 

Өзінің де жай ғана пенде екенін сезінеді. Ал 

оянған  мейірім-шапағат  жалпы  адамзатқа, 

тіпті  әлемге  деген  сүйіспеншілікті  өзімен 

бірге  ала  келеді.  Рамазан  айының  -  рақым 

айы  болуының  сыры  осында  жатыр.  Адам 

мен  адамның,  адам  мен  әлемнің  арасын-

да  достық,  махаббат  байланысы  құрылады. 

Адамның  бойында  мейірім-шапағат  туып, 

оны айналасына нұрлы шашу етуі - Ұлы Жа-

ратушыға арнаған нағыз шүкірі.



4) Ораза ырыс-берекенің қадірін білді-

реді.  Негізі  адам  баласы  өзіне  берілген 

Нығмет  пен  ырыс-берекенің  қадірін  біле 

бермейді.  Сый-сияпат  етіп  берілген  ырыс-

берекені бейне бір тегін дүниедей төгіп ша-

шады. Әр түрлі тәтті тағамдарды да бейпіл 

жей берген соң, ауыздан дәмі кетіп, бал бал 

болудан  қалады.  Мұндай  күйге  түскен  кісі 

ешуақытта  тамақтан  қадірін  сезе  алмай-

ды. Ал адам баласы ауыз бекітіл, күні бойы 

аш қалғанда, тағамның Ұлы Жаратушының 

құнына  жайған  дастарқанындағы  үлкен 

ырыс-берекесі  екенін  аңғарады.  Ол  күні 

бойы аш қалып, кешқұрым ауыз ашқанда, ау-

зына салған қатқан нанның да қаншалықты 

қадірлі еке-нін сезеді. Тоқ адамның дәл солай 

сезуі  әсте  мүмкін  емес.  Мұндай  қоғамның 

экономикасы да оңайлықпен құлдырамайды.

5) Ораза, сабырлылық пен төзімділікке 

үйретеді.  Ай  бойы  аш  қалып,  күндіз  ау-

зын  ашпауға  бекініп,  әбден  дағдыланған 

адамның  бойында  сабырлылық  пен  шы-

дамдылық  сезімі  күшейіп,  өркен  жаяды. 

Аштық  пен  құмарлық  сезімге  сабыр  қыл-

ған,  өзгеге  де  сабыр  ете  алады.  Бойдағы 

ашу  мен  жеңілдігіне  сабыр-тізғінін  салып, 

жанарында  ойлылық  пайда  бола  бастай-

ды. Бұл ғұмырда нағыз сабыр - өз нәпсісін 

жеңе  біліп,  Аллаһ  Тағаланың  ақ  жолында 

жүруге бел байлау. Ақырет әлеміндегі асқақ 

тыңнан  көз  айырмау.  Оразаға  төзе  білген 

өзге  ғибадаттарға  да  шыдамдылық  таны-

та  алады.  Сабырлылық  күшіне  ие  болған 

жан  ғана,  діттеген  мақсатына  жете  ала-

ды.  Құранда  жетпіске  жуық  аятта  сабыр 

мадақ-талған. Шынында адам баласы сөзсіз 

қасіретте. Бірақ иман етіп, ізгі іс істегендер, 

бір-біріне  ақиқатты  айқындап,  сабырлықты 

насихаттағандар ондай күйге душар болмай-

ды», - деп баян етеді. Заманының үлкен ой-

шылы  имам  Ғазали  Оразаның  үш  түрі  бар 

екендігін  айтады:  1.  Жалпыға  тән  Ораза 

Яғни,  ішіп-жеуден,  жыныстық  қатынастан 

аулақ  тұру.  2.  Аллаһ  Бағаланып  елден 

ерек  құлдарына  тән  Ораза.  Бұл  -  көз  бен 

құлағын,  аяқ-қолы  мен  өзге  де  мүшелерін 

күнәдан  сақтауы.  3.  Аллаһ  Тағалаға  жақын 

адамдардың  Оразасы.  Жүрегі  мен  ой-сана 

әдемі  Аллаһ  Тағаладан  өзге  нәрседен  пәк 

болуы.  Осылай  Ораза  ұстағанға  Аллаһ  пен 

ақыреттен өзге ой келсе, Оразасы бұзылады. 

Бірақ  діннің  байрағын  желбіретіп,  көкке 

қадау үшін, дүниені ойласа болады. Бұл - то-

лық адамның бейнесі.


Тоқты

Кез келген тәукелге дайын болыңыз. «Шешін-

ген  судан  тайынбас»  дегендей,  алдыңызға 

қойған  мақсатқа  жету  жолында  тәуекелге 

бара  білу  де  керек.  Тағдырдың  тосын  сыйы 

да  бұл  аптада  аз  болмасы  анық.  Қаржылық 

жағдайыңыз жаман болмайды. 

Торпақ

Сізді  барынша  қиын,  бірақ  сол  қиындығына 

сай сыйы да үлкен бір шаруа күтіп тұр. Оны 

ойдағыдай  орындап  шығуға  кәсібіңізге  де-

ген  шексіз  махаббатыңыз  көмек  болмақ.  Де-

малыс  күндерді  жақындарыңыздың  жанында 

өткізіңіз.

Егіздер

Қай  істе  болмасын  асығудың  қажеті  жоқ. 

Қызметтегі қарбаластан бір уақыт бой жазып, 

жақындарыңызбен әңгіме-дүкен құрыңыз, те-

атр сынды мәдени орындарға барыңыз, дема-

лыңыз. 


Шаян

Бұл аптада тағдырдың тамаша сыйы аз болма-

сы  анық.  Күтпеген  жерден  жақсы  ұсыныстар 

түсуі  ғажап  емес.  Кәсіпкерлер  қандай  да  бір 

тиімді келіссөздерге қол жеткізуі мүмкін. Де-

малыс  күндері  жалғыз  қалып,  жеткен  жетіс-

тіктеріңіз жайлы жақсылап ойлануыңыз сізге 

күш-жігер сыйлары сөзсіз.



Арыстан

Жұмысыңызға  шын  беріліп  істесеңіз,  сізді 

үлкен  мүмкіндіктер  мен  тосын  сый  күтіп 

тұр.  Айналаңызға  көп  жалтақтамай,  өзіңізді 

жұмысыңызға арнаңыз. Сонда жетер жетістік-

теріңіз молынан болмақ. Бұл аптада қызметте 

бір табан жоғарлау мүмкіндігіңіз мол.

Бикеш

Бұл  апта  Бикеш  жұлдызымен  туылған  жан-

дар үшін қай қырынан алып қарасаңыз да тек 

сәтті  де  тәтті  болмақ.  Қызметте  де,  жанұяда 

да, жеке өміріңізде де тек қуаныш пен бақытқа 

бөленесіз. 



Таразы

Апта  Таразы  жұлдызымен  туылған  жандар 

үшін қай істе болмасын қолайлы. Көптен бері 

жете  алмай  жүрген  армандарыңыз  осы  апта-

да шындыққа айналуы да ғажап емес. Мұндай 

сәтті уыстан шығарып алмаңыз. Еңбектеніңіз, 

арманыңызға жетіңіз.

Сарышаян

Қызметтегі  қарбаластан  біраз  бой  жазып  де-

малып  алуға  толық  құқыңыз  бар.  Өзіңізді 

жұмысқа жеге бермей, бір уақыт өзіңізге көңіл 

бөліңіз.  Уақытты  барынша  көңілді,  әрі  естен 

кетпестей етіп өткізуге талпынып көріңіз.



Мерген

Қай  істе  болмасын  сабырлық  таныта  біліңіз. 

Сабыр  түбі  –  сары  алтын  екенін  естен 

шығармауға  тырысыңыз.  Айналаңызда  бо-

лып жатқан жайттарға мұқият болып, бәрін де 

асығыс  шешімнен  бұрын,  ой  елегінен  өткізу 

керектігін ұмытпаңыз.

Тауешкі

Қаржылық  жағдайыңыз  сіз  ойлағандай  еш 

қиындықсыз  болады.  Жаңа  ұсыныстар  түсуі 

мүмкін. Кез келген жаңа бастаманы еш күдік-

күмәнсіз бастап кете бергеніңіз жөн. Сәттілік 

сіздің жағыңызда. 



Суқұйғыш

Суқұйғыш жұлдызымен туылған жандар үшін 

бұл барынша табысты апта болмақ. Дегенмен 

біраз  уақытыңыз  жақындарыңыздан  жырақта 

өтуі мүмкін. Ал бұл уақытта кімнің адал дос, 

кімнің амал дос екенін ажыратып алу қиынға 

соқпайды.

Балықтар

Армандарым орындалмады деп көңіліңізді бе-

кер  түсірмеңіз.  Армандар  орындалады!  Тек 

оған жету үшін сіз де қадам жасауыңыз қажет. 

Алға  ұмытылыңыз,  армандарыңызға  қол 

созыңыз.  Ол  үшін  мақсат  қойып,  еңбектене 

біліңіз. Осындай қажырмен сіз ойыңыздағыға 

осы аптада-ақ жетесіз.



ЖҰЛДЫЗ 

        ЖОРАМАЛ

№ 24 (602) 10 маусым (жұма) 2016 жыл

                                                                                                      



                               

Бас редактор Абылбек МƏУЛЕНОВ

Меншік иесі: «Бəйтерек» газеті

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

E-mail: bayterek2@rambler.ru

Мекен-жайы: Байқоңыр қаласы,

Абай даңғылы, 16 үй.

Тел: 2-35-86

Газет Қазақстан Республикасының

Ақпарат Министрлігінде

2006 жылдың 24 қазанында қайта

тіркеліп, № 7847-Г куәлігі берілген.

Таралым аумағы: Қызылорда облысы.

Газет редакциясының компьютерлер 

орталығында теріліп, беттелді. 

''PRINT'' баспаханасында басылды.

Қызылорда қаласы, Байтұрсынов көшесі, 49 үй.

Телефон: 27-61-62.

Тапсырыс № 542

Таралымы 2000 дана

ХАБАРЛАНДЫРУ

Автобуста қысылып жүруден жалықтыңызба? Өзіңіз рөлге отыратын кез келді. «Байқоңыр «Космос» колледжінің 

атынан ашылған Автомектепте «А», «В», «С», «Д»,  «ВЕ», «СЕ», «А1», «В1», «С1», «Д1», «С1Е», «Д1Е» категорияла-

ры бойынша көлік айдау курсына оқуға жазылу басталды. Сабақтардың өтетін мекен жайы: Байқоңыр қаласы, Королев 

көшесі,19«А». (бұрынғы УПК), 108 кабинет (2 қабат).

Сұрақтарыңызбен көрсетілген телефондарға хабарласуларыңызға болады: 87057227748, 87760058181, 8(33622) 7-54-

10, 5-12-47

*****

ОБЪЯВЛЕНИЯ

Устали толкаться в автобусе? Пора самому садиться за руль. Автошкола при «Байконырском колледже «Космос» рас-

положенное по адресу: проспект Королева,19«А» (бывший УПК), 108 кабинет (2 этаж). Проводит набор на курсы вожде-

ния по категориям: «А», «В», «С», «Д»,  «ВЕ», «СЕ» под категории «А1», «В1», «С1», «Д1», «С1Е», «Д1Е».

Справки по тел: 87057227748, 87760058181, 8(33622) 7-54-10, 5-12-47

13-19


маусым

Көпшілік назарына!

Зиялы қауымның қолдауымен Қазақстан жұртшылығына арналған 1930 жылдардағы ашаршылық құрбандарының 

есімдерін анықтау жөнінде Үндеу қабылданды. Осы орайда ашаршылық құрбандарының бірыңғай республикалық ба-

засына облыс бойынша мәліметтерді енгізу үшін облыс, аудан көлеміндегі аштықтың куәсі болған көнекөз қариялардан 

ашаршылықта құрбан болған туыстарының есімі, суреттері т.б. деректер жинақталуда. 

Осындай  жоғарыда    аталған  деректері  бар    тұлғаларды  осы  жылдың  14-маусымына  дейін  Байқоңыр  қалалық 

архивіне хабарласуларын өтінеміз. 

Мекен жайымыз: Байқоңыр қаласы Носов көшесі №5 үй, 3-қабат. Байланыс телефондарымыз: 87773396367, 

87757171969.

Байқоңыр қалалық архиві

Áàéқîңûð қàëàñû áîéûíøà Ґàðìàқøû àóäàíäûқ ìәñëèõàò 

äåïóòàòòàðûíûң өç îêðóãòåðіíäå ñàéëàóøûëàðäû 

қàáûëäàó ÊÅÑÒÅÑІ (2016 æûë)

Áàéқîңûð қàëàñû áîéûíøà îáëûñòûқ ìәñëèõàò äåïóòàòòàðûíûң өç 

îêðóãòåðіíäå ñàéëàóøûëàðäû қàáûëäàó ÊÅÑÒÅÑІ (2016 æûë)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет