2004 жылдың 27 қазанынан шыға бастады
Байқоңыр аумақтық ақпараттық-танымдық апталығы
№ 24 (602) 10 маусым (жұма) 2016 жыл
ОРАЗАНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ ХАЛАЛ
АСХАНА АШЫЛДЫ
КЕЗДЕСУ
ӨТКІЗДІ
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев
«Достық үйінде» облыс жастарымен еркін
кездесу өткізді. Бұл аймақ басшысының
жастар, блогерлер және әлеуметтік же-
лілердің
белсенді
қолданушыларымен
өткізген бірінші кездесуі емес. 3 сағатқа
созылған бейресми басқосуда жиналғандар
көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, көпті
толғандырып жүрген бірқатар мәселелерді
ортаға салды.
Алдымен аймақ басшысы бұған дейінгі
өткен кездесуде жастар тарапынан көтерілген
проблемалардың шешілуі, берілген тап-
сырмалардың орындалуы туралы ақпарат
берді. Атап айтқанда, «Сыр – Алаштың ана-
сы» экспедициясын ұйымдастыру, стрит-
бол алаңдар салу, Қызылордада Батырхан
Шүкеновке арналған ескерткіш белгісінің
эскиздік жобасын әзірлеу үшін конкурс өткізу
және «Жастар фестивалін» ұйымдастыру
сияқты мәселелерге қолдау сұраған бола-
тын. Қырымбек Елеуұлы аталған ұсыныстар
қолдау тауып, тиісті жұмыстар атқарылып
жатырғандығын айтты.
- Біз өз тарапымыздан жастар саясаты-
на жаңа мазмұн, жаңа форма әкелуіміз ке-
рек. Елдегі жастардың да, саяси-қоғамдық
ұйымдардың жекелеген мәселеге түрлі
көзқарасы болуы мүмкін, бірақ елдің бір-
лігі мен қоғамдағы тұрақтылыққа келген-
де сөз де, іс те, ұстаным да ортақ болуы
тиіс. Ауылдың да, қаланың да жастарымен
белсенді жұмыс істеп, оқитынына бағыт
беріп, оқымайтынына оқуға жағдай жасап,
жұмысқа орналастыруға немесе кәсіп ашуға
көмек көрсетілуі қажет, - деді облыс әкімі
Қырымбек Көшербаев.
Жерге, суға қатысты, жол жөндеу және
басқа да мәселелер мен жастардың проб-
лемаларын айтуда кездесуге келгендер жас-
қанып қалған жоқ. Басқосуға 80-ге жуық
адам қатысып, оның 20-сы облыс әкіміне
сұрақтарын қойып, жауабын алды.
Қырымбек Елеуұлы кездесуде ай-
тылған жастардың ұсыныстары, жастар
ұйымдарының жобалары қаралып, ұсыныс-
тар дайындауды тиісті басқармаларға тап-
сырды.
Еркін форматта ұйымдастырылған кез-
десу болғандықтан жастар ұсыныс айтып,
аймақ басшысымен бірге ән шырқады.
Жастардың өтініші бойынша, облыстағы
жас құрылысшылар жасағының мүшелері
үшін аймақтағы құрылыс нысандарынан 516
жұмыс орындары дайын екендігі хабарлан-
ды. Ал оқуға ниетті жастарға 5200-ден аса
мемлекеттік оқу гранттары бар.
Ислам дінінде қасиетті Рамазан айы ай-
лардың ең төресі болып саналады. Осынау
келген ораза айында әрбір адам ауыз бекітіп,
имандылық құндылықтарын ұстануда.
«Ораза - тәннің зекеті, сабырдың жарты-
сы, нәпсінің тізгіні» дейді. Осыны зейініне
тоқыған мұсылман қауымы қасиетті Рамазан
айында ауыз бекітіп, Аллаға құлшылық ету-
де. Айлардың төресі, күллі мұсылман бала-
сы үшін қасиетті саналатын қасиетті Рама-
зан айындағы жақсылықтың әрқайсысы сау-
ап деп қабылданатыны белгілі. Ораза тұтқан
барша жамағатты осынау қасиетті айда ауыз-
ашарға шақырып жататындығы да аян.
Ораза айының қасиеті сондай, жұрт са-
уапамал жасауға ұмтылады. Ізгілікті істе
жарысатындарды көріп қуанасың. Осындай
шаралардың бірі Төретам кентінде оразаның
алғашқы күнінде орын алды. Дәлірек айт-
сақ, дүйсенбі күні Төретам кентіндегі «Жә-
рімбет ата» мешітінің жанынан 250 орын-
ды халал асхананың ашылу салтанаты бол-
ды. Халал асхананың ашылу салтанаты-
на Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан
Ысқақұлы Мақашов, Қармақшы ауданы ар-
дагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Ес-
дәулетов және Төретам кенті, Ақай ауылы
және Байқоңыр қаласының мекеме басшы-
лары қатысты.
Аталған нысанның ашылу салтана-
тында Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан
Ысқақұлы Мақашов өз лебізін былайша
білдірген еді: -Қадірлі Төретам кентінің
тұрғындары! Құрметті бүгінгі жиынға жи-
налған мұсылман қауым! Сіздерді мұсыл-
ман қауымының ерекше құрмет тұтып,
айлардың сұлтаны аталған рамазан айының
келуімен шын жүректен құттықтаймын.
Ұлттық салт дәстүрімізбен ата – бабамыз-
дан келе жатқан басты парыздарымыздың
бірі – рамазан айында ораза тұтып, жан
тазалығын, имандылықты, мейірімділікті
дәріптеу - қоғамды бір нығайтып, елдің
ынтымағын арттырға бағытталған игілікті
іс екендігі айқын. Рамазан айының ба-
сты қасиеттерін атап айтар болсақ, бар-
ша халықтың өзін жат қылықтардан тазар-
тады. Осының арқасында мұсылман на-
маз оқығанда Аллахтың нұрында тұрады.
Ал ораза ұстап, аузын бекіткенде өзінің
нәпсісіне тиым салады, тәубеге келеді.
Ораза адам жанын тазартып, жамандықтан
сақтайды. Ораза ырыс пен берекенің қадірін
біледі. Адам баласы күні бойы ашығып,
кешқұрым ауыз ашқанда аузына салған
қатқан нанның қаншалықты қадірлі екенін
сезінеді. Ораза сабырлылық пен төзімділікке
үйретеді. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев «Діннің тұтастығы –
елдің тұтастығы. Діни алауыздық ұлттық
алауыздыққа апарып соқтырады», - де-
ген ұлағатты сөзін еске түсірсек бола-
ды. Сондықтан да қазіргі уақыттағы ба-
сты мақсатымызда дәстүрлі дінімізді, салт
дәстүрімізді шынайы дәріптеумен бірге, жас
ұрпақты имандылыққа, рухани тәрбиелікке
баулып, бүгінгі еліміздегі түрлі дін өкілдері
бір шаңырақ астында бейбітшілік пен
келісімде өмір сүріп жүр. Қадірлі ағайын! Ра-
мазан айындағы жақсылығымыз бенигілікті
істеріміз елдің өркендеуіне өз үлесін қосады
деп сенемін. Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік,
іргесі берік болсын. Әрбір шаңырақтың
құт несібесі толағай бола берсін. Мынау
енді рамазан айының қарсаңында кәсіпкер
Ерғазы бауырымыз осы жердің іргетасын
қалағаннан бері мақсатын айтып жүрген бо-
латын. Енді бүгін міне, мешіттің жанынан
осы жердің тұрғындарының садақаларын
беретін, ата-бабаларына астарын жасайтын
жерге бейімдеп халал асхана ашылып жатыр.
Бәрлерңізге құтты болсын дейміз. Бұдан бы-
лай берілетін ас және басқа да осы маңдағы
садақалардың барлығы осы жерде берілетін
болады. Осы халал асхананы елдің игілігіне
жарата беріңіздер.
Осыдан кейін Қармақшы ауданының
әкімі Сұлтан Ысқақұлы, Төретам кентінің
ақсақалы Нәдір арықов және кент әкімі
Мырзабек Демесінов халал асхананың лен-
тасын қию рәсімін жасап, ғимарат ішін ара-
лады. Нысан негізінен екі блоктан тұрады.
Біріншісінде 250 орынды асхана болса,
екінші дәрісхана блогында қыздар мен ер
балаларға бөлек бөлек сынып бөлмелері,
кітапхана, имамның бөлмесі орналасқан.
Заман талабына сай жабдықталып,
халықтың игілігіне бейімделіп жасалған
жаңа асхана құрылысының бас мердігері,
«Болашақ құрылысы» ЖШС-нің басшысы
кәсіпкер Ізбанов Ерғазы Базарбайұлына жи-
налған көпшілік алғыстарын айтты. Бұған
дейін де көптің алғысына бөленіп жүрген
кәсіпкер Ерғазы Базарбайұлы нысанның
ашылу салтанатынан кейін асханада дастар-
хан жайып, жиналған қауымға ауызашар
берді. Жалпы, ауызашар беру – өте үлкен
сауапты іс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде
кім бұл айда аузы берік бір адамға ауыза-
шар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы
берік адамның алған сауабындай сауап бұған
да беріледі» деген. Яғни, амалдардың ең
құндысы – бір мұсылманды күнәдан арыл-
ту, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру
арқылы оны қуанту.
Тіпті Алланың өзі тамақ жегізетін жо-
март құлымен періштелеріне мақтанады.
Тағы бір хадис шарифте былай делінген:
«Досына оның жақсы көретін тамағын
әперген адамның күнәлары кеші-ріледі». Де-
мек, дос-жарандарға тамақ беру садақа беру-
ден абзал болады.
Ауызашарда Ұлы Отан соғысы ардагері,
Ақай ауылы мен Байқоңыр қаласының
құрметті азаматы Жарманов Қалмырза ата
ақ батасын беріп, асхананы салған азаматқа
алғысын білдірді.
«Бәйтерек - Байқоңыр» апталығы
№ 24 (602) 10 маусым (жұма) 2016 жыл
2
БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА
ӘЛЕМ СӘНІ - БАЛА КҮЛКІСІ
РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕГІ
МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге
және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміз-
дері бар. Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк рәміздері - Ту, Елтаңба және
Әнұранының сипаттамалары және ресми
пайдаланылу тәртiбi конституциялық «Қа-
зақстан Республикасындағы мемлекеттік рә-
міздер туралы» заңмен белгiленген. Бұл заң
2007 жылдың 4 маусымында қабылданған
болатын.
Алайда, Қазақстан Республикасы рәміз-
дерінің тарихы 1996 жылғы 24 қаңтарда
қабылданып, қазіргі таңда күші жойылған
Қазақстан Республикасының «Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк нышандары
туралы» Конституциялық заңынан басталу-
да.
Терминнің дұрыс пайдаланылуына бай-
ланысты 2007 жылғы 21 мамырда Қазақстан
Республикасының Конституциясына өзге-
рістер мен толықтырулар енгізілгенде «ны-
шандар» деген сөз «рәміздерге» ауыстырыл-
ды.
«Рәміз» деген сөз грек тілінде «символ»
деп аталынады. Рәміз – философия мен пси-
хология өнерінің ең басты дәрежелерінің
бірі. Дүниежүзіндегі мемлекеттің рес-
ми рәмізділігі үш бірлікті білдіреді –
Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту,
Мемлекеттік Әнұран. Олар елдің саяси тә-
уелсіздігінің, егемендігінің белгісі болып та-
былады.
Көптеген елдерде мемлекеттік рәміздер
жалпыұлттық және біріктіруші күш ретінде
ұғынады. Рәміздер діни, партиялық, рулық
бөліністерінен биік болып, барлығын бірік-
тіреді.
Жас мемлекеттің рәміздерін жасау тари-
хына бүкіл Қазақстанның халқы ат салы-
сты. Оған сол кезде жарияланған байқау куә.
Мемлекеттік рәміздерде эстетикалық талап-
тармен бірге, тарихи, экономикалық, саяси
мәні анық көрінетін шешімді табу қажет бо-
латын.
Мемлекеттік туымыздың авторы респуб-
ликаның өнер қайраткері − Шәкен Ниязбе-
ков. Ол Қазақстандағы дизайнерлік өнердің
негізін салушылардың бірі.
Жалауды айқындайтын элементтердің
бірі – оның түсі. Көк түстің таңдалуы кез-
дейсоқ емес, ол адалдықтың, мінсіздіктің
және сенімділіктің белгісі. Бірлікпен бірге
көк түс барлық елдердің тыныштығы
мен ырысын білдіретін бұлтсыз аспан-
ды еске салады. Аспандай ашық көк түс
қазақтардың ұлттық түсі болып табылады.
Өйткені көшпенді қазақтар үшін табиғат
мекендеу ортасы ғана емес, сонымен
қатар, өмірлеріндегі ажырамас бөлігі бола-
тын. «Көк» сөзі ежелгі түріктердің тіліне
аударғанда «Шығыс» мағынасын беріп, осы-
лай тудың түсі географиялық ақпараттың
тасушысы ретінде де қолданылады. Ге-
ральдистердің сөзіне сүйенетін болсақ, Қа-
зақстан жер шарының шығысында орнала-
сып, шығыс мәдениетінің өкілі болатынын
білдіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекет-
тік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның
астында қалықтап ұшқан қыран бейнелен-
ген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың
сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ
түрінде нақышталған. Туымыздағы күн
бейнесі – шекарамыздың бұзылмайтындығын
бейнелейді. Шексіз далада ұшқан қыран, ою-
өрнек – еліміздің ұлттық жиынтық белгісі.
Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық
өрнек бейнесі алтын түстес.
Бүгінгі Елтаңба − Жандарбек Мәлі-
беков пен Шот-Аман Уәлихан секілді сәу-
летшілердің шығармашылық ізденіске то-
лы үлкен еңбегінің жемісі. Мемлекеттік
Елтаңбамыз - дөңгелек нысанды. Дөңгелек,
шығыс қазақтарының аса құрметінде,
өйткені бұл нысан өмір шексіздігінің белгісі.
Ортасында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы
күмбез тәрізді бөлігі) бейнеленген. Шаңырақ
– отбасы амандығы, бейбітшілігі және ашық
аспанды білдіреді. Шаңырақты айнала күн
сәулесіндей тарап уықтар шаншылған.
Олар өмір мен жылудың белгісі. Оң жағы
мен сол жағында аңыздардағы қанатты
пырақтар бейнесі орналастырылып, жауға
қарсы күресте арыстанның үрейсіздігін,
бұқаның күші мен қуаттылығын, маралдың
жылдамдығын, түлкінің қулығын білдіреді.
Тұлпардың алтын қанаттары – астықтың,
еңбектің және материалдық ырыстың
белгісі. Елтаңбаның ортасында бес бұрыш-
ты көлемді жұлдыз, біздің жүрегіміз бен
құшағымыз барлық бес континент өкілдеріне
ашық деген сөз.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік
әнұранның негізі – ол халық арасында кең
тараған «Менің елім» атты патриоттық
өлең. Әнұран – халық жүрегінің соғуы,
армандардың қорытпасы болып табы-
лады. Әнұранның авторлары Шәмші
Қалдаяқов (әні), Жұмекен Нәжімеденов
және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарба-
ев. Әнұран ресми рәміз ретінде, Қазақстан
болашағы мен өзінің болашағына сенетін
қазақстандықтардың ортақ қазынасына ай-
налып кетті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эта-
лондары Қазақстан Республикасы Прези-
дентінің Резиденциясында сақталады.
Туып-өскен жердің мемлекеттік рәміз-
дерінің мағынасын түсіну − әрбір Қазақстан
азаматының борышы. Әр жас ұрпақ, лауа-
зымды тұлға мемлекеттік рәміздерін заң-
намаға сәйкес қадірлеп, қастерлеп, құрмет
тұтуы қажет.
Еліміздегі осындай атаулы күнге орай
Ақай ауылдық округіндегі «Достық»
саябағында «Нұр Отан» партиясы Бай-
қоңыр филиалы, ҚР Президентінің «Бай-
қоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің
қызметін қамтамасыз ету басқармасы,
Ақай ауылдық округі әкімдігі, «Жастар
ресурстық орталығы» Байқоңыр қалалық
бөлімі, Этносаралық қатынастар жөніндегі
Байқоңыр қаласы және Қармақшы ауданы
бойынша сарапшысының ұйымдастыруымен
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
рәміздер күніне орай мерекелік концерт
өтті. Мерекелік шараға өңір жастары, ауыл
тұрғындары, мекеме қызметкерлері қатысты.
Өз елінің патриотымын деген көптеген жа-
стар концерттік бағдарламаға өз үлестерін
қосып әннен шашу шашып, би билеп өз
өнерлерін көрсетті.
Дана АЗИРБАЕВА,
«Нұр Отан» партиясы
Байқоңыр филиалының есеп және
статистика секторының меңгерушісі
Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерь-
ге барамыз, - деп оқу жылы аяқталысымен
мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға
асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен
шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері ба-
лалардың осындай жазғы демалыс лагерінен
бастау алары сөзсіз.
Жазғы лагерь балалардың жазғы де-
малысында денсаулығын нығайтып, дене
тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін
толықтырып, жаңа әсер алуына ықпал жа-
сайды. Осы мақсатта 1-маусым халықаралық
балаларды қорғау күніне орай «Нұрлы жол
- болашаққа бастар жол» жолдауы аясын-
да «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» орай
№80 мектеп гимназиясында мерекелік кеш
өткізілді. «Әлем сән бала күлкісі» тақы-
рыбында өткізілген кеш соңы мектеп-
гимназия жанындағы «Қарлығаш» тынығу
лагерінің ашылу салтанатына ұласты. Ба-
лалардың көңіліне шуақ сыйлап 50 оқушыға
жолдама берілді. Тынығу лагерін ұйым-
дастырудағы негізгі мақсат - балалар мен
жасөспірімдердің демалысын тиімді пайда-
лануына және сауықтырылуы мен демалысы
үшін қажетті жағдайлар жасау, балалардың
денсаулығын нығайтуына, шығармашылық
еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асы-
ру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз
ету, олардың тиімді демалысын және бос
уақытын мазмұнды ұйымдастыру, азаматтық
сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты
өмір салтының дағдыларын ұйымдастыру,
ғылыми, техникалық, көркемдік шығарма-
шылықта, спортта, туризм мен өлке тану-
да білімін, біліктілігін кеңейту, тереңдету
болып табылады. Тынығу лагерінің ашы-
лу салтанатында мектеп-гимназия басшысы
Райхан Әлиева құттықтау сөз сөйлеп, лагерь
тынығушыларын демалысты сәтті өткізіп,
жақсы қырларымен көрінуге шақырды.
Лагерде демалатын оқушыларға сал-
танатты түрде жолдама беріліп, эмблема
мен сары түсті галстук, ал тәрбиешілерге
қызыл мен жасыл түсті галстук пен әмблема
тағылды. Екі маусымнан тұратын бала-
жайдың алғашқы кезеңі қызыққа толы,
түрлі ойындармен балаларға қуаныш сый-
лайды. Маусымның әр күнінде мерекелік
және балалар денсаулығын жақсарту ба-
ғытындағы іс-шаралар, спорттық жары-
стар мен ойындар ұйымдастырылады.
Лагерьде балалар демалысының басы-қа-
сында жүрген мұғалімдер әр балаға ерек-
ше ықылас бөліп, олардың сабақ барысын-
да ашылмаған жаңа қырынан танылуы-
на, мұғаліммен, оқушылармен достар боп
сырласуына қажетті барлық жағдайды жа-
сауға тырысады. Мәселен, әр топта ойын-
сауықпен қатар әр-түрлі спорттық ойын-
дар, психологиялық тренингтер, дәрігер та-
рапынан медициналық таза ауада өткізілетін
гимнастикалық жаттығулар, экскурсия мен
серуендер үнемі өткізіліп тұрады. Ал, ба-
лалардың достық қарым-қатынасы, аза-
маттық сезімдерінің қалыптасуы үшін ла-
герьде жорықтар, көңілді кештер өткізіледі.
Лагерьге келген оқушылардың денсаулығын
мектеп медбикесі күнделікті тексеріп, олар-
мен сауықтыру іс-шараларын жүргізеді.
Балалардың сапалы тамақтануы да назардан
тыс қалмай, тағам мәзірі жіті қадағаланады.
Күндерін таңертеңгі жаттығудан бастаған
балалардың демалыстарын тиімді әрі қы-
зықты ұйымдастыру бағытында жұмыс жо-
спары жасақталып, әр күні әр тақырыпта
шаралар өткізіледі.
- Жыл сайын әр ауысым бойынша әлеу-
меттік жағынан аз қамтылған отбасының
балалары лагерьдің белгіленген кестесіне
сай демалады. Балалардың бос уақытын
тиімді әрі қызықты ұйымдастыру бағытында
жұмыс жоспары құрылып, шаралар өткі-
зіледі. Балалар таза ауада шынығып қана
қоймай, туған өлкеміздің ғажап табиғатымен
және тамыры терең тарихына қанық болады.
Олардың бойынаадамгершілік қасиеттерді
сіңіру – біздің басты мақсатымыз,-дейді мек-
теп гимназияның әлеуметтік педагогы, лагер
басшысы Даражан Кисикова.
Балалардың әр күнін көңілді өткізуге ат-
салысып жүрген лагер ұйымдастырушысы,
бастауыш сынып және денешынықтыру пәні
мұғалімдерінің, медбикенің, дәмді ас мәзі-
рін даярлайтын аспазшылардың еңбегі зор
екендігі анық.
Балалардың жүрегіне ізгілік пен қуаныш
сыйлай ашылған жазғы «Қарлығаш» тынығу
лагерінде демалушылар бос уақыттарын
мағыналы өткізіп қана қоймай, белгілі бір
бағытта білімдері мен қабілеттерін жетіл-
діріп қайтатыны сөзсіз.
Кеш соңында жеке кәсіпкер Ұзақов Қази
өзінің балмұздақтары мен кеңсе заттарын
сыйға беріп, балаларды қуантты.
Қымбат БЕРДЕШ
Әлемде бауыр еті баласын қазақ секілді
өз елінің болашағы, өз ұлтының ұрпағы деп
жоғары бағалап, оған айрықша мән беретін
– ұлт немесе халық жоқ сияқты көрінеді
маған. Дана халқымыз «балалы үй базар, ба-
ласыз үй мазар» деп бекерге атйпасы анық.
Осы ретте «ұрпағын ойлаған — ұлт оза-
ды» деп халық жазушысы Расул Гамза-
тов айтпақшы біздің ұрпағымыздың әлі та-
лай ұлы істерді жасап, биік белестерді
бағындаратыны сөзсіз дегім келеді. Оған
елімізде толық мүмкіндіктер бар және оған
сенімім мол. Өйткені еліміздің көрегенді
көшбасшысы, балалардың шынайы қамқор-
шысы Нұрсұлтан Әбішұлының бастама-
сымен балалар болашағының көкжиегіне
түрлі сан тарау жолдар ашылуда. Парасат-
ты да пайымы терең дана президентіміздің
арқасында тәуелсіз мемлекетімізде бала-
лардың құқықтары мен бостандығы жоғары
дәрежеде қорғалуда. Оларды өмірдің түр-лі
соқпақтарынан қорғауға әлеуметтік жағдай-
лар мен қолдаулар жүйелі жүзеге асып ке-
леді.
Өткен сенбіде «Қаз Ғарыш Сапары»
мекемесінің мәжіліс залында «Нұр Отан»-
балаларға» республикалық акциясы аясын-
да «Бақытты балалық шақ» партиялық жоба
бойынша облыстық және аудандық мәслихат
депутаттары, кәсіпкерлер мүмкіндігі шек-
теулі және аз қамтылған отбасындағы ба-
лаларға сыйлықтар табыстады. Шараға
мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған
отбасындағы балалардың ата-аналары, об-
лыстық және аудандық мәслихат депутатта-
ры, кәсіпкерлер, Этносаралық қатынастар
жөнінде Байқоңыр қаласы және Қармақшы
ауданы бойынша сарапшысы, БАҚ өкілдері
қатысты. «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр
филиалы төрағасының бірінші орынбса-
ры Ә.Дәуленбаев, аудандық мәслихат депу-
таттары М.Есщанов, Ж.Тлеуғабылова және
жеке кәсіпкер, партия белсендісі Жұма-
дияров Сейл мүмкіндігі шектеулі және
аз қамтылған отбасындағы балалардың
ата-аналарына өздерінің ізгі тілектерін
айтып, балалар елімізідің болашағы, әр-
қашан да көмек беруге дайынбыз деп
сөздерін қорытындылады. Көп балалы ана
А.Жанғасқаева ата-аналардың атынан әрқа-
шанда біздей жандарды ұмытпай, көмек
беріп жүрген азаматтарға алғысымызды біл-
діреміз деп өз сөзін аяқтады.
Иә, бала біздің болашағымыз, сондықтан
туған елде бөтен бала жоқ, болмайды да.
Осы даналы сөзді есте сақтап, әрбір қазақ
отбасындағы бала елдің ертеңі, нұрлы бо-
лашағымыздың кепілі екендігімізді ұғы-
нуымыз керек.
«Бала өмірдің гүлі, көңілдің нұры» де-
мекші балаларымыз аман сау өсіп, бақытты
жанұяның сәні мен мәніне айналсын дегіміз
келеді.
«Бәйтерек - Байқоңыр» апталығы
№ 24 (602) 10 маусым (жұма) 2016 жыл
3
ÒÅÐÐÎÐÈÇÌ – ÒÅÐІÑ ÆÎË
ÀÓÛËÄÛҢ ÒÀÇÀËÛҒÛ – ÕÀËÛҚÒÛҢ
ÀÉÍÀÑÛ
ОРАЗАДА ШӨЛДЕМЕУДІҢ
АМАЛДАРЫ
Биыл Рамазан айы негізінен маусым-
шілде айларымен тұстас келетіндіктен,
ораза ұстайтындар үшін шөлге шыдау мә-
селесі аса маңызды болып табылады. Осы
күндері күннің астында жұмыс істейтіндер
де кездеседі. Сол кездерде организм көп су
жоғалтса, адамның басы айналып, ыстығы
көтеріліп, жүрегі айнып, тіпті құсуы да
мүмкін. Ендеше, жаздың ыстық күндерінде
ауыз бекіткенде, шөлдемеу үшін не істеу ке-
рек?
Енді осы жөніндегі аздаған кеңестерге
құлақ түріңіздер.
1. Шәй, кофе, газдалған сусын мен ал-
коголь ішпеген дұрыс. Оларда кофеин мен
химиялық қоспалар болғандықтан, шөл
қанудың орнына, организмді қайта сусатуға
әкеліп соқтырады.
2. Ауыз бекітерде бір шым-шым тұз
салынған бір кесе тұзды су ішсеңіз, орга-
низмнен су шығу үрдісі тежеледі. Әркімнің
қажетіне қарай адамдар су мөлшерін әрқалай
қабылдайды. Өте белсенді адам тәулігіне 2-3
литр су ішуі керек. Су, көк шәй және әртүрлі
шөптерден жасалған шәй шөлді жақсы
қандырады.
3. Ораза кезінде тамақ ішкенде өте
ащы, тұзды, қуырылған, майлы және тәтті
тағамдар жемеңіз. Қуырылған және майлы
тағам асқазан мен ішекті тітіркендіреді және
өте баяу қорытылады. Ал ащы, тұзды және
тәтті тағамдар болса адамды шөлдетеді. Осы
жағдайларға байланысты таңертең ботқа же-
ген өте тиімді. Ботқаның қорытылуы оңай,
организмге пайдалы, жеңіл тағам. Сонымен
қатар, ботқа жеген адам белгілі бір дәрежеде
күні бойы тоқ болады.
4. Қырыққабат, сәбіз, картоп, кәді сияқты
көкөністерді мейлінше көбірек жеңіз.
5. Ауыз бекіткенде алма, жүзім, апельсин,
алмұрт сияқты жемістерді жемеген дұрыс.
Өйткені, олардың құрамында қышқыл көп
болғандықтан, күндіз адамды шөл қысуы
мүмкін.
Серікқазы КƏКІБАЛАНОВ
Әр ауылдың тазалығы, сәулетті, сәнді
болуы тұрғындардың өзіне тікелей байла-
нысты. Тазалық – ауладан басталады. 2016
жылдың 10 наурыз – 10 маусым аралығы
көркейту, көгалдандыру және санитарлық
тазалықтың екі айлығы болып жариялан-
ды. Осыған байланысты Ақай ауылдық
округі тазалық жұмыстарын жүргізу мақ-
сатында 8 аймаққа бөлінген және ауыл
әкімі аппаратының қызметкерлері мен ме-
кеме басшылары әр аймаққа жауапты бо-
лып бекітілді. Ауыл аумағында 876 тұрғын
үй және 42 кәсіпкерлік нысаны орналасқан.
Аталған нысандарға күл-қоқыстан арыл-
ту, үй маңын тазалау, сыртына тазалық,
әрлеу-сырлау жұмыстарын жүргізу, жа-
сыл желек отырғызу туралы ескертпе хат-
тар таратылды. Ауыл бойынша көркейту,
көгалдандыру және санитарлық тазалықтың
екі айлығының қорытындысы бойынша
ауылдық округ тұрғындарын ынталанды-
ру мақсатында бекітілген іс-шара жоспа-
рына сәйкес «Үлгілі үй тұрғыны», «Үлгілі
кәсіпкерлік нысаны», «Үлгілі мекеме» но-
минациялары бойынша байқау жарияланған
болатын . Осыған байланысты 2016 жылдың
1 маусымында Ақай ауылдық округі әкімінің
көркейту-көгалдандыру және тазалықтың
2 айлығын өткізу жөніндегі 2016 жылғы 9
наурыздағы №53-Ө өкімінің 1-қосымшасына
сәйкес бекітілген комиссияның шешіміне
сәйкес 2016 жылғы 10 наурыз – 10 мамыр
аралығында өткізілген көркейту-көгалдан-
дыру және санитарлық тазалықтың екі айлы-
ғын өткізуде белсенділік танытқан ауыл тұр-
ғындары Ш.Құдайбердиев көшесі, №3 үй
тұрғыны Абдиева Кулзира, Абай көшесі, №6
үй тұрғыны Бакенов Қуанышбай, Д.Қонаев
көшесі, №11 үй тұрғыны Пұсырманов Ары-
станбек, Ғарышкерлер көшесі, №10 үй
тұрғыны Бижанова Айнагүл, Қорқыт ата
көшесі, №26 үй тұрғыны Рзалиев Еркін,
І.Жансүгіров көшесі, №37 үй тұрғыны
Ерікбаев Бақытбек жеңімпаз атанып, «Үлгілі
үй тұрғыны» номинациясы бойынша мара-
патталды.
№19 «Балдәурен» ясли-бақшасы» мемле-
кеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
(басшысы – Жайлханова Райхан) «Үлгілі ме-
кеме» номинациясы бойынша марапаттал-
ды.
«Мақсат» дүкені (жеке кәсіпкер Сауытбе-
ков Болат) «Үлгілі кәсіпкерлік нысаны» но-
минациясы бойынша марапатталды.
Сонымен қатар, көркейту-көгалдандыру
және санитарлық тазалықтың екі айлығын
өткізуде белсенділік танытып, берілген тап-
сырмаларды тиянақты, өз мерзімінде орын-
дап, зор жауапкершілік танытқаны үшін
ауыл тұрғындары: Байдельдинова Эльви-
ра Ықыласқызы, Құлахмет Самал Сегіз-
байқызы, Баймбетова Кенескүл Жеткербай-
қызы, Рахманова Нұржамал Нұрланқызы,
Сүлейменова Гүлнар Байғарақызы, Муста-
фаев Күнтуған Аманбайұлы ауыл әкімінің
мадақтамасымен марапатталды.
Д.Тажимбет,
Ақай ауылдық округінің әкімі
аппаратының бас маманы
Біздің қоғамымыз қазіргі жаһандану за-
манында өркениетті және дамыған ел-
дер қатарына қосылуға, алдыңғы қатарлы
қауымдастықтардың ортасынан лайықты
орын алуға талпынуда. Бірақ Ақтөбедегі
келеңсіз оқиға Қазақстан аумағында әлі де
біршама күрделі де қайшылықты мәселелер
бар екенін байқатты. Соңғы уақытта әлем-
де жиі көрініс беріп кеткен террорлық ак-
тілердің тізбегі, сонау Париж бен Брюс-
сельден біздің жерімізге де жетті. Өкінішке
қарай, осы террорлық әрекеттерді ислам
дінін жамылған, өзіндік әлеуметтік әділет-
тілікті іздеуге тырысқан азаматтардың кей-
бір топтарының жасайтындығы. Әрине,
олардың осындай жаңылысу қадамдарынан
мұсылман дінінің мәні түбегейлі бұрмалан-
ғанын көреміз.
Лаңкестердің кескін-келбеті, аты-жөндері
бұқаралық ақпарат құралдарында, әсіресе,
интернетте жарияланып та үлгерді. Олардың
басым көпшілігі өзіміздің қазақтар. Кеше ғана
ұлттың ішінен тәрбиеленіп шыққан жігіттер.
Бақытсыздықтың ең үлкені – қолға қару алу
арқылы әділеттілік іздеу. Өзінің көзқарасын,
тілек-талабын өзара сұхбат арқылы шешу
өркениеттіліктің, мәдениеттіліктің белгісі
екенін түсінетін кез келді. Құрбан болған
азаматтар да негізінен қазақтар. Бұл не деген
сөз. Белгілі бір теріс күштердің ұлттық ішкі
бірлігімізді шетінетуге, адамдардың бір-бі-
ріне қатынасын барынша салқындатуға ба-
ғытталған қадамдар.
Қолға қару алып, көпшіліктің де, жеке
адамның да мүддесін қорғау мүмкін емес.
Ол тарихта өткен қоғамдардың еншісіндегі
қисынсыз дүниелер, енді көп мәселені ашық
түрде, қоғамдық келісім арқылы шешетін
қоғамға айналуымыз керек. Бұл талап-
ты «ашық қоғам» теориясын алға тартқан
батыстық қоғамтанушы мамандар үнемі
ескертіп отырады. Осындай қадамдардың
шын мәнінде өмір қажеттілігі екенін зер-
делеп те үлгердік, яғни «демократия» де-
ген құндылық адамның саяси болмысын
айғақтаудағы басты бағдар екенін көзі ашық
ағайын байқап отыр.
Тәуелсіздікті күн өткен сайын бекітуге,
нығайтуға арналған жиырма бес жыл да өтіп
келеді. Бұл дегеніңіз, ширек ғасыр және та-
рих үшін көп те емес, аз да емес. Өткен тарихи
кезең еліміз үшін түп-түзу сызықтай болды
деуге болмайды. Оның қомақты жетістіктері
де, өзіндік әттеген-айлары да болғанын жа-
сырмау керек. Ең бастысы – қоғамымыз
бұрынғы қыспақтарда тоқырап тұрып қал-
ған жоқ, кейін қарай құлдыраған жоқ, ыды-
рап кетуге жол берілген жоқ, негізінен
жіберілген қателіктерді жеңе отырып алға
жылжуға ұмтылумен болды. Көптеген заң-
дар өзгерістерге ұшырады, нарықтық қа-
тынастардың негізгі тетіктері жұмыс істей
бастады, демократияландырудың практика-
лық сабақтарын ала бастадық.
Енді жылдар бойы әртүрлі салаларда
жинақтаған құнды дүниелерімізді шашпай-
төкпей өркендетуімізге бет бұратын уақыт
жетті, яғни әрбір азаматымыздың мағыналы
өмірінің ұйымдастырылуына, оның тұлға
ретіндегі өзіндік ерекшеліктерінің паш
етілуіне назар аудару міндеті алға шыға
бастайды. Қоғамның негізгі байлығы –
адам, оның мүдделері, оның өмірі мен ер-
кіндігі. Осы сан қырлы адам болмысының
бір сипаты саяси саладағы сауаттылық.
Сондықтан, қазіргі кезеңде адамның саяси
дүниетанымының шынайы сипатта өрбуі өте
маңызды мәселе, өйткені, ол өзінің тұлғалық
еркіндігінің бір қырын сайлауға дауыс беру
арқылы қатысуымен немесе сайлануымен
білдіре алады.
Еліміздің ертеңін ойлауымыз оның жас-
тарының қандай құндылықтарды қадір тұ-
татынымен, асқақтататынымен астасып
жатады, бұл мәселеге үстірт қараушылық
қоғамда қадау-қадау мәселелерді туындата-
тынын, кейбір ауытқушылықты өрбітетінін
өмір көрсетіп отыр. Діни сипаттағы лаң-
кестік, әлеуметтік мәселелерді шешу-
де криминалдық жолды таңдау жастардың
бойына сіңе беретін болса, онда олардың
ішіндегі рухани дағдарыс ұлғая түседі.
Оған жеткізбеудің жолы қоғамдағы рухани
тәрбиені дұрыс жолға қоя білу, жастардың
рухани әлемінің назардан тыс қалмауы. Осы
мәселенің төңірегінде Қазақстанның барлық
өңірлері барынша белсенділік танытса құба-
құп деген ойдамыз.
Біз қазір халқымыздың зияткерлік ұлтқа,
алдыңғы қатарлы қауымдастыққа айнал-
ғанын қалаймыз. Ол дегеніңіз, шын мәнінде
тек өз басының қамын ойлаған тұтынушы
қоғамның ұстанымдарымен ғұмыр кешетін
жас ұрпақты тәрбиелеу емес. Керісінше,
ақиқатқа құмар, еркіндікті сүйетін, жан-
дүниесінде руханилықтың жылуы бар,
қоғамдағы барлық мәселелерді өз бойы-
нан өткізетін, басқаларға көмек беруге дай-
ын тұратын білімді жастарды тәрбиелеу,
жаңа әлеуметтік организмді қалыптастыру.
Сондықтан, қоғамымызда болып жатқан кез
келген саяси, мәдени оқиғалардан әрбір аза-
мат шеттеп қалуға болмайды. Ол – біздің
ортақ тағдырымыз, еліміздің бүгіні мен бо-
лашағы.
Ғаламтормен қаруланған жас ұрпаққа
шынайы өзара араласу, өзара біріге өмір
сүру тәжірибесі жетпейтіндей әсер қал-
дырады. Жалпы, қазақ халқы да, түркілер
ділі де этикалық құндылықтарды жоғары
дәріптеген, осы игі дәстүріміз жаңа за-
манның материалистік, прагматистік бағ-
дарымен қайшылыққа түсіп жатқаны да
белгілі. Осыған орай қазіргі заманның қай-
шылықтарының түпкі астары болашағымыз
қай бағытта өрбуі тиімді деген сауалдың жа-
уабын табумен астасып жатады.
Шығармашылығын, өз дарынын шек-
теген адам өзін әлеуметтік механизмнің
қосалқы тетігіне айналдырады. Сондықтан,
мемлекеттік органдар тарапынан жастардың
барлық жерде маргиналданып кетпеуін ба-
қылап отырған жөн. Өйткені, ондай жағдай
әртүрлі діни ұйымдарға мүше болуға ба-
рып тіреуі де мүмкін. Міне, осыған орай
қабілетті, белсенді, абзал адамды қадірлеу
дәстүрін қалыптастыруға, дамытуға барлық
аймақтарда талпынсақ, онда елімізге демо-
кратияланудың жаңа бір лебінің қоғам бол-
мысына келіп жеткеніне куә боламыз, келең-
сіз әрекеттерге жол бермейміз.
Cерік НҰРМҰРАТОВ,
Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитетінің Философия,
саясаттану және дінтану
институты директорының
орынбасары, философия
ғылымдарының докторы, профессор,
АЛМАТЫ
№ 24 (602) 10 маусым (жұма) 2016 жыл
4
«ÆÀÑ ҚÀËÀÌ» ÁÀËÀËÀÐ ØÛҒÀÐÌÀØÛËÛҒÛ
Достарыңызбен бөлісу: |